Na+ ионын анықтау туралы қазақша реферат

Уранилацетатпен реакциясы UO2(CH3COO)2. Заттық шыныға Na2CO3 ерітіндісінің 1 тамшысын тамызымыз, сосынсулы моншада кепкенше буландырады. Жанына сұйытылған сірке қышқылындағы уранилацетат ерітіндісінің  2 тамшысын тамызып, реактивтв шыны таяқшаның көмегімен қалдықпен қосады.

Біраз уақыттан кейін микроскоп арқылы көзге оңай байқалатын жысыл-сарғыш түсті немесе түссіз тетраэдр және октаэдр тәрізді натрий уранилацетаты NaUO2(CH3COO)3 немесе CH3COONa UO(CH3COO)2 түзіледі.

3 UO2(CH3COO)2+  2Na2CO3 =  2NaUO2(CH3COO)3 + UO2CO3

Бұл реакцияны басқа катиондардың қатысында, соның ішінде К+, Rb+, Cs+, NH4+катиондары, жүргізуге болады.

Магний мен мырыш тұздары болған кезде реакцияның сезгіштігі жоғарылайды. Бұл кезде құрамы күрделірек кристалдар түзіледі, мысалы NaZn(UO2)3(CH3COO)9•9H2O.

Бұл реакция Na+ иондарына тән. Концентрациялары 1 мл-де 0,005 грамнан аскан жағдайда Mg2+, Ba2+, Sr2+, Zn2+, Mn2+, Al3+, Ni2+, Co2+, Cd2+, Hg2+, Cu2+ иондары реакцияға кедергі келтіреді.

Жалынды бояу реакциясы. Натрийдің ұшқыш қосылыстары жалынды ашық

сары түске бояйды.
Тағы рефераттар