Қазақ халқының ежелден келе жаткан рухани-мәдени мұраларының бірі — фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор- сөз өнері, халық даналығы ретінде керсетілген. Сонымен қатар фольклор — ел естілігі, оның сннкреттік сипаты да айкын. Осы тұрғыдан келгенде фольклор — ауыз өдебиеті мен музыка өнерінің біртүтастығына негізделген ерекше бір сала. Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, фольклортанудың өнертану ғылымымен салаластығын да саралаған. Осы мәселеге орай В.П.Аникин мен Ю.Г.Круглов: «Очень существенно, что отделение фольклористики как кскусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные представители последней» (Русское народное поэтическое творчество.-Л.,1987, 6-6.),- деген болса, Ю.В.Бромлей этнография мен өнертану салаларының сабактастығын анықтауда олардың әрі эстетикалық, әрі этникалық кызмет атқаратыны есксрілуі кажет екенін ескертеді (Этнос и этнография.-М.,1973, 223-6.).

Бұл пәннің максаты — халқымыздың музыкалык мәдениетін, соның ішінде фольклорлық мұрасын жете игеріп, оның негізгі белгілері мен сипаттарын ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу еңбектермен танысып, фольклор туындылары — халық әндері мен күйлсрін тереңірек игеріп, білім беру бағдарламасында қолдана білу міндеті де туады.

Музыка — өнер, көркем ойлаудың бір көрінісі. Оның өзіне ғана тән образдау тәсілдері болады. Қүрылымы, тілі. макамдық, ырғақтық жүйесі тағы бар. Осыған әрбір музыкалық аспаптың орындалу ерекшеліктерін де қосамыз. Сонда музыка — өнер әлеміңдегі күрделі құбылыстардың бірі болып шығады.

Халық шығармашылығында музыка өнеріне елеулі орын берілген. Арғы жерде оның салтқа байланысты үлгілері үстем болса, бері келе аспаптық және вокалдық арналары халыкгық-кәсіби деңгейге дейін көтерілген.

Кеңес дәуірінде фолъклордың көбіне сөз өнері ретінде танылып келгені белгілі. Ол халық шығармашылығы, ауыз әдебиеті мағынасында ғана қолданылып, негізінен тұрмыс-салт жырларын, ертегі, аңыз, әпсана, көне, батырлық, романдық, тарихи жырларды қамтыды.

Бері келе казақ фолъклорының музыкалық әуеннен тыс дамитын мақал-мәтел, шешендік сөздер, жүмбақ секілді шағын үлгілері де зерттеле бастады. Музыкалық фольклор осы аталған жанрлардың басым көпшілігімен сабақтас. Бірақ оны бір ғана сөз емес, саз өнері деген жөн. Себебі белгілі бір музыкалық-эпикалық дәстүр аясында жеткен фольклор шығармаларының барлығы дерлік саз өнерімен тығыз байланысты.

Музыкалық фольклор шенберінде халық ән-күйлерінің құрылымдык, ладтық, интонациялық, ырғақтық, т.б. ерекшеліктері де қарастырылады. Ән жанры тұсында олардың көркемдік жүйесі мен поэзиялық өлшем-кұрылымы да назардан тыс қалмауы шарт.

Көне дәуірлерден жеткен музыкалық мәдениеттің қазақ халқының тыныс-тіршілігі — этнографиясымен байланысы да айқын. Музыкалық фольклордың тікелей халқымыздың тұрмыс-салт ерекшеліктерінен туындайтын үлгілері де аз емес. Осы белгісіне орай қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі арнаға жіктейміз:

1. Салтпен байланысты туған фольклор үлгілері. Оған «Сыңсу», «Тойбастар», «Бесік жыры», «Жоқгау» секілді тек салт-дәстүр аясында өмір сүретін шығармалар жатады.

2. Салттан тыс фольклор туындылары. Бұл салаға эпикалық жанр — жыр, толғау, терме, желдірме, ертегілік, тарихи, лирикалык әндер мен халық күйлері жатады.

Музыкалық фольклор бүгінде музыкалық этнография деген ұғым аясында да қарастырылып жүр. Этнография — түрлі ру, тайпа, халықтардың рухани-мәдени және материалдық мәдениетін зерттейтін пән. Мұндағы этно (этнос) — халық, графо ~ жазу деген үғымды білдіреді. Оның мәні туралы ғылыми әдебиеттерде былай деп жазылган: «Главныйпредмет этнографии составляют характерные, традиционные черты кулыпурыи быта народов, создающие в своей совокупности (вместе с языком) их специфический, зтнический облик » (Итс Р.Ф. Введение в этнографию.-Л.,1974, 6-6.).

Этнография — географиядан жіктеліп шыққан ғыльм саласы. Бірақ оның зерттейтін нысанасы — этнос тарихы мен мәдениеті. Осы сипатына орай оның негізгі ерекшелігі де айқындалады. Мысалы, егер тарихшы нақты айғақтар мен деректерге жүгінсе, жазба мәдениеті туа қоймаған халықтар мәдениетін қалай анықтар едік?

Бұл тұста мына жайттарды ескеру қажет. Белгілі бір халықгардың тарихы тек қана жазба ескерткіштерде сақталмайды. Сонымен бірге оның іздерін салт-дәстүр, наным-сенім жүйелерінен де кездестіреміз. Осыған, әрине, сол халықтың фольклорлық мұрасын да қосамыз. Барлық фолъклор үлгілері болмаса да, тарихи-этникалық сипаты басым жанрлар қазақ мәдениетінде аз емес.

Осыған орай мәдениет дегеніміз не? Оның қандай сипаттары бар? — деген сауалға келейік. Бұл мәселе тұсында Р..Ф.ИтсКультура — означает все то, что создано человеком в отличие от того, что создано природой » (Введение в этнографию, 40-6.),- деп жазады да, оны материаддық және рухани деп екіге жіктейді. Оның бірі елдің тұрмыс-тіршілігінде қолданылған кұрал-заттары болса, екіншісі — адамзат баласының ой-санасы тудырған  руханият саласы.

Этнография ғылымында халықтардың төрт түрлі стадиялық кезеңі анықталған. Олар: демос — этнос — халык, -ұлт. Бұлардың бірі жабайылық кезең, екіншісі — феодалдық құрылыс, үшіншісі — капитализм дәуірі, төртіншісі — жаңа дәуірге қатысты ұғымдар. Мұндағы этнос (тайпа) — тапсыз қоғамда туған алғашкы этникалық топ болса,   халық —таптык қоғам жағдайында қалыптасқан этникалық бірлестік атауы.

Фольклор шыгармаларының ерекшелігі олардың коғамда қандай қызмет атқаратымен де айқындалады. Осының бәрі музыкалық фольклор (музыкалык этнография) пәнінің максат-міндеттері мен обьектісін түзейді.
Тағы рефераттар