Мультиплексор және демультиплексор туралы қазақша реферат

Рефераттың мақсаты: мультиплексор мен демультиплексордың жұмыс істеу принципін зерттеп, сұлбаларын жинау.

Жоспар:

  1. Мультиплексордың комбинпциялық сұлбасын жасау.
  2. Демультиплексордың комбинпциялық сұлбасын жасау.

Сандық системаларда ақпараттың көп түрі сымдар, кабельдер және платалaр проводниктерімен өтеді. Олар бір жерден екінші жерге екілік ақпараттық сигналдарды жібергенде қажет. Ал ақпаратты алыс жаққа жібергенде телефондық линиялар мен кабельдер қолданылады. Егер барлық ақпараттарды бір уақытта параллель линиялармен жіберсе, онда мұндай линияларға қажетті кабельдер ұзындығы өте көп және ондай байланыс өте қымбатқа түсетін еді. Осыны болдырмау үшін ақпараттарды бір сымның бойымен тізбектей өткізіп, жеткен жерінде ақпараттарды қайта параллельді түрге түрлендіретін құрылғыларды пайдаланады. Олар мультиплексор және демультиплексор деп аталады.

Мультиплексор — бірнеше сигналды-кірісі, бір немесе бірнеше басқарушы-кірісі және бір шығысы бар құрылғы. Мультиплексор бірнеше кірістерінің ішінен бір кіріс арқылы сигналдың шығысқа өтуіне мүмкіндік береді, бұл бір кірісті басқарушы сигналдың сәйкес комбинациясын беру арқылы алады.

Мультиплексордың 2 түрі бар

  1. Аналогты
  2. Сандық

Аналогты мультиплексор кірісті шығыспен тікелей электрлі түрмен қосады. Кірісі мен шығысы арасындағы кедергілері көп емес, шамамен оншақты ОМ-ға тең болады. Ал сандық мультиплексор кірісі мен шығысын электрлі қоспайды, тек кірістен шыққан логикалық дәрежені (0 немесе 1) шығысына көшіреді. Кейде аналогты мультиплексорды кілттер деп атайды.

Мультиплексорды коммутатор түрінде көрсетуге болады, ол бірнеше ақпараттық кірістердің ішінен бір кірісті шығысымен байланыстырады. Коммутатор рұқсат етуші (стробтаушы) және адрестік кірісі бар басқарушы схема арқылы жүзеге асады.

Адрестік кірістегі сигнал қандай ақпараттық каналдың шығысына қосылуын анықтайды. Егер ақпараттық канал n саны адресік кірістің m саны тең болса n=2, огда бұл толық мультиплексор деп аталады. Ал егер n<2 болса, онда мультиплексор толық емес деп аталады.

Рұқсат етуші (стробтаушы) кірісті мультиплексордің функционалды көрсеткішін кеңейтуге қолданады. Оларды мультиплексордің разрядын көбейту үшін және мультиплексордің басқа узелдермен синхронды жұмыс істеуін атқарады. Рұқсат етуші кірістегі сигналдар белгілі кірісті шығысымен байланыстыруына рұқсат беруіне де, бермеуіне де мүмкіндігі бар. Құрылғының барлық жұмысын да тоқтата алады. Басқарушы схема ретінде көбінесе дешифраторды қолданады. Сандық мультиплексорда коммутатор мен дешифратордың логикалық элементтері бірлеседі.

Xi логикалық сигналдар коммутатор кірісіне беріліп, коммутатор арқылы Y шығысына беріледі. Басқарушы схема кірісіне адрестік сигналдар Ак беріледі (ағылш. тілінен address). Мультиплексорде тағы қосымша басқарушы кірісі Е болады (ағылш. тілінен Enable). Ол кіріс сигналының шығысына У өтуін басқарады. Бұдан басқа кейбір мультиплексорлер 3 түрлі шығысы бары кездеседі. Екеуі 0 және 1 логикалық турде, ал біреуі сөндірілген шығыс түрде кездеседі. Үшінші түрінде шығыс кедергісі шексіз болады (жоғары импедансты Z-кейпі). Мультиплексордің ушінші қалпына ауыстыруын басқарушы сигналды ОЕ (ағылш. тілінен Output Enable) өшірумен іске асады.

Мультиплексор триггерлі құрылғыларда, жиілік түрлендіргіштерде  және  т. б. қолданылады. Мультиплексорді көбінесе параллельді екілік кодты тізбіектейге өзгерту үшін қолданылады. Ол үшін мультиплексордің ақпараттық кірісіне параллельді екілік кодын, ал адрестік кірісіне, бірнеше кірістен бастап соңғы кіріске дейін сигналды кезек-кезекпен қосу керек. Мультиплексорді MUX (ағылш. тілінен multiplexer) немесе  MS (ағылш. тілінен multiplexer selector) деп белгілейді.

Демультиплексор — сигналдың бір адрестік кірістен бірнеше шығысқа берілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Демультиплексорды DMX немесе DMS деп белгілейді.

Егер шығыстарының саны адрестік кірісінің санымен тең болса n=2 екілік демультиплексор немесе n=3 үштік демультиплексор, онда оны толық демультиплексор деп атайды. Егер n<2 немесе n<3болса, онда демультиплексор толық емес деп атайды. Кіріс сигналын күшейту үшін демультиплексор кірісінің алдына инвертор қойылады.

.

Тағы рефераттар