МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……4

1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы……7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері…..16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы….25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі……30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану….46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері ….48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық технология компонеттері…..53
3.1. Мультимедиа……59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері…….65

Қорытынды…..83
Пайдаланылған әдебиеттер….

КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»   «… білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап керсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы — басты шарт.

Мұғалім қызметінің негізгі мәні — оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.Қазіргі кезде оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адам-заттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестшігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір оқушының ерекшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек.Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде ғана жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік әрекетшілдіктің яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім.Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын әрекетшілдікпен дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және субьекті үшін осы әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге жүреді.

Кәсіпке баулу барысында оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары.Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек негізінен мектеп жасынан бастап қалыптастыру іскер маманның негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі.Бүгінгі таңда осы бағытта жасалынған бірқатар ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады. Мысалы, П.М.Эрдниевтің дидакталық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңнен танымал. Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейсованың, Ә.Жүнісбектің, Қ.М.Нағымжанова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горьунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.Қазіргі кезде заман талабына оқушыларды жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып білім беру арқылы оқытудың тиімді әдістерін қарастыру, әрі жастардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

 Дипломдық жұмыс / 83 бет
Тағы рефераттар