Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері туралы қазақша реферат

ҚР-ның АК-нің мұраны алу институты мұраны алу шарты мен тәртібін егжей-тегжей анықтаған деп айтуға болады.

ҚР-ның АК-нің 1072-бабына сәйкес мұралық мүлікті алу үшін мұрагер оны қабылдауы тиіс. Бұрын, Қазақ КСР-нің АК-сі қолданыста болған кезде (1999 жылғы 1 шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан кейін кез келген уақытта ресімдеу мүмкіндігі болған. Қазір бұл норма өзгерді. Ендігі жерде, егер мұра қалдырушы адам 199 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығында қайтыс болса, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны қабылдау туралы арыз беру міндетті емес, себебі мүмкін болатын мұрагер арызды мұра ашылғаннан соң алты ай өткеннен кейін де, бірнеше жыл өткеннен кейін де беруге болатын, тіпті қазірде кеш емес. Себебі, мұраны қабылдауда ешқандай мерзімдер белгіленбеген еді. Қазіргі таңда қолданыстағы ҚР-ның АК-нің талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны қабылдау немесе мұрадан бас тарту туралы арыз беруі керек.

Мұраны қабылдау мұрадан бас тарту сияқты біржақты мәміле. Яғни, мұрагерлікке шақырылған тұлғалар. Мұраға шақырылған тұлғалар (мұрагерлер), бірақ әлі мұраға ие болмаған тұлғалар (мұраға құқық туралы құқық куәлік алмаған) мұрагерлер деп танылады. Яғни, мұра қалдырушының мүмкін болатын мұрагері мұраны қабылдау үшін арыз жазуы керек.

Бұрынғы Қазақ КСР-ның АК-нің 542 бабы мұраны қабылдау деп аталған. Қазақ КСР-ның АК-нің ережелеріне сәйкес, мұраны алу төмендегі екі тәсілдің бірімен жүзеге асады:

1)      Формальды, яғни нотариусқа мұраны алу туралы арызды беру жолымен;

2)      Шын мәнінде, яғни мұрагерлік мүлікке ие болу және оны басқаруға қатысты кез-келген әрекеттер жасау құқығына ие болу жолымен.

Бұл тұрғыда профессор А.Г. Диденкомен келісуге болады. Ол өз мақаласында мұраны алу мен мұраны қабылдау туралы екі терминологияны зерттеп көрсетеді. Жалпы мұраны қабылдау біржақты келісім, яғни мұрагерлер мұрагерлік мүлік алуға өз еріктерін білдіреді, деп көрсетеді. Сонымен қатар, қазақстандық мұраны қабылдауда заң бойынша мұрагерлер мұрагерлік  құқық қатынасқа ешқандай да мәміле жасамайтынын қоса айтқан. Мұрагерлік мүліктік қатынас мәміле негізінде емес, заңды факт күйінде –мұрагер статусы негізінде пайда болды. Бұл факт, факт-оқиға негізінде –мұра қалдырушының қайтыс болуы салдарынан пайда болады, алайда ол оқиға да, әрекет болып табылмайды деп тұжырымдайды. Ол сондықтан да болар, мұраны алу туралы фактіні белгілеу туралы істер сот тәжірибесінде заңға сәйкес келмейді, осыған орай көптеген кикілжің жағдайлар туындап жатады.
Тағы рефераттар