Мұнай эмульсияларының түрлері туралы қазақша реферат

Мұнай эмульсиялары көбінесе кері эмульсиялар, яғни су мұнайдың көлемінде тамшылар түрінде таралған системалар түрінде кездеседі.Мұндай системаларда дисперстік орта – мұнай, дисперстік фаза – су. Эмульсиялардың бұл түрі гидрофобты деп саналады.

Тура эмульсиялар, яғни мұнай тамшылары сулы ортада біркелкі таралған системалар сирек кездеседі. Мұндай эмульсиялар гидрофильді болып саналады.

Селективті еріткіштердігі сулы-мұнай эмульсиясы, майлы фракцияның ерітінділері, сұйық эмульсияның классикалық мысалдары.Сұйық диперсионды орталы МДЖ ішіндегі көбі-зольдер, гельдер, супензялар.Оларға отынның, майдың барлық түрлері, нативті мұнай және битумдар.Мұнай зольдері ретінде аз концентрленген МДЖ қолданылады

Мұнай эмульсиясының жіктелуі.

Эмульсияларды ішкі фазаға және сыртқы бөлікке боледі. Құрамында басқа сұйықтардың ұсақ тамшылары бар сұйықты дисперсті орта (сыртқы, жалпы фаза) деп, ал дисперсті ортада ұсак тамшылар турінде орналасатын сұйықты дисперсті фаза (айрылған фаза) деп атайды.

Дисперсті орта мен дисперсті фазаныңц сипаты бойынша эмульсияларды екі түрге боледі: I — тура турдегі (судағы мұнай), оларды (М/С) деп белгілейді.

II — Kepi түрдегі (мұнайдағы су), оларды (С/М) деп белгілейді.

(М/С) — эмульсиясында сыртқы фаза ролін су атқарады, сондықтан олар кез-келген арақатынастағы сумен жақсы араласады және жоғарғы электрөткізтікке ие болады, ал С/М эмульсиясы тек қана көмірсутегі сұйықтармен араласады және электрөткізгіш қасиеті болмайды.

Түзілетін эмульсия түpi мұнай мен су көлемдерінің арақатынасына байланысты және қай сұйықтың көлемі көп болса, сол сыртқы орта болып табылады.

Бірақ та, эмульгаторлардың ( яғни асфальтендер, нафтендер, шайырлар, парафиндер, тұздар және механикалық қоспалар) қатыстырылуымен мұнай мен судың араласуы кезінде түзілетін эмульсия түрлері өзгереді, өйткені, гидрофобтық қасиеттері бар эмульгаторлар (яғни суда ерімейтін, ал мұнайда еритін) С/М — (мұнайдағы су) түріндегі эмульсиясы тузіледі, ал гидрофильді қасиетке ие эмульгаторлар (суда epитін) (М/С) (судағы мұнай) түріндегі эмульсияны түзеді.

Көпшілік жағдайында, эмульсиядағы судың мөлшерін әдетте олардыың түci бойынша шамалайды:

— құрамында 10%-ке дейін суы бар эмульсияның түci мұнайдан ерекшеленбейді.

— 5-тен- 20% дейін суы бар эмульсияның түci қоңырдан сарыға дейін өзгереді.

— 25% — астам су болса — сары түске ие болады.

Кез-келген дисперсті жүйелердің, соның ішінде мұнайлы өнімдердің классикалық белгісі-дисперсті фазаның және дисперсионды ортаның, яғни гетерогенділіктің агрегаттық күйінің әр түрлілігі.

МДЖ – бұл олеодисперсті жүйелер, дисперсті орта полярсыз немесе аз полярлы, дисперсті фаза ретінде САВ, парафиндер немесе жүйеге арнайы қосылатын синтетикалық қоспалар, сонымен қатар технологиялық жабдықтардың коррозиясының өнімдері, механикалық қоспалар болады.

Агрегаттық күйі бойынша дисперсті фаза және дисперсионды ортадан тұратын екі фазалы МДЖ-н 8 түрге бөлуге болады. Көптеген жағдайда реалды мұнай жүйелері көшіруде, өңдеуде және қолдануда полигетерогенді болады, яғни үш және одан да көп фазадан тұрады.

Мысалы, мұнай атмосфералық айдау процестерінде екі дисперсті фазалы МДЖ болып келеді.Біріншісі-төмен қайнайтын компоненттердің қайнауы есебінен түзілетін-газды, екіншісі-нативті асфальтендер қатысқандықтан-қатты.Көшіру процесінде мұнайлы және газ конденсатты жүйелер бір мезгілде дипергирленген күйде болатын қатты және газды фазалы МДЖ.

  Кесте 1      

           Мұнай эмульсияларының түрлері 

Мұнай эмульсиялары

Құрамы

Су мұнайда таралған эмульсия түрі

Мұнай суда таралған эмульсия түрі

Дисперстік орта

Мұнай

Су

Дисперстік фаза

Су

Мұнай

Қасиеттері

Гидрофобты: суда қалқып шығады, бензинде біркелкі таралады

Гидрофильді: суда біркелкі таралады, бензинде батады

 

Эмульсияларды бұзу үшін тамшылардың бір-бірімен соқтығысуына жағдай туғызу қажет, яғни нәтижесінде олар бір-бірімен бірігіп ірі тамшыларға айналып және сұйықтардың қабаттарға бөлінуіне мүмкіндік жасауы.

Эмульсациялау үшін және тұзсыздандыру үшін көптеген әдістер қолданылады.

Олардың түрлері негізінен біріншіден, эмульсияға байланысты. Мысалы, кейбіреулері тұнбаға түссе, ал біреулері тұнбаға мүлдем түспей химиялық әдістер арқылы алынады. Электрогидратацияға ұшырайтын эмульсиялар да болады.

Екіншіден, деэмульсациялау әдісін таңдауда зауыттардағы жергілікті шарттарға байланысты. Тасымалдау алыс болған жағдайда деэмульсациядан бас тартуы да мүмкін. Ауыз суы жоқ зауыттар тұзсыздандыру процесін мүлде жүргізбейді.

Эмульсияларды бұзу үшін тамшылардың бір- бірімен соқтығысуына жағдай туғызу қажет, яғни нәтижесінде олар бір-бірімен бірігіп ірі тамшыларға айналып және сұйықтардың қабаттарға бөлінуіне мүмкіндік жасауы.

Мұнай суспензиялары — бұл орташа және ірі дисперсті МДЖ. Бос дисперсті кейде суспензия. Мысалы құрамында дипергирленген асфальтендерден басқа парафинді бөлшектері бар мұнай.

.

Тағы рефераттар