Міндетті резервтер нормасы туралы қазақша реферат

Акшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы колма-кол акшаның мултипликациялан байтындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадагы айналыс жылдамдыгына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса акша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады.

Міндетті резервтер нормасы — коммерциялық банктің жалпы міндеттемелеріне (немесе банктің тартқан ақшалай қаражат сомасына) катысты белгіленетін, коммерциялық банктің Орталық банкте міндетті түрде сактауға тиісті міндетті ақшалай резервтер сомасы. Міндетті резерв нормасы бұл коммерциялық банктердің клиенттер алдындағы міндеттемесін тұрақты орындауын қамтамасыз ететін кепіл қорының шамасын белгілейді. Мұндай норма Орталық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралы ретінде пайдаланылады

Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл — айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағы-мен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
ҚР Ұлттык банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді акша-несие саясатынның аспаптарын пайдаланады.

Халыкаралык тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жогарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстагы ақша массасы кемиді.

Қазакстанда 1993 жылдыц каңтарынан 1994 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20%-дарга белгіленді, 1994 жылдың мамырынан бастап ол тецгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтеріледі. Міндетгі резерв нормаларыныц арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуіне себепші болды.

Банк резервтерінің (Ұлттык банктің корреспонденттік шоттарындагы қаражат) артыгымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы тәртібіне көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ -экономикалық нормативтерді орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте резервтік талаптардан кем ұстамауга тиісті болатын. Ал, резервтік талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ға дейін кемісе, 1996 жылдан бастап 15%-ға дейін төмен түеіп кетті.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта каржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.
Тағы рефераттар