Протезді-ортопедтік көмекке зәру мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1)    өтініш;

2)    Мүгедекті сауықтыру жеке бағдарламасының картасы. 

Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінен беріледі.

Протезді-ортопедтік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жөндеу келесідей тұлғаларға  қарастырылған:

ü    ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне  теңестірілген тұлғаларға;

ü    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде  қызметтік міндеттерін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге;

ü    Ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында, басшылық және қатардағы құрамда қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедек болған тұлғаларға;

ü    Жалпы ауруы бойынша мүгедектерге;

ü    Бала кезінен мүгедектерге;

ü    Мүгедек балаларға.

Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек: 

1)     Ұлы Отан Соғысының ардагерлері – төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасын;

2)     Ұлы Отан Соғысының мүгедектері —  төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасын;

3)  жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне  теңестірілген тұлғалар – төлқұжат немесе жеке куәлік, жеңілдік алу құқығы белгісі бар зейнеткердің куәлігін және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

4)     Мүгедек балалар – паспорт немесе жеке куәлік, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

5)     бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері – төлқұжат немесе жеке куәлігін, зейнеткердің куәлігін, мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасын;

Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  келесідей құжаттарын:

1) бірінші, екінші, топ мүгедектері, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініш негізінде қамтамасыз етіледі;

2) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аймақтық органдары жасаған мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасын тапсыруы керек.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасынан көшірме;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) мүгедек балалар – жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасын;

4) мүгедектігі туралы анықтаманы.

Жеке көмекшінің қызметін және қимыл тілінің маманына мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазып,  келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасынан көшірме (түпнұсқа және көшірме);

2) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

3) мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқа және көшірме).

Егер Сіз өз бетіңізше арыз беруге мүмкіндігіңіз болмаса,  басқа адамға нотариалды растауды талап етпейтін сенімхат жазу арқылы уәкілеттік беруіңізге болады.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі өз бетінше қозғалуы қиындаған бірінші топ мүгедектеріне көрсетіледі. Қимыл тілінің маманы әлеуметтік қызметі кереңдік бойынша мүгедектерге беріледі. Бұл қызмет әр мүгедекке бір жылда 30 сағат көлемінде беріледі.

Есте сақтаңыз! Егер Сіз қимыл тілі маманының қызметін бір жылда 30 сағаттан аса пайдалансаңыз, онда сізге оның қызмет ақысын төлеуге тура келеді.

Орындық-арбаға мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазуы керек. Орындық-арбаны беру мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын, зейнеткерлік куәлігінің нөмірін, туған жылын, тұратын жерін, алынған орындық-арбасының атауын, алу күнін, алғандығы туралы белгісін көрсету тізімі бойынша беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы бойынша орындық-арбалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар орындық-арбаны жұмыс беруші қызметін тоқтатқан жағдайда немесе заңды тұлға жойылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс есебінен алады.

Есте сақтаңыз! Бөлмелік орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – жеті жыл, ал серуенге арналған орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – төрт жыл.

Шипажай-курорттық емделуге мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне белгіленген үлгі бойынша өтініш жазуы керек.

Арызға келесі құжаттарды тіркеуі қажет:

1)                арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2)    денсаулық сақтау мекемесі берген шипажай-курорттық  картаның көшірмесі;

3)    тұрғындарды есепке алу кітабы;

4)    мүгедектігі туралы анықтама мен мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасының көшірмесі;

Құжаттардың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы да беріледі, салыстырып болған соң сізге түпнұсқаны қайтарып береді.

Мұны білген (оқыған) жөн:

1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы. Онда мыналар қарастырылған:

ü    Мүгедектерді протезді-ортопедтік көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету ережелері ;

ü    мүгедекті сауықтырудың  жеке бағдарламасына сәйкес өз бетінше қимылдауы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші әлеуметтік қызметін және кереңдігі бойынша мүгедектерге қимыл тілінің маманын – жылына 30 сағат көлемінде беру ережелері;

ü    Мүгедектерді арнайы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету ережелері;

ü    Мүгедектер мен мүгедек-балаларға шипажайлық-курорттық емдеудің ережелері;

ü    Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдардың және арнайы жылжу құралдарының тізімі.

Пайдалы сілтемелер:

1)www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты («Заңдар» бөлімі);

2) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек адамдарға берілетін көмек», «мүгедек адамдарға көрсетілетін көмек түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар