Монғолдардың Коре еліне жорығы туралы қазақша реферат

Монғолдар Корелықтарға 13 ғасырдың басынан жорықтар ұйымдастыра бастады. Алғашында монғолдардың Корелықтармен қатынасы достық деңгейді болды, өйткені қидандықтарға өқарсы әрекеттер жүргізіп отырған. Осылайша монғолдар Коре территориясына енді және Коре елінде өзінің 40 өкілін тастап оларға коре елінің тілі мен мәдениетін зерттеу деген тапсырма берді.

Сол жылы корей сарайына монгол елшілері «үлкен ағалық»-мыс қамқорлық көрсету мақсатымен жіберді, яғни өзіне тәуелді елге айналдыруды көздеді. Корей еліндегі Чхве Чхунхонның  қаза табуы таққа талас, ұлт басшылары арасында қырқыстың және батыс және солтүстік шекарада қозғалыстардың басталуы монғолдардың қойған талабын қабыл алуға итермеледі.

Осы кезден бастап монғол елшілері Коре еліне салық жинау үшін келіп отырды. Осындай елшілердің келуі тек 1221 жылы төрт рет орын алды.  Монғолдар тарапынан көрсетілген мұндай сорақылыққа Корелықтар шыдамай 1225 жылы келген елшілерді өлтіріп денесін моңғолдарға жібереді. Мұндай іс — әрекетті монғолдар соғыс ашуға түрткі деп қабылдап. Коре еліне қатысты жорықтарын бастады.

Тарихи деректерде монғолдардың корей еліне қанша жорық жасағаны жайлы көптеген пікірлер бар, біз соның ішіндегі ең шындыққа жақындарын есепке алып. Монғолдар корей еліне 5 жорық жасады деген ұйғарымға келдік.

Алғашқы жорық  монғолдар 1231 жылдың 9 айында жүргізді, ол кезде олар Қайтға қарсы жорықтарды бастап қойған болатын. Соған қарамастан Саритай бастаған әскер Аммокан теңізінің арғы жағынан бірақ шықты. Монғолдар Чхольчжу және Анбокпу бекіністерін еш қиындықсыз өздеріне бағындырды, ал Кучжу бекінісінің алдында үлкен қарсыластыққа тап болды. Осы жерде тұрақтамай монғолдар Кэген қаласына қарай бет алды, 1231 жылдың 12 айында Кэген қаласын қоршап алды. Ал әскерінің бір бөлігін Чхунчжу бекінісіне қарай жіберді.

Корелықтардың жігерлі қарсылықтарына қарамастан оларды өздерінің ыңғайына көндіріп Коре еліне салық мөлшерін 2-3 есе ұлғатты. Осыған Коре елінің басшылары қол қоюға мәжбүр болды.

Келісім шартқа қол қойғаннан кейін монғолдар Корей елінен өз әскерін шығарды, монғолдар көшпелі халық болғандықтан оларға малына жайылым жерлер керек еді, ал Корей территориясында ондай бос жерлер жоқ болатын барлығы дерлік егін шаруашылығына игерілген еді.

Осы жорықтан кейін Корелықтар екі есеге артық салық мөлшерін төлеуге мәжбүр болды деп жоғарыда айтып өттік, сонымен қоса ендігі жерде Корей елінен Солтүстік Қытайға жіберуге егіншілер мен қол өнершілерді талап етті. Осындай жағдайдан мезі болған корей халқы Чхве У басшылығымен Коер астанасын  Канхвадо аралында ауыстырады, аз уақыт ішінде хан сарайын салдыртып оның қорғанысына 1000 ерекше даярланған әскерін қояды. Монғолдар тарапынан қалдырылған өкілдерді қарусыз қалдыдырады.

Екінші жорық 1232 жылдың 8  айында басталды, бұл жолы да монғолдардың Кореға енуі тез жүзеге асты. Монғолдардың алғашқы мақсаты Пукке бекініс алу болды содан кейі олар оңтүстікке бет ала отырып Кэген қаласына соққы жасады. Сарай қызметшілерлі қаладан шығарылсада қаланың тұрғындары монғолдарға берілуге көнбеді, сондықтан оларға қатты қарысылық білдірді. Монғолдар Канхвадо аралына жете алмай  Кванчжу қаласына соққы береді, бұл ретте Коре елінгің әскерін Ким Юнху қолбасшы бастап, монғолдардың Саритай қолбасшысына жебесін дөп тигізіп монғолдардын бетін қайтарды.

Үшінші жорығы 1235 жылы монғолдар чжучжендердің Цинь империясын жаулап алып күш жинаған кезі еді, барлық жеңістер олардың Коре елінде де жеңіске жететінің кепілі сиақты көрінді. Расында да 1235 жылы монғолдар Коре елінің едәуәр бөлігіне енді, тіпті Тонджу, Наемнга қаларына дейін жетті. Үшінші жорық кезінде Коре елінің басшылығы монғол халқына өқарсы ешқандай іс — әрекет жасамады. Ал сол кезде халық жоғарыдан ешқандай бұйрық келмеседе өздері қарулы қарсылық көрсетті. Хыйген және Менчжун қалалрының тұрғындары өз белсенділігімен қарулы әскер құрып 1236 жылдың 7  айында монғолдарға қарсылық көрсетті. 9 айда Чукчу қаласының тұрғындары монғол әскеріне берілмей аянбай соғысты.

Нәтижесінде монғолдардың үшінші жорығы Корелықтар тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып ойланғанын іске асырамай қалды. 1236 жылдың соңына қарай коер мен монғолдар арасында бейбітшілікке келу жайлы келіссөздер жүзеге асты.1238 жылы Монғолия еліне коре елінің қолбасшысы Ким Бочжон аттанды, нәтижесінде 1239 жылдың 4  айында Коре елінен Монғол әскері шығарылды. Осы жылдың 8  айында Монғол елінен Канхвадо аралында орналасқан КОчжон қаласына сол кездегі астанаға 137 адамнан тұратын елшідер келді. Олар Коре еліне астанасын кері Кэгне қаласына ауыстырсын және Коре елінің басшысы монғол еліне келіп өз баласын кепіл ретінде қалдыруын талап етті. Бұл талап қабылданбағанмен Коре еленің басшысы баласы Синанды 1239 жылы монғол еліне жібереді.

Төртінші жорық 1247 жылдың 7 айында басталды. Монғолдар Емчжу қаласына дейін Коре еліне енді. Бірақ, сол кездегеі Темучиннің балалрының арасында таққа талас одан әрі әскери іс — қимылдарды жалғасытруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан 1248 жылы монғолдар коре ленің территориясынан өз әскерін шығаруға мәжбүр болды.

Бесінші жорығы 1253 жылдың 7  айнда басталды. Бұл жолы монғол әскерін жаңа қолбасшы — Амугань  бастап келді. Сонымен қатар монғол әскеріне коре елінің сатқындары Хон Бо-гвон секілділер көмектесті. Монғол әскері аз ғана уақыттың ішінде Коре еленің солтьүстік — батыс бөлігін жаулап алып оңтүстік — шығыс бөлігіне ұмтылды. Бірақ Чхунджу бекінісінен ары монғолдар жылжи алмады. Бұл бекіністің әскери іс қимвлдарын Ким Юнху қолбасшы басқарды ол өзін 1232 жылы монғолдармен соғыс кезінде көрсеткен болатын. Бекініс 10 ай қоршауда отырды, азқы түлік қоры біткенен кейін Ким Юнху құлдарға бостандық беріп солардың көмегімен монғолдарға қарсы шықты. 10 ай нәтиже шықпағанан кейін монғолдар әскер басын ері бұруға мәжбүр болды.

1254-1259 жылдар аралығында онғолдар тағы да бірнеше жорықтар жасаған бірақ бұл жорықты бір 1253 жылдан бастап бір кезең деп қарастыруға болады.

.

Тағы рефераттар