Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi

1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:

1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.

2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен  бекiтiледi.

Прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды.

Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға берiледi. Лауазымды адамның заңсыз шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.

Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам он күн мерзiм iшiнде қарауға тиiс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi. Наразылықтың сотта қаралу мерзiмi заңдарда белгiленедi.

Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.

Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.


Тағы рефераттар