Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі туралы қазақша реферат

Мемлекеттік органдар атқаратын қызметінің сипатына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Айталық мемлекеттік органдар өкіліттігінің шеңберіне сай үш түрге бөлінеді: атқару органдары, өкілетті органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің рөлі мен маңызы өте зор деп айтыға толық негіз бар.Президент билігі жалпы жоғарыда аталған билік көзінің ешбіріне де жатқызылмайды, себебі Президент қызметінің ең басты қызметі — ол мемлекеттік биліктің бір біріне қайшы келмей үйлесімді қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады. Президент — ол мемлекеттің басшысы және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға құзреті бар бірден-бір жоғарғы мемлекеттік ең лауазымды адам болып табылады. Менің өз пікірім бойынша жалпы бізде мемлекетіміздің, яғни Қазақстанның Президентік басқару нысаннында болғанын орынды деп бағалаймын себебі, егеменді ел болып,  енді ғана өз мемелекетіміздің іргесін қалап, оны қалыптастырып және нығайту кезінде мемлекеттік басқарудың орны айрықша маңызды әрі біздің жас мемлекет үшін стратегиялық мәні айтып жеткізгендей.

1.Мелекеттік билік органдарға жататындар: Парламент, Президент және жергілікті әкімшілік-құқықтық бөліністердегі мәслихаттар.

2.Мемлекеттік атқару органдары: үкімет және оған қарасты минстірліктер мен ведомостволар, жергілікті басқару органдары, әр түрлі деңгейдегі әкімдер жатады.

З.Сот және құқық қорғау органдары да мемлекеттік аппарат болып табылады. Енді осы алған мемлекеттік апаратқа немесе органдарға толығырақ сипаттама беріп кетелік:

Жоғарғы өкілетті орган.

Жоғарғы өкілетті органды ең алдымен халық сайлайды және ол заң шығару қызметін жүзеге асырады. Біздің мемлекетімізде, яғни Қазақстанда Жоғарғы өкілеттік орган болып Қазақстан Республикасының — Праламенті табылады. Оның өкілеттігінің шегі төрт жыл деп Конституцияда көрсетілген. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұрады. Олар Сенат.

Мәжіліс. Сенат депутаттары әрбір облыстан немесе Республикалық мәні бар қалалардан тиісінше екі адамнан жергілікті маслихаттардың сайлауы арқылы жүргізіледі.Сонымен қатар Парламент Сенатындағы 7 сенаторды Қазақстан Республикасы Президентінің өзі тағайындайды. Мәжіліс депуттатарын сандық көлемі бойынша теңдей болып келетін әр түрлі әкімшіліктерден тікелей сайлау арқылы жүзеге асырылады және ондағы депутаттарды жалпы саны 67 адам. Парламент заңдар қабылдайды және заңда белгіленіп берілген өзге де көлемде өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.

Атқару билік. Атқару билік жалпы Үкіметтің қолында жинақталады. Үкімет басқаруды жүзеге асқарады және қабылданған заңдардың орындалуына шаралар белгілеп, оны іс жүзіне асырады. Үкіметің басшысы болып Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен және Парламаенттің мақұлдауымен тағайындалған премерь-минстр танылады. Үкметтің құрамында түрлі минстірліктер мен ведомоствалар болады және оларды минстірлер басқарады. Әрбір миністірлікке өзінене тән қызмет пен қоғам және экономика саласын басқару бекітіліп берілген, сондай-ақ олар Үкмет жетекшісінің басшылығымен оны жүзеге асыруға міндетті және оның тиісті орындалуы үшін жауапты болады. Қазақстан Республиксының Үкіметінің  құрылымдық сипатына келер болсақ,  ол 14 минстірліктен және 10 мемлекеттік комитеттен құралған. Бұл аталған құрылымдар өз өкілеттігіне сай бұйрықтар мен қаулылар, ережелер қабылдайды,  оның орындалуын тиісті әкімшіліктерге, яғни төменгі атқару органдарына жүктеуге құқылы. Үкмет өзінің құзретін тек Конституциялық шекте ғана жүзеге асыруға міндетті және басқа билік салаларына заңсыз араласуына жол берілмейді. Қазақстан Республиксының Президенті қажет жағдайда Үкметті таратуға, яғни отставкаға жіберуге құзретті. Мемлекетте атқару билігі осал болса ол қоғамда, жалпы мемлекетте өте қолайсыз жағдайлардың орын алуына жол беріледі де нәтижесінде кез-келген мемлекеттің болашағына және тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бірақ атқару билігі қатаң тәртіп орнатамын деп қоғамдағы демократиялық құндылықтарға қиянат жасамауға тиіс. Үкіметтің кез келген мүшесін қазіргі заңда жаңа белгіленген тәртіпке сәйкес Парламент қарауына, тыңдауға, есеп немесе түсініктеме беруді талап еуге құқылы, ал ол минстрлер үшін міндет болып табылады. Қазақстанда Үкметтің құқықтық статусын белгілейтін арнайы қабылданған заң бар[2].

Сот билігі. Сот билігі — ол биліктің жеке бір тәуелсіз әрі өте маңызды саласы болып табылады. Жалпы сот билігінің шынайы тәуелсіздігіне және әділдігінің өте маңызы бар. Себебі демократиялық қоғам қалыптастырып дамыту үшін ол басты әрі шешуші рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот билігін тек сот органдары ғана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын және Қазақстан Республикасы сот жүйесін Жоғарғы Сот пен жергілікті әкімшіліктердегі аудандық, қалалық және облыс орталықтарында орналасқан соттар құрайды.Соттарды тағайындау арнайы заңдар бойынша жүзеге асырылады және олар біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті, ал сот судияларын таңдауды немесе ірктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Конституциялық Кеңес жүзеге асыруға міндетті. Қазақстанда Жоғарғы сот құрамын сот пленумы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқа мен әскери алқа құрайды. Сот билігінің төрелігін Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппараттар жүйесінде Сот Кеңесінің алатын орыны өте зор. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық сот деп аталған. Қзақстандағы сот билігінің деңгейін қазір қанағаттандырарлық деп бағалауға толық негіз бар. Сот алдында азаматтар да заңды тұлғалар тең және мемлекетке де жеке дара жеңілдіктер көзделінбеген. Сот билігі кез-келген мемелкет үшін аса маңызды аппарат болып табылады. Біздер осымен жалпы билік салаларына сипаттама беріп өттік және осы биліктің құзретімен құқықтық жағдайына сәйкес қарастырдық.Сот билігін, яғни сот төрелігін тек қана сот органдары ғана жүзеге асырады және соттың рөлін қандайда болмасын басқа мемлекеттік немесе өзге де органдар атқара алмайды [3].
Тағы рефераттар