Өндіріс және тауар туралы қазақша реферат

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады. Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да  ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.

Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру, баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру. Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу нәтижесінде, байқалған кемшіліктер түзетіледі.

Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.

Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:

—  тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

— тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

—   тауар сатуға арналған

Австриялық экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К.Менгер ) тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды.

Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

—      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

—      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.
Тағы рефераттар