Пруссияның соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Бисмарк үкімет басшысы қызметіне тағайындалғанда Пруссия саяси дағдарыста еді. Король мен ландтаг арасындағы түсінбеушілік конституциялық конфликт деп аталды.

Дау туғызған мәселе әскери реформа еді, либералдар мемелкетінің милитаризациясына және юнкерлер позициясының күшеюіне қарсы болды. Король тіпті тақтан кетуді ойлаған еді. Әскери министрдің ықпалымен, ол Бисмаркті үкімет басына қоюды шешті.

Данияға қарсы соғысты бастағанда, Бисмарк Германия бірігуінің бірінші кезеңін жүзеге асырғысы келді. Күш балансының тұсынан Данияға қарсы соққының сәті дәл таңдалынды. Сол кездегі жағдайды А.С.Ерусалимский жақсы сипаттаған: “Австрия, Пруссия жеңісінен кейін табысты бөлгісі келді. Бонапарттың Франция Мексикасындағы соғысты бастады. Англия, соғысты тек континентальді державаның қатысуында ғана жүргізуге дайын болды. Кілт Ресейдің қолында еді”. Ресейдің дат соғысындағы позициясы Пруссияға жеңіс әкелді деуге де болады. Шығыс көршісімен қарым-қатынас бірігудің келесі кезеңін асыру үшін де қажет болды. Бисмарк тамаша дипломатиялық өнер көрсетіп, Австрияны көмексіз қалдырды. Ресейдің позициясы Пруссияның Австриямен соғысында да маңызды мәнге ие болды. Генераль Мольткенің басқаруындағы армиясы алдында жеңіске тез жету мақсаты тұрды. Пруссияның Европа ортасында орналасуы,армияның батыста шоғырлануы, барлығы да өте қауіпті болды. Бейтарап мемлекеттердің қатысын жоққа шығару үшін тез жеңіс қажет болды. Франция қарсы соғысқан Пруссия армиясының іс-әрекеттрінен шығыс шекараның қауіпсіздігі, Пруссияның тағдыры байланысты болды. Сондықтан да Пруссияның соғыстары бойында Бисмарк, ең алдымен Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту, династиялық және саяси байланыстар арқылы достық орнату мақсатын көздеді. Тарих коммунасының жеңісімен Бисмарктің ойынша одақтасы Ресейден іздеу керек болды.

Жалпы алғанда, Бисмарктің пруссиялық соғыстар кезіндегі дипломатиясын талдағанда мынадай қорытынды жасауға болады. Бисмарк жаңа, басқалардан өзгеше, өзіндік әскери-дипломатиялық стиль қалыптастырды. Оның дипломатиясына қатыгездік, агрессия, превентивті соғыс тактикасы тән болды. Бұл заманда, бұл дипломатия мен саясат өте эффективті болды.
Тағы рефераттар