Президент институтының моделдері туралы қазақша реферат

Президент институты алғаш рет 1787 жылы Филадельфиядағы Конституциялық конветте пайда болды және қалыптасты. АҚШ-та президент әрі мемлекет басшысы, әрі үкімет басшысы болып табылады. Сол кезендегі баскд елдерден ерекшелігі АҚШ-та мемлекет басшысы монархиялық, мұрагерлік сипатқа ие болмай, жаппай сайлау негізінде қалыптасты.

Солтүстік және Онтүсік Американын көпттеген елдеріндегі саяси жүйенің бөлінбес элементі Әр ел президентке саяси өмірде қандай рөл мен орын адатындығын өзінше анықтайды. Қазақстанға президент институты 1990 жылы енгізілді, 1990 ж. 24 соуірде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. Мәселен, 1993 жылғы мәлімет бойынша БҰҰ-ға мүше 183 елдің 130-дан астамында президент институты бар.[10]

Президент ннститутының, амернкандық моделі. Кезкелгеи елдегі баскару үйесінің қальштасуы көптеген факторларға тәуелді. Бұл процеске елдерді тарахи даму ерекшедігі, оның саяси мәдениетінің түрі,конституциыны әзірлеу мен қабылдаудағы әр түрлі саяси күштердің қатынастарының ерекшеліктері тікелей ықпал етеді. Басқару жүйесін таңдауда алдыңғы қатарлы саяси тұлғаның ықпалы, яғни субъективті фактор да ерекше рөл атқарады. Осылар ықпалы негізінде өр елде әр түрлі басқару формалары қалыптасты. Парламенттік басқару, мемлекет басшысы конституциялық монарх, бірінде күшті президенттік институт, бірінде биліктің тармақтарының өкілеттігі теқдігі сезіледі.

Президенттіктің американдық моделі рационалдылығынен ерекшеленеді, онда көп елдерге тән, ақарушы биліктің дуализмі жоқ, яғни президент пен премьер министрдің бәсекелестігі, себебі премьер-министр қызметі жоқ. Сонымен бірге, бұл модель өзінің сабақтастығын, үздіксіздігін дәлелдей білді. АҚШ тарихында қандай саяси-экономикалық дағдарыс, соғыс жағдайы болсын президентік сайлау мерзімінен ауыстырылмаған, әр уақьпта АҚШ Конституцясы белгіленген мерзімде өткізілген.

Американдық модель саяси жүйеде қосөкімет пайда боуына жол бермейді, яғни президент өз саясатын, конгресс өз курсын жүргізуге жол берілмейді. Тіпті президент бір партия өкілі, ал коргресс оппозициялық партия көпшілігінен құрылса да, мемлекеттік саясат бірлігі қамтамасыз етіледі.

АҚШ-тың президент институтының моделі Латын Америкасы, Азия, Африканың кейбір елдерінде де қалыптасқан, бірақ олар авторитаризмімен ерекшеленеді, кейде тіпті тоталитарлы тәртіпке де өтіп кеткен кездері болды. Сонымен АҚШ классикалық президент конститутына тән ерекшеліктер мыналар[11]

• Президент — мемлекеттік биліктің бүкіл атқарушы тармағының басшысы.

•  Конгресс  — мсмлекеттік биліктін жоғаргы өкілділік және заңшығарушы ұйымдары.

  • АҚШ президенті міндетті қолданылатын атқарушы бұйрықтар шығаруға құқылы.
  • Президент биліктің стратегиялық құралы- мемлекеттік бюджетке ие.
    • Елдің негізгі дипломаты президент болып табылады.
    • Президент АҚШ қарулы күштері- әскер мен флот қолбасшысы.
  • Атқарушы билік басшысы ретінде президент өз әкімшілігінің кезкелген мүшесін отставкаға жібера алады.Президент штат билігі қолдауы арқылы Ұлттық гвардияны көтерлісті басу үшін қолдана алады.

• Президент өкілеттігі 4 жылға шектелген. Сондай-ақ бір адам президентікке екеуден артық сайлана алмайды.

Европа елдеріндегі президент институтгары. Батыс Европа елдерінде жартылай президенттік немесе парламенттік басқару жүйесі калыпыптасқан. Бұл екі жүйеде де американдық моделге карағанда президеиттің өкілеттілігі шектеулі. Яғни президент мемлекет басшысы, бірақ үкімет басшысы емес, ол премьер-министр орнын иелене алмайды.

Жартылай президенттік республикада президент қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады. Сонымен бірге оған сыртқы саясатты жүргізу мен анықтауда шешуші рөл беріледі. Сонымен бірге, елде төтенше жағдайды енгізуге, өз белсенділігі бойынша жалпыхалыктық референдумды өткізу құқына ие, әрі мемлекет еаясатына белгілі бір ықпалдар етуге қабілетті. Жартылай президенттк басқаруда американдық моделдегідей атқарушы билікті толық иелене алмайды. Бұл моделде президент үкімет басшысы бола алмайды, әрі үкімет парламенттегі партиялық фракциялар қатынасына сай құрылады.

Президент билігіне қойылған негізгі шектеудің бірі — жартылай президенттік басқарудағы үкімет президент алдында емес, парламент алдында жауапты.[14]

Үкімет жартылай президеттік басқару жүйесінде президентке тәуелсіз, ол парламенттік көпшілікке арқа сүйейді. Нәтижесінде премьер президентке оппозицялық партия өкілі ретінде президент жоне мемлекет басшысына бағынбайды, сөйтіп мемлекет басшсы «Әскерсіз генерал» рөлінде қалады. Сонымен бірге президент үкімет әрекеті үшін жауап бермесе де, оның саясатына ықпал ете алады. Президенттік және парламенттік басқаруды біріктіре отырып жартылай президенттік республика Францияның Бесінші Республикасының конституциялық құрылысың калыптастырған. Бесінші .Республика қабылдаған Конституция генерал Шарль де Голль атымен тығыз байланысты. 1958 жылы 1 шілде өткен парламентге Шарлъ де Голль елдің конституциялық құрылысының негізгі кағидаларын таныстырды:

♦    билік көзі жаппай сайлау құқығы болып табылады;

♦   осы кұқық негізінде заңшығарушы және атқарушы биліктер сәйкес келетін мемлекеттік ұйымдарға тапсырылады;

♦   атқарушы және заңшығарушы биліктер әр қайсысы өзінің өкілеттілігін іске асыруы үшін нақты бөлінуі керек;

♦   Үкімет парламент алдында жауапты болуы тиіс;

♦   конституцияда жазылған кұқық пен бостандықтарды сақтауы үшін сот билігі тәуелсіз болуы тиіс;

♦   Конституция Республика мен оған қосылатын халықтардың қарым-қатынасын қалыптастыруы тиіс.

Атап айтатын нәрсе, президент Ш.Голль плебисцит дәстүрін қалыптастырды.

Парламенттік жүйеде президент мемлекеттің конституциялық басшысы. Бұл үкімет және оның қызметі президент бақылауьшан тыс өрбиді деген сөз. Премьер және оның үкіметі жоғарғы заңшығарушы ұйымға есепті, парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе тарап кетеді. Президент парламентік басқаруда үкімет әрекетіне жауап бермейді. Президент тәртіп кепілі, қайшылықты саяси дағдарыстар кезеңіңде немесе әртүрлі коғамдағы саяси-қоғамдық күштер арасыңда айтып тартыс болған жағдайда мемлекет басшысы арбитр қызметін атқарады, билік сабақтастығын, қоғамда тыныштық орнауын, барлық азаматтардың заңды сақталуына себепкер болады.

Жалпы парламенттік басқару формасының негізгі белгілері мыналар:

♦Үкімет парламенттік сайлау қорытындысы бойынша калыптасады, мұнда атқаруын билік басшысына жалпы халықтық сайлау өткізілмейді;

♦Үкімет мүшесіне беделді парламент мүшелері сайланады.

♦Үкіметті парламент тарата алады;

♦   парламенттік басқару формасында мемлекет басшысы конституцялық монарх немесе Президент болады.

.

Тағы рефераттар