Мерзімді жұмыс істейтін тұндырғыштар туралы қазақша реферат

Мерзімді жұмыс істейтін тұндырғыштарда араластырғыш құрылғысы жоқ бассейн болады. Бұл тұндырғышқа суспензия құйылып, қатты зат аппарат түбіне тұнатын уақытқа шейін тыныштық күйде тұрады. Одан соң сұйық жиналған қабатты декантациялайды, яғни тұнба деңгейінен жоғары орналасқан сифон түтігі немесе шүмегі арқылы сұйықтықты бөліп алады. Соңында тұрақсыз қозғалмалы сұйық қоймалжың масса — шламды аппараттың төбесінен қолмен шығарып алады, немесе төменгі ағызатын құрал арқылы сыртқа шығарады.

Мерзімді жұмыс істейтін аппараттардың көлемі мен пішіні дисперсияланатын фазаның концентрациясына және ондағы бөлшектердің пішініне байланысты болады. Егер де бөлшек неғұрлым үлкен болып және оның тығыздығы көп болса, онда аппараттың диаметрі соғұрлым кіші болады. Тұндыру жылдамдығы температураға және сұйықтықтың тұтқырлығына тәуелді, егер температура өссе жылдамдық кемиді, және жылдамдық тұтқырлыққа кері болғандықтан, тұтқырлықтың да әсерінен жылдамдық өзгеріске ұшырайды.

Тұндыру процесінің жылдамдығын арттыру үшін суспензияны қыздыруға қыздырғыш элементтер қолданады. Оларды процеске бөгет жасамайтындай етіп құрастырады және орналастырады. Элементтерді бірдей температура және сәйкесінше, сұйықтықтың бірдей тығыздығы орнау үшін тұндырғыштың бойына тік орналастырады.

Аз мөлшердегі сұйықтықтарды тұндыру үшін конусты түбі бар, қалдықты шығаратын тесігі немесе шүмегі бар және сұйықтықты құйып алатын, әр түрлі биіктікте корпусқа орнатылған шүмектері бар вертикаль орналастырылған цилиндрлі резервуар тұндырғыштарды қолданады.
Тағы рефераттар