Осы күнде ешбір толыққанды жөндеу жұмыстары қайта жобалаусыз жүзеге аспайды. Адамдар әдетте өз тұрақтарын өз талғамдарына, әдеттеріне және жайлылық туралы түсініктеріне байланысты «бейімдейді». Сол себепті артық қабырғаны алып тастау, бөлмелердің кескінін өзгерту, дыбыстық оқшаулануды арттыру, еден төсемдерін өзгертіп, оған жылы еден орнату, лоджияға терезе салу және сол сияқты көптеген қажеттіліктер туындайды. Алайда бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әр түрлі қажетті орындардан сәйкес рұқсаттар алу қажет.

Қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін сіз мемлекеттік өкілеттілігі бар сәулет, құрылыс және қала құрылысы органдарына өтініш тастауыңыз қажет.

Арызға қосымша ретінде:Подпункт 1 изложен в редакции постановления Правительства РК от 29.09.09 г. № 1467 (см. стар. ред.)

1) Сіздің өзгертілетін орынға (ғимарат бөлігіне) иелігіңізді куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтінішті қарастырып отырған орган құжаттардың растығын тексеруі үшін құжаттардың түпнұсқалары салынуы қажет немесе өзгертуге келісімі жөніндегі орын иесінің (немесе иелерінің) нотариалды куәландырылған хаты;

2) жергілікті сәулет және қала құрылысы органының тапсырмасына сәйкестендірілген жоба (эскиз) қажет.

Егер орынды (тұрғын үй бөлігін) жоспарланған қайта жөндеу жұмыстары (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе қабырғаларды жылжыту өзге тұрғын орындарының мүддесіне әсер ететін жағдай туындаса, онда өтінішке оларың осы өзгерістерді енгізуге жазбаша түрдегі нотариалды куәландырылған келісімдері қосылуы қажет.

Орындарды (ғимарат бөліктерін) өзгертуге бағытталған құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру немесе бермеу жөнінде өтініш тасталғаннан кейін 5 күн ішінде хабарлануы керек.

Егер қайта жоспарлау кезінде өзгерістер тұғырлық конструкцияларға (құрылымдарға) немесе ортақ мүлікке әсер ететін болса,  сіздің тұрғын үйіңіздегі пәтер иелерінің кем дегенде үштен екі бөлігінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ал егер өзгерістер тек өзге орындардың (үй бөліктерінің) иелеріне әсер етсе немесе пәтердің өзгертілетін бөліктерімен шектесетін пәтер иесіне әсер етсе, ол жағдайда тек аталған тұлғалардың жазбаша келісімдері жеткілікті.

Рұқсатсыз қайта жоспарлау  құрылыс нормалары мен ережелерінің, өрттен сақтандыру және санитарлық талаптардың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде тұрғын үйдің жекеленген құрылымдары мен жүйелерінің және жалпы техникалық жағдайға әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Нәтижесінде, бұл түрлі айыппұлдарға, тіпті пәтердің тәркіленуіне әкеліп соғады.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz – «Крыша» сайты;

2) www.kn.kz/ — «Недвижимость Казахстана» сайты;

3) www.tumba.kz – «Тумба» газетінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы  www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтерді жобалау», «пәтерді қайта жобалау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар