Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі туралы қазақша реферат

16 «Негізгі құралдар» IAS  Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға  жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.

Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.

Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.

Негізгі құралдарды жіктеу кезінде  олардың негізгі құралдардың  Мемлекеттік  жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ  осы есепке алу саласын реттейтін  өзге нормативтік құжаттарға  сәйкестігіне  баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың  өндіріс процесіне  қатысу сипатына байланысты  өндірістік және өндірістік емес  болып бөлінеді. Өндірістік  Компанияның  материалдық-техникалық базасының  негізін құрайды және  технологиялық  процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға  әлеуметтік мақсаттағы  объектілер жатады.

Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың  нәтижесінде есептен шығарылады:

—           физикалық немесе сапалық тозу;

—           шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

—           басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде

беру;

—           басқа заңды немесе жеке тұлғаларға  өтеусіз беру;

—           объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;

—           кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.

Негізгі құралдар мен  аяқталмаған құрылыс объектілері  істен шыққанда немесе оны бұдан былай пайдалану ешқандай экономикалық  пайда әкелетіні күтілмейтін болса,  шоғырландырылған теңгерімнен  есептен шығарылуы тиіс.

Қоғамның негізгі құралдарын  бөліп алу  уәкілетті органмен келісіле отырып,  «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  жүргізіледі [16].

Активті  мойындауды тоқтатудан немесе активтің құрамдас бөлігінен туындаған  пайда немесе залал істен шығу мен  активтің теңгерімдік құнынан  болатын таза түсімдердің  бағалау сомасы арасындағы  айырма ретінде  кірістер мен шығыстар туралы  есепте  айқындалуы тиіс. Істен шығудың нақтылы күні тауарларды  сатудан түскен  түсімдерді мойындауға қатысты ҚЕХС (IAS)18 белгілеріне сәйкес  анықталады. Негізгі құралдар объектілерін  тарату кезінде Қоғам алатын  пайда немесе залал  басқа кірістер және залалдар ретінде  жіктеледі.

Активті мойындау белгілері қанағаттандырылған жағдайда негізгі құралдардың  сындарлы біріктірілген  құрамдас бөліктерін ауыстыру кезінде  бастапқы құрамдас бөліктің  теңгерімдік құны  ол амортизацияланды ма, бұл жеке алмастырылған бөлігі ме,  немесе алмастырылған жоқ па,  оған қарамастан  есептен шығарылуға жатады. Егер орны алмастырылған  құрамдас бөліктің  теңгерімдік құнының  дұрыс бағалануы мүмкін болмаса,  онда  орны алмастырылған бөліктің  көрсеткіші ретінде  құрамдас бөлікті сатып алу және салу сәтіндегі оның құны пайдаланылады. Бұл ретте, орны алмастырылған бөліктің теңгерімдік құнын бағалау  кәсіби пікір-сайысты талап етуі мүмкін.

Қоғамның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен  негізгі құралдар объектілерін есептен шығару  мыналардың нәтижесінде болады:

— табиғи және моралдық тозу, дүлей апаттар, авариялар салдарынан тарату;

— сату;

— заңды немесе жеке тұлғаларға  ақысыз беру (сыйға тарту);

— жарғылық капиталға үлес  ретінде беру;

— активтермен алмасу;

— басқа себептер (жетіспеушілік, бүлінуі және басқалай).

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес негізгі құралдардың жай-күйі мен қозғалысының жинақтамалы есебі 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі, онда негізгі құралдардың жекеленген нысандары бойынша бөлшектеуге байланысты оларды есепке алу үшін қоымша жинақтамалы мүліктік шоттар ашылады. Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Активт ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша  немесе барлық  жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобына арналған. Негізгі құралдарың құнсыздануынан болатын шығындарды  шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобы арналған [17].

16 – «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес амортизация – бұл активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе  бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.

Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.

Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

—          Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

—          Материалдық емес активтер[18].

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Негізгі құралдар бұл-кәсіпорын дайын өнім өндіру үшін қолданатын материалды активтер. Яғни басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді уақыт пайдаланады деген болжаммен жалға беру үшін жасайды.

Негізгі құралдың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау жіберу актісімен рәсімделеді [19].

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциясының синтетикалық есебі компьютерде шоттардың типтік жоспарында 2410 бөлімінде көрініс табады. Негізгі құралдар негізгі құралдар -6 нысан бойынша негізгі құралдардың инвентарлы карточкаларда саналады. Алғашқы құны бойынша келіп түскен сәттен бастап бағаланатын негізгі құралдар 2410 бөлім шоттарына дебеті бойынша сәйкес көрсетіледі. Корреспонденциялар:

Дт 3310 Кт 1010, 1030 Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.
Дт 2410 Кт 3310 ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.
Дт 1420 Кт 3310 ҚҚС сомасында проводка жасалуда.
Дт 3130 Кт 1420 ҚҚС бойынша сома.

Негізгі құралдардың келуі осы обьектінің техникалық құжатнамасымен қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді. Мекемелердің жарғылық капиталға салымы ретінде негізгі құралдарды кіргізу кезінде осы құралдың бастапқы құны болып Қ.Р заңнамасында анықталған құн болады және негізгі құралдар -1 нысанындағы қабылдау-жіберу актісімен келесі проводкалармен рәсімделеді:

Негізгі құралдар 2 топқа бөлінеді:

— Өндірістік арналымды.

— Өндірістік емес арналымда.

Негізгі құралдар анықтау әдісі өндірістік процесске тура және тікелей қатысу.

 

Дт 5110 Кт 5000 Мекемелердің негізгі құралдарды жарғылық капиталға салымы ретінде салуы.
Дт 2420 Кт 5110 Мекемелерден келіп түскен негізгі құралдар келісімділігіне.
Дт 2420 Кт 727 негізгі құралдар қайтарымсыз алыну кезінде бастапқы құны аталған құралдардың негізгі құралдар -1 нысаны бойынша қабылдау жіберу акті деректері бойынша анықталады бірақ оның нарықтық құнынан артық емес.
Дт 2410 Кт 2420 Қабылдау жіберу актісінің деректері бойынша тозу соммасына.

 

Б) негізгі құралдар нормативтік қызмет мерзімін анықтау келесі мәліметтер негізінде жүргізіледі:

— Техникалық жағдайлары;

— Пайдалану қарқыны;

— Болжамды моральды тозу деңгейі;

— Техникалық құжатнама мәліметтері;

— Компанияның келешектегі қызметтерін бағалау;

В) Бастапқы құны-бұл негізгі құралдарды сатып алу бойынша хабарландырылмайтын салық пен жиындар туралы нақты шығындар құны, сонымен қатар жеткізу, монтаждау, құру бойынша және пайдалануға қосу мен басқа да кез-келген активті жұмыс істеу жағдайына келтірумен байланысты және оның арналымы бойынша пайдалану үшін кеткен шығындар.

Ағымдағы құны — бұл негізгі құралдар белгілі бір күндегі нарықтың бағасы бойынша құны .

Баланстық құн — бұл бастапқы немесе ағымдағы жиналған амортизациялық құннан алынған құн, ол бойынша актив есепте және есептілікте көрініс табады.

Сату құны — бұл негізгі құралдар дербес жақтар арасында ауысу бойынша болатын құн.

Жойылу құны — негізгі құралдар өтімділігі кезіндегі пайда болатын артық бөлімдері, сынықтар, қалдықтар құны.

Пайдалы қызмет мерзімі-бұл негізгі құралдар пайдаланудан алынатын экономикалық пайданың болжамды кезеңі.

Нормативтік қызмет мерзімі-бұл негізгі құралдар 110 бабында белгіленген нормаларына сәйкес негізгі құралдарға тозуды есептеу кезіндегі мерзім.

Амортизацияны есептеу үшін кемімелі қалдық әдісін қолданады.

Жаңадан пайдалануға енгізілген негізгі құралдар амортизациясын есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал істен шығарылған негізгі құралдар шығарған айдың кейінгі айдың бірінен бастап шығарылады.

— негізгі құралдар бойынша амортизация келесі жағдайда есептелмейді:

— Амортизацияланбайтын негізгі құралдар бойынша.

— Негізгі құрылымды қайта құру мен техникалық қайта жабдықтау кезінде, олардың толық жұмысын тоқтату шартында;

— Консервацияға аудару кезінде;

— Ағымдағы жалға алу шарттымен алынған негізгі құралдар бойынша

— Пайдалы қызмет мерзімі нормативті қызмет мерзімінен асып кеткен жағдайда.

Амортизация есептеуге келесі проводка жасалады.

  Дт 8410,7210    Кт 2420 Амортизацияны есептеу

Негізгі құрал-жабдықтың істен шығуы.

Негізгі құралдар объектілері кәсіп орынның бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде шығарылады:

— Физиккалық немесе моральді тозудың;

— Шаруашылық қызметте қолданылмайтын негізгі құралдар сату;

— Басқа субъектілерге негізгі құралдар жарғылық капиталға салым түрінде беру;

— Басқа заңды және жеке тұлғаларға кайтарымсыз беру;

— Объектілерді ұзақ мерзімді жалға беру;

— Кемшілік, дүлей апат және басқалар.

Негізгі құралдар шығару нәтижесінде пайда болатын кіріс және шығындар баланстық құны мен сату құқының арасындағы айырмалық ретінде анықталады, ал басқа да активтерді сату мен шығаруға байланысты шығыстар.

Негізгі құралдарды шығару кезінде олардың баланстық құны жазылып, мынадай проводкалар жасалады.

  Дт 7410     Кт 2410 негізгі құралдардың шығарылуы

Жиналған тозу сомасына проводка

  Дт 2420    Кт 2410 Жиналған тозуға

Негізгі құралдар объектісін өтімділік нәтижесінде шығарылса келесі проводкалар жасалады:

  Дт 7410    Кт 2410 Есептен шығарылған негізгі құралдар баланстық құны
  Дт 2420    Кт 2410 Алдында есептелген тозу соммасы
  Дт 7410 Кт 3350, 3310, 8310 негізгі құралдар ликвидациялау мен байланысты шығындар
  Дт 1310      Кт 6210 негізгі құралдар есептен шығару кезінде алған тауарлы материалдық құндылықтар құны
  Дт 5420    Кт 5510 Ликвидацияланған негізгі құралдар бойынша бағалауға дейін есептеп шығарған сомма

Бөліну жағдайында негізгі құралдар шығындары;

негізгі құралдар баланстық құнына жататын құн бөлімінен ҚҚС алып тасталынады яғни, негізгі құралдар қалдық құнын.

ҚҚС = (Қалдық құн х % ҚҚС есептеу) / 100 %

Мынадай проводка жүргізіледі.

Жоғалтқан мүлікті есептен шығарумен байланысты ұстап қалынбайды.

Есептен шығару 3 данадан тұратын негізгі құралдар есептен шығару актісімен рәсімделеді. Актіде объекті жайында толық мінездеме беріледі, жойылу себебін, бастапқы құнын, жиналған тозу соммасын және объектіні жөндеу санын көрсетеді «объектіні есептен шығару нәтижесінің есебі» бөлімі бойынша сонымен қатар құрал-жабдықтарды бөлшектеуден түскен материалды құндылықтардың құны, шығыны ғимаратпен құрал-жабдықтарды бұзу және бөлудің нәтижесіндегі құны мен шығындары да көрсетіледі. Актіні ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» РМК-нің бас директоры бекітеді.

 

Дт  7210   Кт 3130 негізгі құралдар бөліну шығыны кезіндегі ҚҚС есептеу құнының бөлімінен алынады.

Негізгі құралдар объектілерінің сату негізгі құралдар Р қабылдау өткізу актісімен рәсімделеді, ол үш дананы құрайды: алғашқы 2-уі беріп жатқан кәсіп орында, 3-сі негізгі құралдар объектісінің қабылдаушыға беріледі. Актіде объектінің берілу сәтіндегі жағдайы яғни алғашқв құны тозу деңгейі және тозудан есептеледі. Сатылған негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына проводка жасалынады.

Дт 7410 Кт 2410 Сатылған объектінің баланстық құны

Д) Нәтижесінде ағымдағы құны бойынша есептілік пен есепте негізгі құралдар көрсетілетін объектілерді белігілі уақытта бағалауды жүргізудегі нақты бағасына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құның анықтау мақсатында жасалынады.

Жүргілген қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдар алғашқы құнының арту сомасы келесі проводкада көрінеді.

Дт 2410 Кт 5400 негізгі құралдар қайта бағалауда пайда болатын төленбеген қосымша капитал
Дт 5400 Кт 2420 Қайта бағалау жүргізу күнінде есептелген негізгі құралдар құнының пропорцияналды өзгеруіне әкелетін тозу

Қайта бағалаудың бүкіл соммасы бөлінбейтін пайдаға қандайда бір себебіне байланыссыз объектіні естен шығару сәтінде ауыстыруылы мүмкін.

Негізгі құралдар қайта бағалау ҚР заңдылығында белгіленген тәртіппен тура есептеу әдісі бойынша 31 желтоқсандағы жағдайларына сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.

Ж) негізгі құралдар объектісінің бастапқы құның арттыру қызмет етуінің нормалық мерзімін немесе өндірілген арттыру шартын орындау бойынша капиталды жөндеу жасалған кезде жүргізіледі;

З) Бастапқы құны төмендетіледі;

— Техникалы – экономикалық көрсеткіштердің елеулі өзгерінсіз, бөлшектеп жойылу жағадайында;

— Есепті кезең соңына негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша тура қайта бағалау кезеңінде.

И) «ж» және «з» бөлімдерінде көрсетілген істен шығару және жөндеуге кеткен барлық қалған шығындар ағымдағы шығындарға жатады және актілерімен рәсімделіп проводка жүргізіледі.

  Дт 7210, 8410    Кт 3310 Актіде қабылданған және орындалған негізгі құралдар жөндеуге байланысты жұмыстар
  Дт 1420    Кт 3310 ҚҚС соммасына

 

Негізгі құралдар әрбір тобы бойынша жөндеу шығындардың нақты соммасы. ҚР «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» кодексінің 113 бабының 2 пунктінің аясында есептелінеді. Белгіленген шектеуден асатын сомма.

Нақты шығындарға пропорцияналды топтарға сәйкес келетін құндылықты балансты арттырады, не болмаса кәсіпорынның таза пайда есебінің шығынына жатады. Яғни Дт 7210.

Негізгі құралдар объектілерін жөндеуімен байланысты бүкіл шығындар пайда болатын кезеңдегі өндірістік шығындарға қосылады. Толығымеен жөндеу жүргізілгенде мердігермен келісім шарт жасалып, смета құрылады. Жөндеу жұмыстарын аяқталу бойынша коммисия орындаған жұмыс актісімен жөнделген негізгі құралдар қабылдау — өткізу актісін құрады. (негізгі құралдар — №2 нысаны)

Жөндеу жұмыстарына байналысты нақты шығындар соммасы бухгалтерлік есеп бойынша шығын шотына жазылады.

Негізгі құралдар, тауарлы материалдық қорлар, материалдық емес активтерді түгендеу, есептен шығару, арзандату материалдық емес активтер мен негізгі құралдар есебі туралы жағдайға сәйкес кәсіпорынның әрдайым әрекет ететін түгендеу коммисиясы жүргізіледі.

10 % тозған негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша есептелінеді.

Жойылу құны – салық кодексі бойынша амортизацияның шекті норма ставкасының ½ мөлшерінде анықталады.

Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі мынадай қүжаттармен рәсімделеді:

Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауыстыру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан бөлімнен, учаскеден екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан қордан пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілеггі адамдар бекітеді. Негізгі құралдардьщ кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылган бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге — тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер ушін) екі дана етіп жасалады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жасалады: бірінші екеуі өткізуші субъектіде қалады /онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп-беруге, екіншісі — есеп айырысу-төлем құжаттарьша тіркеледі/, үшінпгі дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру орнын ауыстыру актісі төменде келтірілген. Eгic алқабын қорғайтын өсімдіктерді қабылдау. «Eric алқабын қорғаушы екпе ағаштарды пайдалануға қабылдау туралы актімен» жүзеге асырады, бүл құжатты сондай-ақ қорғаушы орман өсімдіктерін егудің аяқталған жұмыстарын кіріске алу және оларды /жас мөлшері 5 жылдан кем болмайтын мерзімде/ пайдалануға беруді рәсімдеу үшін де қолданады. Малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру ферма меңгерушісі толтыратын «Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру» актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға мүйізді ірі қара малын, шошқа мегежіндерін, биелерді, айғырларды ауыстыратын болса, актіге әр малдың   мүліктік тізімдеу нөмірі, туылган уақыты, жынысы, класы, түсі және басқа белгілері көрсетіліп жазылады. Ешкінің, қойдың және басқа үсақ малдың төлдері жалпы саны, негізгі табынға ауыстырылған малдардың бәріне тән белгілері /түқым, жынысы/ көрсетіліп жазылады.

Бухгалтерия келіп тускен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу  нөмірін беріп, мүлікінің тұрған орны, пайдалану орны бойынша

№ НҚ-13 улгідегі Мүліктік тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды:

Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншіге беру екі дана етіп дайындалатын, №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асырылады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгелдеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі қойылады. негізгі құралдардың субъектінің өз ішінде цехтан цехқа/ орын ауыстыруы №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асады. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгелдеу тізімдеріне және мүліктік түгелдеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар орын ауыстырғанда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шотының дебеті және кредиті бойынша бухгалтерлік жазу орындалады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жүмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.

Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) — тозуына қарай негізгі құралдардың қүнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражатгарын-негізгі құралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және қүн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің үзақтығы нәтижесінде олардың қүны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің қүнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою қүнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) қүнына тең болуы керек.

Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы—амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық қүнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдәрының моралдық жагынан тозуына тікелей қатысты.

Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.

Кәсіпорындар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына

апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.

Негізгі өндірісте пайдаланылатын меншік және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша есептелінген тозу сомасына:

Дт 8045 «Негізгі құралдардың тозуы»

Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

Жалпы шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын меншікті және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына:

Дт 7210 «Әкімшілік шығыстар»

Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

Кәсіпорындағы негізгі құрал-жабдықтар шаруашылық процессіне қатынасып отыру нәтижесінде тозады, ал кей жерлері жөндеуді қажет етеді. Оларды үнемі жұмысқа жарамды күйінде сақтап отыру үшін жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары көлеміне байланысты қарапайым және күрделі жөндеуге бөлінеді.

Қарапайым жөндеу деп — әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады.

Күрделі жөндеу деп – үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен деталдарының бәрін ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін, айтады.

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес шығындары актив өнімділігінің алғашқы есептелінген нормативтеріне сәйкес кәсіпорын күте алатын келешек экономикалық пайданың сақталуы немесе қалпына келтірілуі үшін жүзеге асырылады. Мұндай сапада олар әдетте туындауына қарай кәсіпорынның шығыны ретінде танылады (есепке алынады).

Кәсіпорын өндірістік негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды өндіріс шығындарына жатқызады.

Кәсіпорында жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға біркелкі енгізіп отыру үшін жөндеу қорын құруына болады. Бұл қорға кәсіпорынның өзіне бекітілген нормативтер бойынша жарналар есептелініп, өнімнің өзіндік құнына енгізіліп отырады.

Субъектіде жөндеу жұмыстары мердігерлік әдіспен және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстар шаруашылықтың өз күшімен орындалады.

Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс және жөндеу мекемелері орындайды.

Материалды емес активтердің есебі.

38- «Материалды емес активтер» атты Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес материалдық емес актив — бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.Материалдық емес активтердің сыныбы – бұл сипаттамасы мен тағайындалуы ұқсас активтер тобы. Материалдық активтердің жеке сыныптарының мысалдары мыналар болуы мүмкін:

1) сауда белгілері;

2) компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету;

3) лицензиялар мен франшиздер;

4) авторлық құқықтар, патенттер мен өнеркәсіптік меншікке арналған басқа құқықтар, қызметке және пайдалануға арналған құқықтар;

5) титулдық және баспа құқықтары;

6) рецептер, формулалар, моделдер, сызбалар мен тәжірибе үлгілері;

7) әзірленім процесіндегі материалдық емес активтер.

Материалдық емес  активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің келесідей шоттары қарастырылған: 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге материалдық емес активтер». 2710 «Гудвилл» шотында гудвиллдің нақты бар болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шотында сипаты және мекеменің қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы: тауарлық белгілер, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялар мен франшизалар, қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар, формулалар және т.б.

Материалдық емес активтердің осы аталған топтарына қажет болған жағдайда жеке қосымша шоттар ашуға болады. Мысалы, 2731 «Тауарлық белгілер», 2732 «Титулдық деректер және басқа құқықтары» және т.с.с.

Аталған шоттардың дебеті бойынша материалдық емес актвитердің ай басындағы және аяғындағы қалдықтары сондай-ақ олардың түсуімен байланысты операциялар көрсетіледі де, ал кредиті бойынша материалдық емес активтердің  есептен шығарылуы көрсетіледі.

Материалдық емес активтер мекемеге келесі жағдайларда түсуі мүмкін:

—         құрылтайшылардың өздерінің салымдары есебінен құрылған мекеменің жарғылық капиталына екі жақтың келісімдері бойынша енгізулер;

—         мемлекеттен, заңды және жеке тұлғалардан тегін немесе мемлекеттің  жәрдем ақшасы есебінен номиналдық құны немесе активтің жәрдем ақша берген күніндегі активті әділдік құны бойынша алу;

—         ұқсас  немесе материалдық емес активтерге айырбастау әділдік құны немесе теңгерімдік құны бойынша;

—         мекеменің өзі құрған материалдық емес активтер.

Материалдық емсе активтердің түсуі « Материалдық емес активтерді қа-былдап алу-беру кесімімен» (№ МЕА-1 нысаны) рәсімделеді.  [Ж.С.Толпаков]

Материалдық емес активтерді бухгалтерлік есепте сатып алу, жасау шығындары және оларды жоспарланған мақсаттарға пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу шығындар сомалары бойынша көрсетіледі.

Материалды емес активтер оларды сатып алуға төленген қаржы көлемінде бағаланады (бастапқы баға).

Материалды емес активтің бастапқы құнына ұйым сатып алуға жұмсаған нақты шығындарын кіргізеді, сонымен қоса қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды, және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсаған кез келген шығындарын қосады.

Материалды емес активтердің пайдалы қызмет көрсету мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс, болмаған жағдайда ондай активтер материалды емес активтердің қатарына қосылмайды.

Жасалынған материалды емес активтердің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:

—         материалдар мен қымет түрлерінің шығындары;

—         активті жасау кезінде еңбек еткен еңбеккерлердің еңбек ақысы мен басқа да шығындары;

—         активті жасау кезінде тікелей жұмсалған кез келген шығындар;

—         қосымша шығындар.

38- «Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес амортизация – бұл материалдық емес активтің пайдалы  қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі. Материалдық емес активтің амортизацияланатын сомасы оның жою құны шегерілгеннен кейін анықталады.

Материалдық актив пайдалы қазбалардың айқындалған немесе айқындалмаған мерзімі бар, соны анықтау қажет. Егер тиімді пайдалану мерзімі айқындалған болса,  онда оның амортизацияланатын құны  активті тиімді пайдалану мерзімінің ұзақтығына жүйелі түрде бөлінеді.

Материалдық емес активтер болып кәсіпорынның авторлы құқық, жеке меншігі, патенттер, лицензиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқалай түрдегі активтері саналады.

Көрсетілген активтердің мерзімі бір жылдан төмен және кәсіпорынның қызмет ету мерзімінен артық болмацы керек.

Материалдық емес активтер шоттар жоспарының 1 бөліміндегі шоттарда көрсетіледіжәне амортизацияланатын құралдар болып табылады салық есебінде. Аталған актив түріне жылына 15 % аспайтын амортизация ставкасы қолданылады.

Тиімді пайдалану мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді.  ҚЕХС (IAS) 36 «Активтердің құнсыздануы» сәйкес осы активтер жыл сайын құнсыздануға тексерілуі тиіс.

Тиімді қызмет мерзімі соңғы оқиғалар мен жағдайларды жүзеге асыруда ол айқындалмаған болып табылмаса, белгілеу үшін әрбір кезең ішінде қайта қаралады.

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің алғашқы құнына және кәсіпорынның қызмет етуінің мерзімінен аспайтын пайдалылық мерзіміне қарай есептелген норма бойынша ай сайын бір қалыпты есептен шығару әдісімен тозу есептелінеді.

Амортизациясы есептеу ай сайын жүргізіледі. Материалдық емес активтер істен шығару амортизация сомасы бастапқы құнынан 100% жету шарты бойынша жүзеге асырылады.

Қайтарымсыз берілген немесе Жарғылық капиталға салым ретінде салынған, материалдық емес активтер келісім баға бойынша сатылуы мүмкін.

Материалдық емес активтер келіп түсу есебі үшін келесі бухгалтерлік проводкалар жасалады.

Дт 2730 Кт 3310, 1030, 5410, 6160, 5100 Төленген кірістелген материалдық емес активтер; ұйым жағынан қайтарымсыз берілген материалдық емес активтер кірістелуі, жарғылық капиталға салым ретінде материалдық емес активтер кірістелді.
Дт 7210, 7110, 8410 Кт 2740 Материалдық емес активтер үшін амортизация есептеу
Дт 2740 Кт 2730 Амортизациялық кезеңнің аяқталуы бойынша материалдық емес активтер жинағын тозуын есептен шығару
Дт 1210 Кт 6210, 3130 Материалдық емес активтерді сату кезінде мынадай бухгалтерлік проводкалар жасалынады

— келісілген соммаға ҚҚС есебімен есеп айырысу құжатын көрсету.

Ескерту- ұйым мәліметтері негізінде автор жасады

Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):

— Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;

— Егер активтің құны дұрыс анықталса.

Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес актив пен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Тағы рефераттар