Өздік есімдігі туралы қазақша реферат

Өздік  есімдігінің ерекшелігі есімдік сөз табының ішінде жалғыз өз сөзінің даралығында болып табылады. Сонымен бірге өздік есімдігі тәуелдеулі формада қолданғанда жіктеу есімдігі қабаттасып не қабаттаспай айтыла береді: өзім – мен өзім, менің өзімнім, өзімнің;  өзің, сен өзің, сенің өзіңнің, өзіңнің; өзіңіз – сіз өзіңіз, сіздің өзіңіздің, өзіңіздің; өзі – ол өзі, оның өзі, оның өзінің, өзіңнің т.б.

2) Өздік есімдігі тәуелдеудің қай жағында тұрса, қабаттасқан жіктеу есімдігі сол жақта қолданылады: Сендер өздерің, сендер өздеріңнің т.б.

3) Бастауыш болған өздік есімдігі тәуелділіктің қай жағында тұруына байланысты баяндауышта жіктіктің сол жағында қиысады (тәуелдеулі зат есімде ондай қасиет жоқ):

Жолдасым көрген (жақтаспайды)

І жақ       ІІІ жақ

өзім көргенмін   (жақтасып тұр)

өзің көргенсің               —

өзіңіз көргенсіз             —

өзі көрген                      —

Ескеретін жағдай тәуелдеулі өздік есімдігі сөйлемнің барлық  мүшесі болғанмен, бастауыш есімшеден болса, өздік есімдігінен болған баяндауыш бастауышпен жақтаспайды да алдыңғы жіктеу есімдігінен болған қосалқы анықтауышпен қиысады.

Мысалы: Осы ауыртпалықты көрген адам мен өзіммін (менмін)

— « —                              адам сен өзіңсің (сенсің)

— « —                              адам ол өзі (ол)

Сонымен қатар, өздік есімдік зат есімнен бұрын қолданғанда, ілік жалғауы түсіріліп айтылуы да үнемі анықтауыштық қызмет атқарады: өз кітабым, өз (өзіңнің) кітабың т.б.

Тәуелдеулі өздік есімдік тәуелдеулі зат есімдерше септеледі.

Мысалы: А. өзім (інім)                      Ж. өзімде (інімде)

І. өзімнің (інімнің               Ш. өзімнен (інімнен)

Б. өзіме (ініме)                    К. өзіммен (ініммен)

Т. өзімді (інімді)

Өздік есімдігінің мына секілді де ерекшеліктері кездеседі. Өздік есімдігінің көнеленуінен (жалаң не қосарлы түрі болсын) басқа сөз табына ауысқан түрлері кездеседі. Мысалы: өзге, өзгеше, сын есім, өзді-өзі, өзімен-өзі немесе өзімше, өздерінше, өздігінен, өзінше секілді сөздер үстеу категориясына айналған. Әрине бұл сөздердің түбірін, этимологиялық жақтан тарихи тұрғыда қарасаң, ортақ түбір өз деген есімдігі екенін анықтау қиын емес.
Тағы рефераттар