Персонал және оны басқару туралы қазақша реферат

Персоналды басқару – іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның  мәселесі – кәсіпорынға қажетті уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру,оқыту және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйым игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. Персоналдарды басқару ісінің негізін құраушы, басты элемент – кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын деңгейіндегі қызметкерлер, жалпы алғанда адам ресурстарын нәтижелі жоспарлау, бөлу және кәсіби дамыту. Оның негізгі элементтерін саралай келе біз қызметкерлерді басқару  ісінің бөлінісі құрылымын және ұжымдық жүйедегі көрінісін байқай аламыз.

Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқару объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Сондақтан өндірісте адам ресурстарын жоспалау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас болып келеді

Қызметкерлерді басқару ісінің негізін құраушы, басты элемент – кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын деңгейіндегі қызметкерлер,жалпы алғанда адам ресурстарын нәтижелі жоспарлау, бөлу және кәсіби дамыту. Оның негізгі элементтерін саралай келе біз қызметкерлерді басқару  ісінің бөлінісі құрылымын және ұжымдық жүйедегі көрінісін байқай аламыз. Әсіресе атап өтер жайт негізінде сатылы жұмыс жасау, кәсіпорынға келеген жаңа маманды ұжым мәдениеті, тәртібі мен ерекшеліктеріне бейімдеу және жалпы қызметкерлермен жұмыс жасау жүйесін қадағалау процессін жеңілдетуге болады[3].

Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқару объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Сондақтан өндірісте адам ресурстарын жоспалау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық – заттай элементтерін басқаруға ұқсас болып келеді.

Ғылыми әдебиеттерде «Қызметкерлерді басқару» түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі  :

  1. Институционалды анықтама: Басқарма – бұл ерекше әлеуметтік бедел, әкімшілік қызмет. Ол қарамағындағы ұйым мүшелеріне өз көзқарасын мойындатуға мүмкіндік береді және әдетте билік аспектісі, яғни беделді иелену,адам мінез – құлқын өзгертетін  белгілі ресурстарға ие болумен (ақшалай сиақы, қызметін жоғарылату немесе төмендету мүмкіндігі,моралды көмек білдіру және жұмыстан шығару мүмкіндігі т.б.) сипатталады.
  2. Процессуалды дефинициялар: басқарма бір тұлғаның өзге қызметкерлерге үздіксіз, басымдылықты, мақсатты әсер етуін сипаттайды. Мұндай анықтамаларда негізгі зейін бедел мен өзгелерге әсер етуінге қойылады.
  3. Ынталандырушы анықтама: басқарма кәсіпорын қатысушыларын ортақ мақсаттарға жету үшін ынталандыруға бағытталған. Бұл топ дефинициясы негізінде ынталандыру процесінің маңыздылығы жатады.
  4. Телеологиялық (қойлған мақсат негізінде) анықтама: белгілі топ мүшелерінің жеке мүдделері мен ұйым мүделерінің бір араға келе отыра үштасуын қамтамасыз ету арқылы жұмыс жасауға  ұйымдастыру және ынталандыру. Персоналды телеологиялық басқару мінездемесі ғылыми әдебиеттерде жиі кездеседі және өздігінен ынталандырушы сипатта көрсетіледі.
  5. Топқа бағытталған дифинициялық анықтама:  белгілі бір мақсаттарға жету үшін бір топ адамды іске ынталандыру және біріктіру. Мұндай анықтамалар топтың маңыздылығын артыратын   басқарушылық қызметтің колективті мінездемесін  көрсетеді.
  6. Белсенділеуші анықтама: бұл жағдайда басқару персоналға жауапты тұлға тарапынан жалпы белсенділікті ынталандыру,оны бақылау және реттеуге негізделеді.Дәлірек айтқанда билік пен жауапкершіліктің бір тұлға төңірегінде шоғырлану сипаты көрініс табады
  7. Ақпараттық (коммуникациялық — интеракционды) анықтама: басқару ортақ көлемді ақпарат каналы іспеттес, яғни ұйым ішіндегі ресми және ресми емес ақпарат ағымының барлығы дерлік басты мақсатты жүзеге асыруға бағытталады.

Қайраткерлік анықтама: басқыру – бұл белгілі бір қызмет – қимылдарды құрылымдық жүйелендірілген түрде бақылау және реттеу. Бұл түрдегі анықтамалар қызметкерлерді басқару ісіндегі басқарушы менеджердің координациялық, бағыт берушілік  және жалпы реттеушілік қызметінің  маңыздылығын айқындай түспек
Тағы рефераттар