1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жұмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жұмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитет            сайлау    солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер  138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді.[19] Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың калыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.

Фашизмге қарсы барлық жұмысшылар қауымы бірлесіп күресуге бел буды. Осы кезде пролетарлық қорғаныс комитеті құрылды.  Осындай комитеттің бірі Генуде жылдың шілдесіндегі фашизмге қарсы манифестацияда рим пролетариатының қорғанышы ұйымын құруда үлкен рөл атқарды. Олар Италияның көптеген қалалары мен аудандарында  фашистерге қарсы қарулы қақтығыстарға қатысты.

Социалистік және коммунистік партиялардың өрескел қателіктеріне қарамастан еңбекшілердің фашизмге қарсы күрестері 1921 жылдың жазында өсе бастады. 1934 жылы Италияның комунисттік және социалисттік партияларының арасында қимыл жасауда  бірігу  пакт жасалды. 1937жылы бұл пакт жалпыға таратылды. Жалпы саяси бағдарлама жасалды. Италияндық фашизмге қарсы қимыл біркелкі өте жарқын көрінді. Италиян-германдық фашистік интервенцияда, Испаниядағы ұлттық-революциялық соғыс кезінде италиян антифашистерінің саны мың жеті жүзге жетті.

Ұлттық- демократиялық республика үшін күрестің бағдарламасы Италияның коммунисттік партиясы жасаған, соның негізінде жасалған 1938жылы Италияның өзінде антифашистік ұйымның құрылуында маңызды рол атқарды. Бұл резолюцияның негізгі элементтері ИКП-нің бағдарламалық құжаттарында жазылды.

Коммунисттік және социалисттік партиялар қозғалысындағы жаңа хартия.

1937жылы 26 маусым

Италияның комунисттік және социалисттік партиясы Испанияда да фашизммен соғысқа қарсы куресе білетінін көрсете білді. Толық, нақты бірігіп жасалған шешім жеңіске жеткізді.

Келесі пунктер жаңа хартияны құрайды.

I.      Италияның комунисттік және социалисттік партиясы байланыстарды
күшейту шешімін қабылдады, яғни оларды біріктіретін жалпы саяси қозғалыста және күнделікті практикалық жұмыста олар байланыстардың бір-бірімен нақтылығын екі партия арасындағы біріккен фронт формасын антифашистік күштің италиядағы бірігу жағдайын қарастырды.
II.      Кластың және саяси күрес екі партияның да бірігуіне жол ашады яғни бұл партиялар халықты бостандықтары үшін күресуге, демократиялық республика орнатуға шақырды. Халықты нанмен қамтамассыз етуге тырысты. Фашизмнің жойылуына бірігіп шаралар жасайды.
III.      Бұл мақсаттар орындалу үшін партиялар фашизмге қарсы барлық антифашистерді партиялар мен ұйымдарды бір орталыққа жинады.Олар бір уақытта Италияда италияндық халықтық фронтты қабылдады.
IV.      Фашистік күрестің ішкі және сыртқы саясатына қарсы бұқаралық соғыс фашистік режимді жоюға бағытталды. Екі партия да фабрикаларда,   қала кварталдарында , жастар орталығында, ауылдарда мектептерде, армияда өздерінің яғни экономикалық және саяси талаптарды орындатуға мойындарына үлкен жауапкершілік алды. Осы мақсатты пайдалана отырып фашистік режимнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. Екі партия да Испан республикасының көмегіне сүйенді оның халқымен, армиясымен, үкіметімен тығыз байланыста болды. Олардың алдында бір ғана мақсат тұрды, барлық күштерді фашистерге қарсы жұмылдыру. Муссолини саясатына қарсы шығу, Берлин –Рим  белдеуін жою мақсаты тұрды. Екі партияда әлемнің  халықаралық саясатына сүйенеді, яғни Ұлттар лигасын нығайтатын жүйе  негізінде агрессияға қарсы саясат ұстанды. Олар Совет Одағына қорғауға бірігуге және барлық елдердегі халық қозғалысының өрлеуін  қолдауға, ұлттар лигасының уставын қабылдауға, фашист агрессорларына қарсы күреске, Испан республикасын фашистерден қорғауға бірікті.

V.      Бұл екі партия бірдей социалистік интернационал жұмысшылары арасындағы қимыл бүлігін бақылап отырады. Олардың комунисттік интернационалмен , провсоюзды интернационалмен бүлігін қамтамассыз етеді. Бұл бірігуді әлемдік масштабта және әрбір жеке елдерде дамуын, фашизмге қарсы күрес тапсырмаларының бәрімен келісуі тиіс.
VI.      Екі партия да жұмысшы кластың бүлігін жауапкершілікке алды және оның фашизм мен капитализмге қарсы күресін ойдағыдай етуіне жағдай жасады. Жұмыс екі партия қызметкерлеріне жүктелді.
VII.      Екі партия да ұйымдағы секілді толық автономия сақтайды сол сияқты теоретикалық қатынаста да олардың әрбірі өздерінің қызметтерін жалғастырады, құқықты пайдалана отырып ой-пікірді, ұсыныстарын теориялық және тактикалық түрде ашық айтады.[19]

Фашистердің ұстанған қағидасы: барлық жеке және топтық мүдделер нәсілдің мүддесіне тәуелді болуы керек. Фашизм дегеніміз саяси, әскери және экономикалық ағза деп өз бағдарламаларында көрсетті. Алғашқы съезін өткізе салып олар осы аталған үш бағыт бойынша әрекеттерін күшейте бастады. 1922 жылдың қазанында социалистік партияның он сегізінші съезі өткізіліп, максималистер мен реформистердің фашизмге қарсы күресудегі партияның ұстанған саясатына баға беруде пікірталастар туындады.

1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы  Де Никола фашистер мен социалистер арасында «ымырласу пактісін» (Пакт умиротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. Муссолини және Социалистік партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы құрылған) бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің дұрыстығын Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра берді. «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де жоқ. [20]

Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағын (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанымен, оның реформистік  бағыттағы жетекшілері  пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы  Еңбек Одағы фашистік  террорға қарсы жалпы  саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік  бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған  тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді. Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса  да,  кейбірі ереуілді тоқтатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен арасын алшақтауға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.

Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына   жол   ашты.   Финанс   капиталының   үстем   болуы   өнеркәсіп конфедерациясы,   әскердегі   басшылық   король   сарайы,    Ватикан  -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық көрсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрылды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мыңға дейін), жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауына алынды. Фашистер   жұмысшыларды,   коммунистерді   аяусыз   қудалап,   террор ұйымдастырды. Мәселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистер Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан.[21  Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.

Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелік диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылды. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық кауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «заңдылық», «заңсыздық» деген ұғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым құру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті. [22]

1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен  Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты. Ол автордың атымен Ачербо заңы деп аталды. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол койды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокқа — 4.5 млн., қалған партияларға — 3.5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандаттарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар – 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішінде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына заңды түрде үшінші рет келуі:

бірінші — корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі;

екінші — парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі;

үшінші — сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.
Тағы рефераттар