Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие –қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие саясаты несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытшұа бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несие саясатынан несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақш капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.

Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие саясатының құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20 жылдарынан 90- жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие саясаты құрылды.

Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.

Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:

Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі.

Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие — өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.

Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие – қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие – қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша-есеп және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі күрделі, әр көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады: орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары.

Несие саясаты несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несие саясаты несие механизмі көмегімен жүзеге асырылады.

Жалпы несие саясаты мынадай сипатта болуға тиіс:

— нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

— несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

— нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

— оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несие  саясаты несиелік қызметтің келесідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді 

Несие саясаты несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

—                    несиелік қызметті ұйымдастыру;

—                    несиелік портфельді басқару;

—                    несиелеуге бақылау жасау;

—                    құзыретті бөлу принциптері;

—                    несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

—                    несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

—                    несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;

—                    несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несие саясатын іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

1)                несиелеу саясаты;

2)                несиелеу стандарты;

3)                несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:

— қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

— несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

— әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

— қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

— құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

— несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер.

Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Тағы рефераттар