Шымкент қаласы

№58 «Күншуақ» бөбек – жай

балабақшасының

тәрбиешісі  Арынғазиева Қ.М  

Ұйымдастырылған оқу – іс – әрекетінің технологиялық  картасы

Білім облысы: Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.

Білім бөлімі: Тіл дамыту,көркем әдебиет, айналамен танысу, сурет, жапсыру, құрастыру.

Тақырыбы: «Оюлар сыры».

Мақсаты: Балалардың туған елі – Қазақстанға, туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің байлығын, халқының тұрмыс – тіршілігін айтып түсіндіру, ұлттық бұйымдар мен қазақтың ою – өрнек түрлерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал – мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру. Өз ойларын жеткізу, берілген сұрақтарға толық сөйлем мен жауап бере білуге үйрету. Бастырып салу әдісі арқылы қылқалам және субояумен, желімдеп жапсыруда, құрастыруда жұмыс іскерліктерін қалыптастыру.                                                                                                       Қос тілдік компонент: Өрнек – узор.

Іс — әрекет кезеңдері           Тәрбиеші іс — әрекеті      Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

 

Балалар назарын қонақтарға аударады.

«Шаттық шеңберін» өткізеді.

 

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан қандай мемлекет?

Ия, біздің Мемлекет өзінің тәуелсіздігін алғанына міне 20жыл болыпты.

Елордамыз қандай қала?

 

Біз қай қалада тұрамыз?

 

Ұлтымыз кім?

Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 

Балалар сәлемдеседі.

 

Қайырлы таң, шуақты күн мен қалықтап ұшқан құстарым!

Қайырлы таң күлімдеген көздерің!

Әрбір жүрек мейірімге толы болсын.

Мейірімді таңымыз, шуақты да ұзақ болсын!

Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

Біздің елордамыз Астана қаласы.

Біз Шымкент қаласында тұрамыз.

Ұлтымыз қазақ.

1.Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суғарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уланған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2.Әйнегі күн, шатыры аспан, кең дала ….

Төл толған егін

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан Республикам менің.

3.Мы живем в стране особой,

Самой дружной, самой доброй.

Мы гордимся ею,

Родину своею.

Ұйымдастыру.

Ізденушілік

 

Балалар сендер басқа жаққа қонаққа барғанда, ата – аналарыңмен алыс сапарға шыққанда, өз үйлеріңді, туыстар достарыңды, өз көше – аулаларыңды, тұратын жерлеріңді сағынасыңдар ма?

 

Туған жер деп нені айта аламыз?

 

— Біздің туған жеріміз ата – мекеніміз – Қазақстан (Қазақстан туралы диск қойылады)

 

Табиғаты әсемде, әдемі, жері кең, пайдалы қазбаларға бай өлке.

Пайдалы қазбалар деген ол — көмір, газ, мұнай, алтын, жан –жануарлардың, құстардың, жәндіктердің, түр –түрі мекендейді. Жерімізде дәнді дақылдар, арпа бидай, күріш, тиары, жүгері көптеп өсіріледі. Жайнап жатқан бау – бақшамызда аз емес. Халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Туған ердің табиғаты әр адамға ерекше әсер береді. Адам өзінің туған жерін алыс сапарға шыққанда қатты сағынады, оны ешнәрсеге айырбастамайды. Адамның туып өскен, білім алып, өмір сүретін мекенін «Туған жер» немесе «Туған өлке» деп атайды. Туған жер, туған өлке туралы қандай өлең, мақал – мәтелдер білесіңдер.

(ағылшын тілінде)

Мақал – мәтел

Өте тамаша

күннен күнге көркейіп, әсемдене түскен елордамыз біздің мақтанышымыз. (буклет)

Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?

Біздің өлкеміз Оңтүстік өңірі деп аталады. Табиғатымыз көз тартарлық әсем де әдемі. Бидай, мақта алқаптары, бау – бақшалар, таулы, егіс жерлеріне бай өлке. «Бұрыңғы уақытта халқымыз көшпелі өмір сүрген. Өйткені мал шаруашылығы мен айналысқан, қай, сиыр, жылқы, түйе баққан. Жазы жайлауда шөбі мол жерде тұрған, қыста қыстауға көкен. Көшпелі өмірге қолайлы баспана ретінде киіз үйді пайдаланған. Үй іші жиһаздармен толықтырылған. Оның бәрі ұлттық нақышта әшекейленген. Ұлттық киімдер, ыдыс – аяқтар, бұйымдар, ою – өрнектер мен әшекейленген. Сендерге ойын ұсынамын. Ойын: «Киіз үйдің ішінде қандай бұйымдар болады?» деп аталынады. Ежелден келе жатқан аңыз бар. Жан – жануарлардың бейнесін салмаған олардың бейнесін ою – өрнектер арқылы көрсеткен.

Мысалы: 1.Қошқар мүйіз.

2.Ботамойын.

3.Сынық мүйіз.

4.Құс қанаты.

5.Бұғы мүйіз.

6.Толқын.

7.Ирек оюларымен әшекейленген.

Ал бірнеше оюларды біріктіру арқылы өрнектер шығарған.

Қазір біздің балалар ұлттық киімдер мен бұйымдар көрсетілімі өткізіледі (музыка ойнайды)

Ою – өрнек жайлы мақал – мәтелдерді де еске түсірейік.

Сергіту сәті.

Ия, балалар «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» — дейді халық даналығы. Біз де өз өнерімізді ортаға салып көрсетейік. Сендерді өнер орталығына шақырамын.

1 Топ. Ою – өрнекті бастырып бояйды.

2 Топ. Түрлі – түсті салфеткамен жапсыру жұмыс орындайды. Жапсырудың мұндай түрін-

деп атайды.

3 Топ. Ермексаз бетіне дәндерді орналастырып ою – өрнек жасайды..

4 Топ. Кубиктерде үй құрастырады. Үй қабырғаларындағы өрнектерді дұрыс орнатулары қажет.

(Жұмыс жүргізіледі)

— Иә сағынамыз .

— Туған үй, көше, балабақша, ауыл, қала.

Балалар дискіні көріп тамашалап, тыңдайды.

1.Атқұлақты ат қылып,

Асыр салғаны осы жер.

Ақ батпаққа аунасып

Жарыс салған осы жер.

Айналайын, туған жер,

Кіндік қайын туған жер!

2.Төскейден жел өседі.

Төбемнен бұлт көшеді

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

3.«My Kazakhstan»

My wonder full mother land

There are a lot of things:

Big mountains, rivers and

Friendly my people.

4.«My motherland Kazakhstan»

The best place in the world,

It place where was born.

My motherland Kazakhstan

I love you very mach!

 

1.Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

2.Ел іші – алтын бесік.

3.Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

— Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Өскемен.

Ұлттық киімдегі балалар бұйымдарды алып шығып қатарға тұрады.

1.Ою-өрнек дегенде ою-өрнек,

Қошқар мүйіз оюы болсын ермек.

Кел достар көңілді ән салайық..

Топқа келген қонақты қарсы алайық.

2.Көздің жауын алатын

Көрсең апам киізін,

Елестетер оюы

Иір арқар мүйізін.

3.Киіз үйдің ішінде

Ала қотан отырып

Қаз табанды қолданып,

Басқұр, баулар тоқыдық.

4.Қол таңбасын әжемнің анық көріп,

Бұл кестенің сырына қанық болып,

Өнерімен өзгелерді тамсандырып

Құс қанаты өрнегін салып бердім.

5.Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт дәчтүрі халқымыздың жалғасуда.

Сынақ мүйіз оюы сәндікпенен

Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда.

1.Өнерлі өрге жүзеді.

2.Өнер бұлақ, білім шырақ.

3.Өнерлі бала сүйкімді.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді жазайық.

Айналаға қарайық,

Отырып, тұрайық.

Біз тынығып алайық,

Тынығып болған соң

Әсем өрнек жасайық.

Рефлексивті түзетушілік Балаларға жасаған жұмыстарына баға береді. Сұрақ қою арқылы жасаған жұмыстарын әңгімелеп беруге ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не жайлы әңгіме еттік? Бүгін жақсы қатысып отырған балаларға рахмет. Өз елдеріңді, туған жерлеріңді қадірлеп, оны әр уақытта қорғап жүретіндеріңді көрсетіңдер.

1.Қошқар мүйіз оюын бастырып, қызыл түсті бояумен боядым. Бұл оюмен ыдыс-аяқ, киімдерді әшеелейді.

2.Ботамойын оюын түрлі-түсті төртбұрыштап кестеленген салфетканы чіріңкеге орап, желімдеп жапсыру арқылы шығардым.

4.«Құс қанаты» ою-өрнекті кубиктерді құрастыру арқылы шығардым.

Туған жеріміз, еліміз Қазақстан мемлекеті жайлы әңгіме еттік.

Күтілетін нәтижесі: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен қарау керек екендігін түсінеді.

Білуі қажет: Ою – өрнек сырларын біліп, құрастыра білуі қажет.

Қалыптастыру түсініктері: Ұлттық киімдердің, бұйымдардың ою-өрнекпен әсемделетінін білу.

Орындалуының қабілеті: жақсы деңгейде.

.

Тағы рефераттар