Персоналдар құрамы және оның басқарылуы туралы қазақша реферат

Фирма шеңберіндегі ұйымдық құрылымның асыл мақсаты жекелеген бөлімдер мен бөлім өкілдері арасында нақта өзара байланыс орнату,басқару ережелері негізінде жауакершілік пен құқықтарды, билік үстемділігін бөлу болып табылады.Фирманың ұйымдық құрылымы мен оның басқару модельдері өзгеріссіз, тұрақты  құрылым емес, керісінше нарық талаптары мен ұйым ішіндегі өндірістік — әкімшілік ауытқуларға сай икемді, бейімделгіш механизм. Әрине кәсіпорынның ұйымдық құрылымын анықтайтын бірнеше алғышарт бар. Атап айтқанда олар кәсіпорынның көлемі, өндірістік профильі, яғни шығаратын өнім түрі мен оның ерекшеліктері, қызмет ету аясы мен тұтынушылар аудиториясы т.б. жатады.

Олар – қызмет көрсету бөлімі; кадр басқару бөлімі; өткізу бөлімі; бухгалтерия; шығармашылық бөлім; қамту бөлімі; құқық бөлімі;  болып бөлінеді Қызмет көрсету бөлімі шеңберінде күзет қызметі, генералды директор хатшысы және кеңсені тазалаушы қызметкерлер еңбек етеді. Бұл бөлімнің басты іс-әрекеті мекеменің негізгі қызметіне көмекші қызмет жасау.

Күзет қызметінде екі  ер адам кезектесіп іс атқаруда. Кеңсе тазалау ісінде екі әйел адам және хатшы қызметінде бір қыз бала қызмет атқаруда

Кадр бөлімі шеңберінде кадр бөлімі бас менеджері және кадр бөлімі менеджері қызмет атқаруда. Бұл бөлім аясында мекеме қызметкерлерінің еңбек жағдайы, жаңа маманды іздеу, таңдау, қызметке қабылдау, оқыту,     қызметтік саты бойынша жылжыту т.б. мәселелері өз шешімін табуда.

Комерциялық бөлім аясында жеті жоғары квалификацияланған маман қызмет атқаруды. Бөлімнің жас құрылымы негізінде білім ордасын енді тәмәмдаған жас мамандар құрауда. Бұл мекеме қызметіне жаңа идеялар мен жаңа толқын сипатын беруде. Бөлімнің басты қызметі ретінде өнімді өткізу шаралары, атап айтқанда жарнама іс-шаралары, жаппай ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс, нарықты зерттеу, сапа менеджменті аясында ИСО стандарттарына көшу іс шарасын ұйымдастыру  және т.б. көптеген іс — әрекеттер жатады.

Бухгалтерия, яғни мекеменің қаржылық шығыстары мен кірістерін ортақ балансқа біріктіріп жалпы қаржылық ахуалды сараптаумен аайналысады. Бөлім аясында бас бухгалтер және көмекші бухгалтер қызмет етеді. Мекеме шеңберіндегі барлық қаржылық операцияларды іске асырып, экономикалық тұрақтылықтың негізгі айнасы ретінде болып келеді.

Қамту бөлімі – дүкенді керек жарағын қамтумен айналысады. Бұл бөлім аясында алты адам, яғни атап айтқанда бөлім менгерушісі, оның көмекшісі, екі шопыр немесе ауыр жүк машинасына және қызмет бабындағы жеңіл автокөлік жүргізушілері, екі жүк тасушы ер адамдар жұмыс жасауда.

Құқық бөлімі өзге бөлімдерден біршама ерекше. Яғни өзге бөлімдер кәсіпорын кеңсесінде тұрақты орын иеленіп, оның негізгі және көмекші қызметімен шексіз байланыста болса, бұл бөлім бір заңгер маманнан құралып, тек құқықтық мәселелерді шешуге қажеттілік туғанда ғана сағаттық кеңес беруге шақырылады.Бұл құқықтық бөлім шығындарын әлде қайда қысқартып, жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыруда.

ЖШС кәсіпорыны билік бөлінісі келесідей болмақ – ең  алдымен ЖШС құрылтайшылар кеңесі, келесіде кеңес төрағалары шешімімен бекітілген бас директор және  оның қол астында жоғарыда аталып өткен сегіз бөлімнің басшылары кіреді.

Бас директор кәсіпорынның барлық түрдегі қызметін басқарады. Жасалған жобалар мен қабылданған шешімдерде шешуші нүктені қойып, фирманың тағдарына деген үлкен жауапкершілікті мойнына алады. Квалификациялық талаптары: жоғары экономикалық немес техникалық білімді, өз мамндығы немесе жұмыс орны талаптары бойынша басқарушы қызметтегі өтілімі 5 жылдан кем емес, тұлғалық және қоғамдық  беделі жоғары болуы шарт.

Бас бухгалтер – бухгалтерия бөлімінің дұрыс, рационалды қызмет етуі мен «1С Бухгалтерия» компютерлік бағдарламасы негізінде кәсіпорын дебитті және кредитті балансын қадағалайды. Сонымен қатар қызметкерлердің жалақысы есептемесі,мемлекеттік міндетті төлемдер мен өзге де шығындар ағымын  реттейді. Ресурстардың жетіспеушілігі мен ұрлықты болдырмау мақсаттында әр айдын соңында мүліктік ревизия жасайды. Бір сөзбен түйіндегенде, кәсіпорынның барлық қаржылық операцияларын дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Квалификациялық талаптары: жоғары экономикалық білімді, өз мамндығы бойынша өтілімі 5 жылдан кем емес, тұлғалық және қоғамдық  беделі жоғары болуы шарт[12].

Менеджер —  қызметкерлерді бөлімдер қажеттілігіне сай жоспарлау, жасалған жоспар негізінде жұмысқа қабылдау,еңбек нәтижесін бағалау, кәсіпорын аясында қызметкерлерді ынталандыру тетіктерін ойластыру,ұжымдық мәдениет пен рухты қалыптастыру,әр жеке қызметкер жөнінде деректер жинап, архивтеу және болашақ басқарушы кадрлар резервін ойластыру, мамандардың кәсіби дәрежесін жоғарылату мақсатында оқу курстарын ұйымдастыру, жұмыс орнындағы санитарлық – гигиеналық шарттардың сақталуын қадағалау, мемлекет талаптарына сай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. бойынша шешімдер қабылдайды. Квалификациялық талаптары: жоғары экономикалық немес социалдық білімді, өз мамндығы немесе кадрлық және рекрутингтік агентіктер бойынша өтілімі 5 жылдан кем емес, қоғамдық  беделі жоғары болуы шарт.

Комерциялық бөлім басшысы – кәсіпорынның өнімді өткізу және маркетингтік саясатын ойластыру, жарнама және қоғаммен байланыс шараларын ұйымдастыру, жалпы маркетингтік жоспар құру т.б. жөніндегі мәселелерді шешеді. Квалификациялық талаптары: жоғары экономикалық білімді, өз мамндығы немесе жұмыс орны талаптары бойынша өтілімі 5 жылдан кем емес, әр түрлі ақпарат құралдары мен Пресс релиздерге қатысу тәжиірбесі, жарнамалық жобаларға қатысу тәжиірбесі, тұлғалық және қоғамдық  беделі жоғары болуы шарт. Осы және өзге бөлімдерді есепке ала отыра біз өзге бөлімдер басшылары жоғарыдағыдай қызметтерді атқарады деп тұжырымдай аламыз.

Жоғарыда аталып өткен бөлімдерді бір араға келтіре отыра біз  білікті мамандардың тұтастай біріккен ұйымдық құрылымын көре аламыз. Менеджмент іліміне танымал ұйымдық құрылымдар жіктеуі негізінде біз ЖШС ұйымдық құрылымын күрделі сызықтық құрылымға жатқыза аламыз. Яғни бұл құрылымға сай кәсіпорын билік иерархиясы бойынша ең жоғарғы билік иесі немесе басқарушы басқаруға байланысты барлық функцияларды тікелей орындайды. Бұл құрылым абсолютты түрде орталықтандырылған  және дара басшылық қағидаларымен қабылданған шешімдер үшін және жауапкершілікке талқылауға салып, топ ойын шығара отыра  қабылдайды. Біріктіру әдісі – аталған үш басқару стилін бірге қолданып, икемді басқарушылық шешімдер қабылдау[13].

«Блейк – Моутон» жүйесі —  американдық психологтар Роберт Блейк және Джек Моутонның жасап шығарған моделі.

Олардың пікірінше менеджер бола білу және басқара білу өте күрделі міндеттеме және арнайы дайындықты талап етеді. «Блейк – Моутон» жүйесі негізінде екі шешуші элемент, яғни адамдардын қамын жеу және өндірістін қамын жеуден тұратын тор түріндегі жүйе болып табылады.

«Блейк – Моутон» жүйесіне назар салып қарасақ бірінші жағдайда менеджер қызметкерлердің қамын жеу дәрежесі жоғары да, ал өндіріс қамын жеу дәрежесі төмен. Бұл типтегі менеджер өндірістік нәтижеге жету мен кәсіби қателіктерді қызметкермен аралықтағы қарым – қатынастан төмен қояды. Екінші түрдегі менеджер қызметкерлердің қамын жеуді де, өндіріс қамын жеуді де бірдей төмен ұстап, екеуіне де немқұрайлы қарайды.Мұндай басқарушының қызметкерлері де, өзі де кәсіпорынға кері әсір етеді. Үшінші түрдегі менеджер өндірістік мәселе мен өндірістін қамын жеуді бәрінен де жоғары қойып, адами фактор деген ұғымды ұмытып кетеді.мұндай менеджердің еңбек ұжымы осал, қызметкерлері ашушаң,ал жеткен жетістігі тек аз уақытқа жетеді. Төртінші түрдегі менеджер «Комбинатор» , яғни өзгеше айтқанда осы екі талпты да жоғары ұстап, өз қызметкерлерін нәтижелі ынталандыру негізінде жоғары өндірістік жетістіктерге ұласады. Әдетте мұндай маман кәсіпорын үшін таптырмас кадр. Бесінші түрдегі менеджер «Алтын Ортасы» екі шешуші элементті бірдей орташа ұстап, екі жағдайданда мүмкіндігінше жоғары нәтиже алуға тырысады. Бұл күнделікті тәжиірбеде өте жиі кездесетін менеджер сипаттамасы.

Әлемдік менеджмент ілімінде қолданыс тапқан басқару модельдерінің түрлері өте көп. Дегенмен, біздің жағдайда  ЖШС кәсіпорыны аясында қолданылатын басқарушылық модельдері осы екі үлгіге жақын келеді. Әрине әр бөлім басшысы өз ұжымына қажетті ахуалды жасап, топ ішінде достық қатынас құруға тырысады. Сонымен қатар қауырт, жедел шешім қабылдауды қажет ететін күрделі жағдайларда менеджер ең тәуір болады деген басқару стильін қолданады. Сол себепті автор фирманың басқаруға байланысты қатаң ұстанатын ережелері жоқ деген тұжырымға келді
Тағы рефераттар