Облигацияларды сату жолымен тартылган заемдық қаражаттар бойынша операциялар туралы қазақша реферат. Облигация — оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландыратын және көзделген мерзім ішінде осы облигацияның номиналдық. кұнын белгіленген процентімен (шығару шартында өзгеше көзделмесе) өз ұстаушысына (тұлғасына) өтеп беру міндеттемесін растайтын құнды кағаз. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның шығарылған шартымен сәйкес ол бойынша марапаттауды (мүддені) алуға құқығын береді. Облигация өзінің шығарылған мақсатына, пайызды төлеу процедурасына, қамтамасыз ету мен өтеу шартына байланысты, ол (облигация): — есеп айырысатын, қайта қаржыландыратын, жай, табысты, иесі жазулы, ұсынуға арналған, және арнайы арналымы қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Облигацияны шығару, әдетте, бірнеше кезеңнен тұрады:

—     облигацияны шығару туралы шешім қабылдау;

—     шығарудын жобасын әзірлеу және тіркеу;

—     облигацияны инвесторлар ортасына орналастыру;

—   шығару туралы есеп беруді тіркеу, екінші рет олардың нарығын ұйымдастыру. Нарық капиталында ол (облигация) бірнеше тәсілдердің көмегімен

орналастырылады. Батыс елдерінде облигацияны таратудың ең көп жайылған жолы айдеррайтинг болып табылады, Оның мәні: бүкіл шығарылған облигацияның көлемі банк пен компанияның келіскен бағасы бойынша инвестициялық банктерге сатылады. Бұл кезде банк өзіне коммерциялық тәуекелділікті алады және қор нарығында оны ең жоғары бағаға сатуды көздейді. Алынған және сатылған бағаның айырмасы банкінін айдеррайтинг операциясын жүзеге асырғаны үшіи алатын төлемін кұрайды. Облигацияны сатудың екінші тәсілі – инвестициямен шұғылданатын фирмалардың,жеке тұлғалардың тікелей сатумен жүзеге асырылады.

Көп жағдайда облигацияның баланстық құны нарықтық құнымен сәйкес келе бермейді, өйткені оның деигейіне біршама факторлар әсер етеді, атап айтқанда:

—                     номиналдық (аталы) құны — төлеу мерзімі жеткен кезде, карызданушының телейтін сомасы;

—                     өтеу мерзімі кредиторға номиналдық кұнын төлейтін күні;

—                     пайызды төлейтін күні;

—                     жарияланған пайыздық мөлшерлемесі — белгілі бір мерзім уақыты өткеннен кейін қарызданушы кредиторға төлейтін марапаттау сомасы.

Облигация шығарушы кәсіпорын жарияланған пайыз мөлшерлемесінің нарықтық пайыздық мөлшерлемеге жақын болып белгіленгенін калайды және ол өзінің белгіленуінде облигацияның номиналдық құнын негізге алады. Нарықтық пайыздың мелшерлемесі — облигация бойынша инвестициялык нарықта төленетін сомасын негізге алады, демек ол карыз бен тәуекелділік жағдайына ұқсас келеді. Нарықтық пайыздың мөлшерлемесі күннен күнге, әр күн сайын тербеліске үшырайтын болғандықтан, номиналдық пайыздық мөлшерлемесі, әдетте, нарықтық пайыздық мөлшерлемесімен сәйкес келе бермейді.

Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номиналдықтан жоғары болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдық құнынан төмен болады және шығарылатын облигациясы жеңілдіктермен шығарылады. Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номинальдықтан төмен болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдықтан жоғары болады және шығарылатын облигацияның пайдасы қоса есептелініп шығарылады.

Облигацины шығару туралы айтқанда, оны (яғни, облигацияны) кез келген

кәсіпорын шығара алмайтындығын есте ұстаған жөн. Егер оған деген инвесторлардың кызығушылығы болмаса, нақты бір инвестициондық бағдарламамен жасалмаса, онда оны шығарудың мәні де жоқ болады. Сондықтан ол негізінен үлкен кәсіпорындар үшін тиімді болуы мүмкін. Сол үшін облигацияны шығармастан бүрын,оның барлық болашақ параметрлерін мұқият зерттеу керек.
Тағы рефераттар