Ойлауды зеттеу әдістері туралы қазақша реферат

     Басқа да психикалық құбылыстар сияқты, ойлаудың психологиялық зерттеуде, қаншалықты қиын болса да объективті зерттеу жолынан басқа жол жоқ. Интроспекцияны психиканы зерттеу әдісі ретінде қолдануға талпыныстар психологияның осы саласында да жетістікке алып келмеді. Ойлауды зерттеудің объективтілігі ойлау туындататын, оның ағысына әсер ететін сыртқы жағдайларды анықтауды талап етеді. Мысалы, адамның алдына қойылған міндеттердің ерекешілеіктері оның іс-әрекетіне мәнді әсер етеді. Әрине, бұл әсер іс-әрекеттің ішкі жағдайларымен де анықталады. Ойлауды зерттеудің объективтілігі, сондай–ақ адамның ойлауы көрінетін іс- әрекеттің ерекшеліктерін тұтастай белгілеуді (фиксациялауды) талап етеді. Біз ол ерекшеліктер бойынша ойлаудың ағысы туралы пайымдау жасаймыз: тапсырманы шешу, шешудің типі, шешу уақыты, шешу барысындағы спонтанды  айтылулар, сырттай пайымдау, психофизиологиялық реакциялардың ерекшеліктері және т.б. Ойлау психологиясында эмпириялық материалды жинаудың барлық негізгі  әдістері кеңінен қолданылады.

     Бақылау әдісі. Бір қарағанда бұл әдістің ойлауды зерттеуге қатысы жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес. Әр түрлі табиғи жағдайлардағы адамның әрекеттерін бақылай отырып, оның тапсырманы шешу процесіндегі мимикасын және пантомимикасын бақылай отырып, оның басқа адамдармен өзара әрекетінің ерекшеліктерін бақылай отырып ойлау туралы да көп нәрсені білуге болады. Мысалы, үй жағдайларындағы оқушының оқу іс- әрекетін бақылай отырып, оның ұсынылған тапсырмаларды қаншалықты үнемі шешетіндігін, шешуге қанша уақыт жұмсайтындығын, оның күш салуларының нәтижелері қандай екенін тіркеуге болады. Мұндай бақылаулардың нәтижелері нақты тапсырмаларды шешуге әсер ететін баланың оқуға деген қатынасы туралы, оның ойлау іс-әрекетінің ұйымдасқандығы туралы, жеке ақыл–ой дағдыларының қалыптасу деңгейі туралы пайымдаулар үшін негіз болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойын оның іс-әрекетін бақылай отырып, бала қолданатын ойындардың қандай тип екенін белгілеуге және оның бейнелік ойлауының даму деңгейі туралы болжам айтуға болады. Интенсивті ақыл–ой еңбегі процесіндегі жеткілікті тәжірибелі ойлап тапқышты түрлі сөздіктермен, тезаурустармен, шетел сөздерінің анықтамаларымен көруге болады. Бұл ерекшелік нақты тапсырманың шешімін іздеуге тартылатын білімдер шеңберін бейнелейді.

Осы барлық жағдайларда ойлаудың көрінуінің табиғилығы сақталады. Басқа да психикалық құбылыстарды зерттегендегі сияқты, бақылау, мақсатқа бағытталған түрде, белгілі бір жоспар бойынша, нәтижелерді тіркеумен жүргізіледі: тапсырмаларды шешу немесе шешпеу реттілігі, сөздік пайымдалуардың хаттамасы. Қазіргі кезде ойлау психологиясында жеткілікті кең тұрғыда техникалық құралдар (фотокамералар, кинокамералар, магнитофондар және т.б.) қолданылады. Психологияның басқа салаларындағы сияқты, бақылау әдісі ойлау психологиясында өзінің жағымды да, жағымсыз қасиеттерін де көрсетеді: бір жағынан, іс-әрекеттің ашылуының табиғилығы сақталады, ал екінші жағынан, ойлау іс-әрекетіне жататын зерттеліп отырған құбылыс басталу үшін белгілі бір жағдайлардың (мысалы, мәселелік жағдайдың пайда болуы) мәнділігін бағалау үнемі оңай бола бермейді. Бұл кемшілік бақылаудың ұзақтығымен жартылай өтіледі.

     Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.

Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.

Ойлау психологиясында эксперименттіктің (лабораториялардағы қайта жаңғыртылу, құралдарды пайдалану) және клиникалықтың (жеке жағдайларды нақтылау талдауы) ерекшеліктерін сәйкестендіретін, “эксперименттік–клиникалық” әдіс жеткілікті кең қолданыс тапты. Айқындалып отырған процестің (көздік–қозғалыстық белсенділік, сөздік пайымдау, вегетатика) объективті индикаторларын политіркей отырып, зерттеушілердің жеке тапсырмаларды қалыптастыру және шешу процестерін жеткілікті тұтастай талдау мүмкін болады. Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарым–қатынасын ескеру маңызды.

Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа.                                     

     Әңгімелесу әдісі зерттелушінің шешіліп оытрған тапсырмаға қатынасын, зерттелушілердің өздерінің ойлау процестерін қалай түсінетіндігін (рефлексияны) өзінің ойлау мүмкіндіктерін бағалауын (өзіндік бағалауды) анықтауға мүмкіндік береді. Тура сұрақтарға да (“Сізге ұсынылған тапсырма таныс па, әлде таныс емес пе?”), жанама сұрақтарға да (“Сіз осы тапсырманы қалай қабылдайсыз?”) берілген жауаптары қызықтырады. Қойылған сұрақтардың суггестивтілік деңгейін ескеру қажет. Зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы жақсы өзара қатынастарды, өзара түсіністіктерді қалыптастыру оның әңгімелесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әңгімелесу үнемі әңгімелесуге қатысушыны бақылаумен толығады. Әңгімелесу әдісі психологиялық әдебиетте көмекші ретінде квалификацияланады, ол бақылау мен эксперименттің мәліметтерін нақтылау үшін, сонымен қатар зерттелушіні бастапқыда зерттеу үшін қолданылады. Ойлауды зерттеулерде сонымен бірге сауалнама да жүргізіледі. Зерттеушілер қойылған сұрақтарға жауапты өздері қалыптастырулары тиіс ашық сауалнамалар зерттелушінің ойлауын үлкен шамада белсендіреді, бірақ оларды статистикалық тұрғыда өңдеу қиын болады.

     Іс-әрекеттің өнімдерін зерттеу ойлауға қолданған кезде тек ауызша немесе жазбаша (күнделіктер, хаттар) формадағы сөздік–сөйлеу өнімдерін, бейнелік–сөйлеу өнімдерін (суреттер, сызбалар) ғана емес, сонымен қатар нақты заттарды (машиналарды, приборларды, құрылғыларды) талдауды, жасап шығару және жаңалық ашудың тарихын талдауды білдіреді. Б.М. Тепловтың “Ум полководца” және М.Г. Ярошевскийдің “Сеченов и мировая психологическая мысль” атты еңбектері эксперименттік емес әдістерге негізделген зерттеулердің үлгісі бола алады.

Тесттер әдісінің көмегімен ойлаудың (интеллектінің) белгілі бір ерекшеліктері айқындалады. Алғашқы ашылған тесттік тексерулер интеллектіге қатысты болған. Тек қабілеттіктерді анықтау тесттері ғана емес, сондай–ақ жетістік тесстері, және жобалық тесттер ойлауды зерттеуде қолданыла алады. Оның болу себебі, біріншіден, ойлау үнемі тұлғалық шарттанған, ал екіншіден,  бейнелікте, түсінік те деңгейдегі ойлау операциялары үнемі жобалық типтегі тапсырмаларды орындауға енгізілген. Керісінше, “ойлау берілген” тапсырмалар зерттелушілердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау үшін жиі қолданылады. Ойлауды тестологиялық зерттеу дифференциалды психологияда кең таралды.

Ойлауды зерттеуде тек сапалық қана емес, сондай–ақ сандық әдістер де қооданылады: интеллектінің құрылымын зерттеудегі факторлық талдау, ойлаудың адамның индивидуалды–психологиялық ерекшеіліктеріне тәуелділігін зерттеудегі коррекциялық талдау, жасанды түсініктердің қалыптасуындағы ақпрараттық талдау, ойлаудың эмоциялық реттелінуін зерттеудегі көп өлшемді шкалалау әдістері және т.б. Сонымен бірге ойлауды математикалық және бағдарламалық модельдеу әдістері де дамыды.

Ойлауды зерттеу әдістерінің әрқайсысының өзінің күшті және әлсіз жақтары, шектелген шектері бар, сондықтан арнайы жұмыстардан әдістердің әрқайсысына жеткілікті қатал сыни ескертулерді табуға болады. Мысалы, лабораториялық эксперимент әдісін, тәжірибелерге қатысатын зеттелушілер шешетін тапсырмалардың жасандылығы және қарапайымдылығы үшін кінялайды. Шынында да, зерттелушілер ғылыми жаңалықтар ашпайды, жасамайды, мысалы, “төрт нүктені қосады”. Осы шынайы қыиндықтардан шығу ойлауды зерттеудің әр түрлі әдістерін сәйкестендіруде, сонымен қатар лабораториялық жағдайларда қолдануға болатын және сондай–ақ шынайы іс -әрекеттің фрагменті болып табылатын модельдік тапсырмаларды қолдануда болып отыр. Осы тұрғыда ойындық тапсырмалар қолайлы болады.

Қалыптастырушы эксперимент әдісінің жақтастары белгілеуші эксперименттің мәнін көбінесе дұрыс бағаламайды. Шын мәнінде кез келген қалыптастырушы экспериментке қатысты не қалыптасқандығын, қалыптастырушы эксперименттің нәтижесі экспериментатордың мақсаттарына қандай қатынаста екендігін тексеру (бағалау) тапсырмасы туындайды.

Қазіргі кездегі әдебиетте өзінің шығармашылығы туралы ірі ғалымдар мен өнертапқыштардың айтқандарының рөлін әсірелеу үрдісі сақталуда. Бұл айтылғандарды, олар қаншалықты маңызды және қызықты болса да, ойлау субъектісінің өзіндік сана–сезім деңгейін сипататтайтын көмекші, екінші рет материал ретінде қарастыру керек. Істің мәніне келсек, психологтардың ойшылдың іс-әрекетінің екіжақты өнімімен жұмыс жасауына тура келеді– жасалған теориямен, жасалған нәрсемен (шешілген тапсырмамен) және бұның қалай жасалғандығы туралы қалыптасқан түсінікпен. Бұл өнімнің екіжақтылығы адамның ойлау іс-әрекетінің психологиялық құрылысын бейнелейді. Өзіндік сана–сезімге (рефлексия) қолдануда рефлексия өнімін және рефлексия процесін осылай ажырату қажет. Ойлауға қатысты рефлексия тіпті теоретиктерде де адекватты болуы міндетті емес. Сонымен, мысалы, М. Бунге бірқатар философтарға мынадай “аңызды” тарату жауапкершілгін жүктеген: “ғалымдар, олардың кез келген ғылыми мәселемен айналыса алатындығына сүене отырып, жақсы өңделген және стандартталған екі тәуелсіз әдістерге сеніп отырғандығына сенім артады. Бұл әдістер– дедуктивті және индуктивті–ғалымға күмәнсіз, байқап көрмей–ақ, талантсыз да әрекет етуге мүмкіндік береді”.

Ойлауды зерттеу әдістерінің саналуандығы ойлауды психологиялық зерттеу типтерінің де дифференциациясына алып келеді
Тағы рефераттар