ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І – ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының мәселелерінің жалпы сипаттамасы және белгілері
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі

ІІ – ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары
2.2 Мемлекеттік қымет пен басқару мүддесіндегі өзгеде қылмыстар

ІІІ- ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН БАСҚАРУ МҮДДЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН – АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі – сыртқы жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мемлекеттік қызмет мүдделерге қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдында ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек теп есептеймін.

Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Осы мемлекеттік қызмет мүдделерге қарсы қылмыстар тақырыбын таңдаған мақсатым осы қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар, Қазақстан Республикасының шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар, Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмастар, әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қалмыстар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар, басқару тәртібін қомтамассыз ететін жепелеген ережелерге қол суғатын қылмыстардын мән-жайларын, түрлерін, топталуын және құрамын толығымен ашуға бағытталған.

Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататынын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін сезінеді.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңын, «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 10.25-тармағын іске асыруға бағытталған. Еңбек пен қаржы ресурстарының теңгерімділігі және іс-шаралардың қосарлас жүргізілуін болдырмау мақсатында осы Бағдарлама «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» және «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес» бағдарламаларымен үйлестірілген.

Бағдарлама мынадай функционалдық қағидаттардың: кешенділіктің, жүйеліліктің, сабақтастықтың, іске асырылушылық пен атаулылықтың, пәрменділік пен нәтижеліліктің орындалуына негізделеді.

курстық жұмыс / 33 бет


Тағы рефераттар