Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу туралы қазақша реферат

Сайлау — халықтың тура өз қалауын еркін білдіру формасын көрсетеді, демократияның өте маңыздылығын көрсету және демократиялық мемлекеттің тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады.  Азаматтар сайлау арқылы билік органдарының қалыптасуна әсерін көрсетеді және осыдан өзінің құқығын ақиқатқа айналдыруда мемлекеттік жұмыстарды басқаруға қатысу, жалпы-саяси дамуға бағытталады және оның мінез-құлқын анықтайды. Сайлау кампаниясы— біршама қымбатқа түсетін іс шара. Сайлау кампаниясының кульминациялық күні үміткерелерді тіркеу болып табылады. Сайлау күні  — ол демократия мерекесі. Ол кейде ғана саяси адамдардың және олардың көшбасшыларының манипуляциялық нысанына айналады.  Сайлау кампаниясы дауыс беруді санаумен, анықтаумен және сайлау қорытындысын хабарлаумен аяқталады. Дауыс беруді санау өркениетті елдерде ешқандай қиындық туғызбайды. 

Күрес қорытындысы стратегия қозғалысы және сайлау кампаниясының тактикасы, сайлау технологиясы негізінде жүзеге асады.

Стратегия мақсаттары: сапалы мақсатты анықтау, сандық мақсатты анықтау, базалық электоратты анықтау, имиджді жасау, үміткер мінезіндегі ерекшеліктерді анықтау, ұранды анықтау, кампанияның концепциясын анықтау.

Егер, сайлау кампаниясының стратегиясы сұрақ жауабына негізделсе, не істеу керек, онда тактика – қалай істеу керек, яғни алға қойған мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Тактика – орны тұрғылықты халықты үміткер жайында ақпараттандыру, оның негізгі бағдарлама мақсаттарымен таныстыру; сайлаушылардың үміткер жайында көзқарастарын, түсініктерін, талқыларын, бағаларын біліп, дәл осы үміткерге дауыс беруді қолдау. Әртүрлі тактикалық тәсілдерді нақты тәсілдер арқылы ойға түю, сайлаушылар мотивациясын сайлау кампаниясының ұйымдастырушылардың мақсаттарына сәйкес қарастыру.

Қазақстан үшін қазіргі таңдағы бірінші дәрежелі міндет — сайлау кампаниясының заңды принциптерін бекіту. Сайлау заңдылығы олардың қорғалуын, заң жүзінде қызмет жасауына мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, бұл, сайлаулардың құқылы, көпшіліктің құнды ұстанымына сәйкес келеді. Біздің республика осы міндетті жүзеге асырудың жолымен жылжып келеді, әрі бұл ұзақ және қиын үрдіс екенін мойындауымыз керек.

Демократиялық мемлекетте сайлау кезінде бірауыздылық толықтай болмайды. Сайлаудың маңыздылығы әр азаматтың өз еркін, өз ойын, өз пікірін білдіре алуына еркіндік пен мүмкіндік беруінде. Сайлаудағы күрес арқылы ең соңында қоғамдық орындарда қалыптылыққа қол жеткізіледі. Сайлау кампаниялары кезінде көбіне адамдардың эмоционалдылығы, белсенділігі байқалады. Сонымен қоса заңнамалық регламентация сайлау кампанияларының

сапалы ұйымдастырылуын және олардың нәтижелілігінің дәрежесін арттырады.

Бүгін қоғам-саяси үдеріске басты қатысушы кілті, қоғамның демократиялық дамуы үшін негізгі керектісі саяси партия болып табылады. Саяси-демократиялық прюрализм, өкіл, сайлаудың негізгі принципі болып партия іс-әрекетіне ғана арналған. Бір негізгі конституциялық қатардың қасиетін бекітуде көппартиялық тек қана әртүрлі бағдарламамен (идеологиялық прюрализм) қаптаған партияның тіршілігінің бар болу мүмкіндігі, бірақ барлығы тең құқылы және партия заңына байланысты әрекет етуі керек.

Демократиялық елдерде саяси партия орталық жердегі шешім қабылдау үдерісіне негізделген, бұл шындығында демократияны көппартиялы жүйесіз дамыту мүмкін емес. Елде демократияның болашағын дамыту үшін партиялық жүйенің даму болашағы мен партия институтарын толығымен байланыстыру керек.  Осыдан сұрақ туады, қазіргі жағдайда партиялық жүйе қалай өзгереді. Бұл сұраққа берілген жауап көрсетеді, партиялық жүйесінің эволюция логикасы шешім қабылдау процессінде партия рөлін көтеруге әкелеме. Партия жүйесінің трансформация процессінде тағы бір элементі — партиялардың коалициялық әрекеттесуі болады. Бұл форманы зерттеу партия аралық әрекеттестікті партия туралы толық білетін біздің мәліметіміз кеңітуге көмектеседі, көзқарасымызда оның мотивациясы, ұйымдастырып дамыту, оның рөлі мен шешім қабылдау үдерісі. Құрылыс коалициясы болып саяси партияның деңгейін жоғарлату механизімінің бірінде саяси процеске аса қажетті қатысушы ретінде көрсетеді. Елдегі партиялық жүйесі мен партияның құрылуын  зерттеу кеңестіктен кейінгі кеңістік болып саяси ғылымға аса кеңінен тараған. Даусыз, бұл партия мен партия жүйесінің тууы жаңа демократияға әкеледі, бұл Батыстағы ескі демократиясында болған. Басқа ішкісаяси жағдай, басқа сыртқысаяси  жабдық, басқа қоғамның әлеуметтік құрылымы сипатталады. Жаңа ақиқат жаңа зерттеу тәсілін қажет етеді.

Халықтың электоральдық белсенділігі зерттеу мәселесі демократиялық сайлау жүргізу үдерісінде өзекті байланыс елде қайта жаңғыртуда, конституциялық өзгерістер, саяси құқық пен бостандық кеңінен еріп жүруі, саяси нарықтың және саяси жүйесінің болашағын дамыту қарастырылады. Елдің азаматтары сайлау арқылы шынайы мүмкіндіктер туып мемлекеттің саясатына әсер етіп тұрады[6, 4-6 бб.].

Қазіргі зерттеулердің негізінде сайлау өкілді органды қалай қалыптастырады? Ол саяси қүрал ретінде қалай эрекет етеді? Саясаттану ғылымында негізделген қандай сайлау жүйелері өкілді билікті қалыптастырушы болып табылады? деген сүрақтар төңірегінде теориялық негізде зерттеу жүргізетін болсақ, қазіргі заманғы, демократиялық либералдық қоғамдық түрде ұйымдасқан мемлекеттерде сайлау — бұл саяси -құқықтық шешімдерді қабылдау үдерісі ретінде өкілді билікті қалыптастырушы болып табылып, оның субъектісі — азаматтар негізіндег қоғам, объектісі — мемлекеттік билік болып табылады. Конституциялық сайлаулар негізінде мемлекеттің бүқараның өкілдері арқылы қалыптасуы іске асырылады, яғни заң шығару жэне өкімет қызметі мен өкілеттілігін элеуметтік ротация л ay немесе қайта қүрылу жүргізіледі.

Сайлауды институт ретінде зерттеулер комплексті сипатқа ие болып, оны талдау аса қажеттілікті тудырып, сол қажеттілікті іске асыру мақсатында ғылыми орталықтар қалыптаса бастады.

Осындай орталықтардың бірі — Оксфорд қүрамына кіретін Наффилд колледжі. Ең алғаш рет осы жерде сайлау туралы ғылым термині «псефология» қолданыла бастады. Ежелгі грек тілінен аударғанда «псефос» есеп тастары деген мағынаны білдірген, себебі антика авторлары бойынша ежёлгі грек полистерінің түрғындары ақ жэне қара тастарды дауыс беру кезінде сайлау жэшіктеріне тастаған. Афины ¥лттық жиналысының қабылдаған қаулылары «псефисма» деп аталған.

«Псефо» сөзінің түбірінен қазіргі «сайлау» үғымы қалыптасқан. «Псефология» терминін сайлау ғылымында қолдануды үсынған Оксфорд профессоры Ф. Гарди. Ғалым бүл идеясын 1949 жылы үсынған. Британдық саясаттанушы Д. Батлер оны одан эрі дамытты. «Псефология» термині Англияда шығарылатын барлық негізгі сөздіктер мен энциклопедияларда жазылды. Бүл термин британ мэдениеті ықпалындағы Канада, Австралия, Үндістанда қолданылады.

Саяси ғылымда өкілдер арқылы биліктің қүрылуы қалай жэне қандай саяси институттар арқылы дұрыс қоғам қүру үшін жэне элеуметтік қатынастар үшін қажет, неліктен саяси жүйелерде саяси институттар саны өте көп жэне оны немен түсіндіруге болады, жэне осы айырмашылықтар саяси билікке, саяси мінез — қүлыққа, саяси үдеріске қалай әсерін тигізеді деген мэселелерге әкеліп тірейді.

Әрине, сайлау кампаниясының  ең маңызды кезеңі депутаттыққа кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну сатысы өте қарапайым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке    номинация  туралы  құжаттарын өткізуі тиіс.   Бұл құжатты кандидаттың  өзі толтырып, он адам қол қойса болғаны.  Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға келісім жайлы арызын беріп, сайлау кепілдігін  (150 фунт стерлинг  мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған  дауыс берушілер саны 12,5 % аз болса, кандидатқа қайтарылмайды) төлеуің тиіс.

Швейцарияда депутаттыққа кандидатты тіркеу үшін тиісті ресми органға 15 адамнан аз емес сайлаушылар қол қойған петицияға (арыз) тапсыруы қажет. Мұндай ұсыныстар саяси партиялардың (мысалы, Ресейде, Литвада ) атынан енгізілуі мүмкін.

Шетел заңдары сайлау кампанияларын жүргізу тәртібі мен шарттарын әр түрлі көлемде анықтайды. Бұл жөнінде Аглия заңдарына көңіл қоюға болады. Олар кандидаттарының мінез-құлқын және олардың сайлаудағы тараптастарын жан-жақты реттейді. Заң сайлау кезінде, теңдей мүмкіндіктер қамтамасыз ету үшін, кандидаттарға белгілі құқықтар береді әрі онда кандидатқа берілген арнайы құқықтар ерекше көрсетіледі. (мысалы, әрбір сайлаушыға сайлау алдындағы үндеуін тегін таратуға, сайлау алдында жиналыстар өткізу үшін муниципальдық мектептер үйін жалдауға, т. б.). Мұнымен бірге заңда кездесіп қалатын әртүрлі құқық бұзушылықтар да  қарастырылған. Ондай құқық бұзушылықтар, негізінен, сайлау кампанияларын жүргізуде және сайлау кезіндегі әділетсіздік пен заңсыздықтарға байланысты өрбитіні жасырын емес. Әділетсіздік әдістері: параға сатып алу; сайлаушыларға түскі ас есебінде қабылдаулар жасап сый көрсету; көңілдерін көтеру; қорқыту, мәжбүрлеу арқылы әсер ету; сайлаушыларды сапырылыстыру; сайлау шығындарын өтірік бекіту; кандидат не оның өкілі (агент) рұқсатынсыз шығындарын төлеу, тағы басқа сияқты болады. Сол секілді заң кандидаттың немесе сайлау жөніндегі оның агентінің рұқсатынсыз, жұрт алдында ашық жиналыстар өткізуге, жарнамалық хабарландырулар бастыруға немесе сайлаушылар алдында пікір-ойларды білдіруге басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға кандидаттан шығын шығаруға тыйым салады. Сонымен қатар өздігінен жазалауға жатпайтын, бірақ сайлау жөніндегі заң ұйғарымдарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер де заңсыз деп саналады. Оған: заң бойынша көрсетілген сайлау шығындары мөлшерін әдейі шамадан тыс көтеру; дауыс беретін жерге сайлаушыларды әкелгені үшін сый көрсету; сайлаушыға плакаттарды көтеріп жүріп  көрсеткені үшін төлем төлеу; сайлау барысына әсер ету мақсатында елден тыс жерлерде хабарлағыш, таратқыштарды пайдалану сияқты іс-әрекеттер мен тәсілдерді пайдаланған деп тапса, онда ол сайлауды жарамсыз деп жариялауға құқылы[7, 36-45 бб.].

Сайлау институт ретінде қоғамның барлық саласында әрекет етеді. Нормативті институтционализм, негізгі өкілдері Дж. Марч, Й. Ольсен, жэне Дж. Отт. Саяси институттар функцияларын жүзеге асыру үшін ережелерге және нормаларға сүйену керектігін көрсеткен. Бірақ олардың ойымен келісетін болсақ, онда институттың негізгі элементі оның қүрылымы емес, субъектінің мінез — қүлқы жэне шешім қабылдаудың ережелері мен нормаларының жиынтығы болып саналады.

Рационалды таңдау теориясы. Саяси институттардың рационалды таңдау теориясы өзінің негізін экономикалық теориядан алған болатын. Сонымен қатар, оны «демократияның экономикалық теориясы» деп те атайды. Д. Норт, Э. Дауне, Е. Остром алғашқы болып экономикалық үлгілер мен эдістерді саяси институттарга, сайлауға анализ жасағанда қолданған болатын.

Тарихи институтционализм. Бүлар институционалды таңдаудың рөліне назар аударады, К. Телен «Ертеден мемлекеттің тарихи кезеңдері саяси жүйені толық қамтыған немесе саяси жүйенің жеке бөлігіне ғана эсер ету арқылы даму мақсатына ие болған», деп корсете отырып, бүл бағыт өкілдері алғашқы саяси институттың тарихи таңдауы, оның қүрылымдық және қүқықтық жақтары болашақта саяси дамуына үлкен эсері болады деді. Ягни, болашақта саяси институттың кейбір қүрылымдық өзгерістерге үшырайтыны жайлы айтқан. Тарихи институтционализм саяси үдеріске эрі қарай өз әсерін толығымен тигізеді.

Құрылымдық институтционализм. Осы бағыттың жақтаушылары индивидтердің мінез — қүлықтарында күрылымдық стратегияның бар екенін растайды. К. Уивер жэне Б. Рокман, «Институционалды анализ мемлекет пен қоғам арасындағы қарым — қатынасты зерттегенде өте пайдалы» деп түжырымдады. Күрылымдық институционализм бойынша, саяси институттар, оның ішінде сайлау, элеуметтік топтар мен мемлекеттік сектордың субьектілерінің арасындағы қарым — қатынас қүрылымын анықтайды.

Әлеуметтік институтционализм. Бүл бағыт француз мектебімен үсынылады, оның негізін салушы М. Ориу, институт — белгілі бір ортада жүзеге асырылатын нақты бір ой жиынтығы деп аталады. Егер кез -келген элеуметтік топ оның субьектілерінен өзге еркіндікке ие болатын болса, он да ол институтқа айналады. Яғни, институттар қатарына кэсіподақтар, шіркеу, мемлекеттің өзі кіреді.

Сайлау саяси институт ретінде, ең біріншіден, билікті қалыптастырушы бола отырып, басқару органдарын қүру тэсілі ретінде жүмыс атқарады. Сайлаудың өзге билік органдарын құру тэсілдерінен айырмашылығы олардың сайлауда өкілді билік органдарының қүрылуы азаматтардың саяси еркіндігінің ережелеріне негізделеді. Сайлаудың негізгі қүрылымдық компоненттері: сайлау жүйесі, сайлау қүқығы, сайлау үдерісі жэне сайлау кампаниясы[8, 96-98 бб.].

Сайлауды тағайындау — тағайындау, мерзімі, сайлау уақытының мерзімін белгілеу жөнінде шешім қабылдау, шешімді жариялау.

Сайлауды   өткізуге   дайындық   —   сайлау   округтерінің, сайлау бөлімшелерінің      қүрылуы,      сайлаушылар      тізімдерінің қүрылуы, кандидаттарды үсыну (кандидаттар тізімдері) оларды тіркеу, сайлау алды үгіт, қаржыландыру, техникалық дайындық болып табылады. ‘ Сайлауды өткізу — дауыс беру, ақпараттандыру, бақылау.

Сайлау қорытындысын шығару — дауыс беру қорытындысын анықтау жэне оны жариялау.

Сайлау нәтижесін іске асыру — сайлау үдерісінің қосымша кезеңдері болып сайлау үдерісіне қатысушылар жауапты бола алады, яғни қайта дауыс беру немесе дауыс берудің екінші туры.

Сайлауды тағайындау кезеңдері — заң шығарушы нақтылайды, негізгі тағайындау субъекті және қосымша, кепілдік болып табылады.

Сайлау үдерісінің эрекет етуі барысында халықтың сайлау эрекетінің қоғамның саяси мэдениетімен тығыз байланысы орнайды. «Сайлаушы», «Электорат», «Сайлау белсенділігі», «Электоралды жүріс — түрыс» сияқты категориялар кеңінен қолданыла бастады. Бүл үғымдар ресми, ғылыми басылымдарда да синоним секілді параллель жүреді.

«Электорат» француздың «elektorat» сөзінен шыққан жэне сайлауда белгілі — бір саяси партияға дауыс беруші сайлаушылардың жиынтығы деген мағына береді. Бүл үғым сайлаушылардың саяси үстанымын корсетеді.

Сондықтан қатаң қүқықтық нормаларға негізделген сайлау жүйесі ғана мемлекетте еркін, әділ сайлаулар арқылы өкілді билікті қалыптастыру мүмкіншілігіне ие[9, 12 б.].
Тағы рефераттар