Сайлау түсінігінің мәні туралы қазақша реферат

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.

Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады. Мысалы, Ресей Федерециясы Конституциясының 3-бабына сәйкес референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып саналады.Эстония Республикасы Конституциясының 56-бабында бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары арқылы:

1)   Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;

2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру) жүзеге асыратыны жазылған.

Өзбекстан Республикасы Конституциясының 10-бабында: «Өзбекстан халқы атынан тек Ұлы Мәжіліс пен Республика Президенті ғана сөйлей алады »,-делінген[2, 61 б.].

Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды

Демократиялық сайлаулар кезеңді болуытиіс. Демократиялық елдер президентті мәңгілікке сайламайды. Сайланбалы тұлға халық алдында есеп береді.

Демократиялық сайлаулар — өкілді, яғни ел халқының көпшілік ересек бөлігін қамтуы тиіс.

Демократиялық сайлаулар түпкілікті болып табылады. Сайлау аяқталғанда сайланбаған қатысушылар  сайлаушылардың шешімін қабылдауы тиіс.Егер билеуші партия жеңілсе, ол билікті бейбіт жолмен береді. Сайланбағандар енді оппозицияны білдіреді, олар қоғамдық өмірге белсенді араласады.

Осылайша, демократиялық сайлаулар – тіршілік үшін күрес емес, өз халқына қызмет ету құқығына бәсекелестік[1, 80 б.].

Әрбір елде таңдау механизмі сайлау жүйесі арқылы іске асырылады.

Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Жалпы сайлау жүйесі демократиялық өзгерістер ауқымында батыстық, ресейлік ғалымдармен жан-жақты зерттеліп жүр.

Демократиялық сайлаулардың билікті қалыптастырудағы сипатын зерттеген Р. Даль, А. Токвиль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, К. Поппер, С. Хантингтон, саясаттағы азаматтардың сайлаушы ретіндегі рөлін С. Липсет, Р. Роуз, Я. Маккалистерлерді атауға болады. Әсіресе, Р. Даль еңбегін ерекше айтуымыз қажет.

Келесі кезекте Ресейдің саяси зерттеушілеріне тоқталсақ, ең алдымен Ресей Федерациясының сайлау жүйесін зерттеген А.В. Зиновьев және И.С.                      Поляшоваларды атай отырып, сонымен қатар,  Ресейдің тарихындағы сайлау институты мәселелерін зерттеген А.В. Иванченко, М.В. Баглай еңбектерін ерекше айтуымыз қажет.

Сайлау жүйесінің өкілді билікті қалыптастырудың құралы ретінде оның рөлінің теориялық негізі қарастырылып, сайлаудың ең біріншіден  билік бөлінісімен, сонымен қатар  мемлекетке және оның саясатқа ықпалы зерттелді.

Сонымен зерттеуде қазіргі өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау мәселелерін тереңірек талдау үшін оның ерте кезден бастап қалыптасқан түрлі тұжырымдарын және даму тарихын зерделеуге тырыстық. Антикалық ойшылдардың еңбектерінен бастау алған, мемлекет оның құрылымдары, биліктің қалыптасу ерекшеліктері жайлы ғылыми тұжырымдар қазіргі күнгі сайлау мәселелерінің негізі болып табылады. Сайлаудың мемлекеттік биліктің құрылуымен  тікелей байланыстылығы ерте заманғы ойшылдардың еңбектерінде антикалық саяси ойшылдар Платонның «Заңдар» шығармасында және Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінде зерттелгені белгілі.

Т. Гоббс, Дж. Локк  сайлауды  заң шығарушы биліктің негізгі құралы ретінде түсіндірсе,  Ж.Ж. Руссо нақты  таңдалған тұлға немесе орган құқықтарын қарастырған. Халық билігінің  ең мықты түрі – халық өкілдігі екені туралы  француз ағартушысы Ш.Л. Монтескье еңбектерінде   көрініс тапқан[3, 10 б.].

Сайлау құқығы. Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған. Мысалы, Германияның Негізгі заңында мемлекеттік биліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны жазылған. Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.

Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы.

Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының  Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.

Әлемдік қоғамдастықтың кейбір елдерінің сайлау жүйесін қарастыра отырып, замандық талаптарға сай  мемлекеттік органдар  мен мемлекеттік лауазымды тұлғаларды сайлау жалпылама (мемлекеттің барлық аймағында) және аймақтық; тура (халық тікелей қандидаттарға дауыс береді), жанама  және көпдәрежелі; толық және жекелеген (қосымша); кезекті (берілген мерзімінде) және кезектен тыс, қайталау (егер сайлау өткізілмегені мойындалса), альтернативті және альтернативті емес (егер қарсылас үміткерлер  болмаса), т.с.с.  Сайлау шектелімінің пассивтік сайлау құқығы активтік құқыққа қарағанда қатаң. Мысалы, Канада жерінде Сенат қатарына тек жылжымалы мүлкі бар адам ғана жатады, ал Ұлыбритания жерінде Сенат қатарына ену үшін біршама қонымды ақша төлеуге керек. Сайлау шектелімі парламенттің жоғары палатасына үлкен кішілігіне қарай, яғни онда екі палаталығына байланысты, әсіресе жоғары: АҚШ та және Жапония елдерінде   — 30 жас,   Францияда— 35,   Бельгия және  Испанияда  — 40 жас. Бірақ та айта кететін бір жайт, демократиялық  әлемде шектелімді айналып өту мүмкін емес, себебі ол сайлаушылар контингентін ұлғайтады.  Мысалы,  1830 жылы Англияда соңғы жылдары  4% ғана орта жастағы адамдар сайланса, ал Францияда — кем дегенде  2%, ал 1848 жылы    Францияда тарихта бірінші болып жалпы сайлауға қатысу  құқығы тек қана ересек еркектерге  ғана тән еді,  себебі  1914 жылы олар көптеген Оңтүстік мемлекеттердің беделіне иеленді.  Әйел адамдар ең алғашқы рет сайлау құқығын   1893 жылы Жаңа  Зеландия жерінде иеленді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін   суфражизм (әйел адамдарға ерлер тәрізді тең дәрежелі сайлауға құқық берілу қозғалысы) ең алғашқы жеңісті Ескі және Жаңа бейнеде көрсете білді  ( Швейцарияда, 1971 ж., ал Лихтенштейнде — в 1986 ж.).   70-ші жылдары өркениетті дамыған елдерде сайлауға шектеу 18 жасқа төмендеді. Сайлау құқығы жалпы мағынада жалпыхалықтық болып табылды.  Осы әлемдік беталысқа қарсы шығу кезінде жас мемлекеттердің  тұрғындарының 40% құрайтын, орыс тілді тұрғындарының сайлауға қатысудан шығарып тастау міндеттелгендердің Латвия мен Эстонияда цензілі шегі болады

Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, сайлаулар, әдетте, тек жалпыға бірдей, тең, төте және еркін құқықтар негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізілетінін көреміз.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айырылып, түрмеде отырғандар қатыспайды. Сондай-ақ, кейбір елдердің конституциялары мен заңдары мұнан басқа да шектеулер беруі ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының Конституциясының 67- бабында «жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды» деп, көрсетілген.

     Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады.

Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.

Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың  өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға  алуға  тыйым салынады.

     Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Сол секілді сайлау құқығы белсенді (активті) сайлау құқығына және  белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді. Біріншісінде – сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға үміткерлік құқығы беріледі[2, 62-63 бб.].

Сайрау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптсатыруды қамтамасыз ететін ережелердің, әдістер мен процестердің жиынтығы.

Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну керек екендігін айту қажет.

Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдыұ қатынастардың жиынтығы болып табылады. Осы қатынастар арқылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Ал тар мәнінде сайлау жүйесі – депутатық мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне қарай бөлу әдісі.

Сайлау жүйелері сан алуан, соған қарамастан олардың негізгі үш түрге бөлуге болады. Бұл – пропорциялық жүйе, мажоритарлық жүйе және аралас жүйе.Осы жүйелерге жеке – жеке тоқталып кетейік.

  Сайлау жүйелері. Пропорциялық сайлау жүйесінің негізгі ұстанымы: парламенттегі депутаттық орындар партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне парламенттік сайлауларда  берген дауыстардың санына қарай бөлінеді; мажоритарлық жүйеден айырмашылығы – сайлаушылар  жеке кандидатқа емес, ұжымдық партия тізімдеріне дауыс береді; белгілі бір тізімге берілген барлық дауыс қосылады, соның негізінде жалпы қорытынды анықталады.

Пропорциялы жүйеде кандидаттарды ұсыну кезінде  партия шешуші рөл атқарады, партиялардың басшылығы  аталған тізімді жасайды. Осындай жүйемен сайланған депутат одан әрі сайлаушыларға емес, оны ұсынған партияға мейлінше тәуелді болады. Пропорциялы сайлау жүйесі Австрияда, Бельгияда, Грецияда, Италияда, Норвегияда, Финляндияда, Швейцарияда, Швецияда және басқа елдерде қабылданған.

Мандаттарды пропорциялы бөлу үшін сайлау квотасы әдісі жиі  пайдаланылады. Сайлау квотасы – бір депутатты  сайлау үшін қажет ең аз дауыс саны. Квота жеке округ үшін де, бүкіл ел үшін де белгіленуі мүмкін. Квота белгілеудің  ең қарапайым әдісі сол округ бойынша берілген дауыстардың  жалпы санын  бөлінетін мандаттардың санына бөлу болып табылады. Мандаттарды партиялар арасында бөлу олардың квотамен алған дауыстарын бөлу арқылы жүргізіледі.Австрияның, Бельгияның, Швецияның, Швейцарияның парламенттері осы жүйе бойынша сайланады.

Мажоритарлық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін  берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.Бұл жағдайда сайлаулар, әдетте, бір мандатты округ бойынша  өткізіледі және көпшілік дауыс алған кандидат жеңген деп саналады.

Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі бар, олар: абсолютті дауыс көпшілігі және салыстырмалы дауыс көпшілігі.

Мажоритарлық сайлау жүйесінде дауыс беруге қатысқан 50% + 1 дауысты жинаған кандидат абсолютті көпшілік дауыспен сайланды деп саналады. Егер кандидаттардың бірде – бірі дауыстардың талап етілген санын жинай алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Оған  бірінші турда көпшілік дауыс алған екі кандидат қатысады. Екінші турда жеңіскер салыстырмалы көпшілік дауыс жүйесі бойынша анықталады. Абсолютті  көпшілік дауыс жүйесі Австралияда, Ирландияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылады.

Салыстырмалы көпшілік дауысқа негізделген мажоритарлық жүйе  жекелей алғанда әрбір бәсекелесіне қарағанда көпшілік дауыс жинаған кандидат жеңіске жетеді деп санайды. Бұл жүйе қазіргі кезде Ұлыбританияда, Индияда, Канадада, АҚШ-та және басқа елдерде  қолданылады.

Мажоритарлық сайлау жүйесі «жеңіскер бәрін» және аз дауыс алған кандидаттарға берілген дауысты да алады деген прицип бойынша жұмыс істейді. Жеңген кандидат партиялар активіне кірмейді, олардың өкілдері бір сайлауда жеңілсе, екінші сайлауларда жеңіп жатады.

Партияның емес, жеке кандидаттың жеңуін көздейтін мажоритарлық сайлау жүйесінде тәуелсіз кандидаттарды ұсыну мүмкіндіктері мейлінше мол. Әрине, мұндай жүйеде де белгілі бір партия сайлау алдындағы науқан кезінде кандидатқа қолдау көрсетеді. Бұл фактордың үлкен маңызы бар.

Мажоритарлық принцип партия басшылығы тарапынан қолдау таппаған және одан тәуелсіз, бірақ сайлаушылардың көпшілік даусын алып, жеңіске жете алатын кандидаттарға көп мүмкіндіктер туғызады.

Мажоритарлық жүйе пропорциялық жүйемен салыстырғанда әмбебап. Оны парламентті сайлау кезінде ғана емес, жоғары мемлекеттік лауазым адамдарын, мысалы, президентті сайлау кезінде де қолдануға болады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде мажоритарлық сайлау жүйесі үстем болып отырғанын айта кеткен жөн.

Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту. Мұндай біріктіру болуы мүмкін, мысалы, егер ел парламентінің бір бөлігі пропорциялы жүйе бойынша, ал екінші бөлігі мажоритарлық жүйе бойынша сайланса. Бұған дәлел – Ресей Федерациясының Мемлекеттік  Думасын сайлау. Мысалы, 450 депутаттың  жартысы мажоритарлық жүйе бойынша, ал екінші жартысы саяси партиялардың  пропорциялық өкілеттіктері жүйесі бойынша сайланады. Мұнда мажоритарлық жүйе тұрақты үкімет құруға жағдай жасайды, ал пропрциялық жүйе саяси партиялардың көпшілік бөлігінің сайлауға қатысуына, демек халықтың өзінің саяси еркін барынша толық білдіруіне мүмкіндік туғызады.

Аралас сайлау жүйесі дауыс беру процеінде былай жүзеге асырылады: әр cайлаушы  екі бюллетень алады, тиісінше онда екі дауыс болады: ол бірімен нақты сол округ бойынша дауысқа түскен кандидатқа, екіншісімен саяси партияға, бірлестікке дауыс береді[4, 3-5 бб].

  Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері. Қашан да, қай елде де сайлау заңмен белгіленіп көрсетілген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде, қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мысалы, АҚШ-та жұп жылдарының  қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде өкілдік палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.

    Ал, парламентік республикалар мен парламенттік монархияларда  сайлаулар, әдетте, жалпыұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Мұндай сайлаулар кезекті сайлаулар деп аталады. Ал, кезектен тыс сайлаулар парламентті мерзімінен бұрын таратқанда, лауазымнан айырғанда, ел басшысының  және тағы басқа сайланушы тұлғалардың отставкаға кетуіне не өлуіне байланысты өткізіледі.

Жайшылықта сайлау мемлекеттік-құқықтық актілерге сай жарияланады. Әрі осы мемлекеттік-құқықтық актілерде қарастырылғандай мерзім ішінде сайлау кампаниялары басталып, дауыс беру басталардың алдында аяқталады.

Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде, Пакистанда, Түркияда, Герменияда, Испанияда, Қырғызстанда, Молдовада). Бірақ, мұндай басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.

Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтан бірнеше депутаттар сайланады) болады.

Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу мақсатында ел  650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының  650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан,  38-і Уэльстен, 17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.

Германияда қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222000 сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федереальдық заңға сәйкес округтегі  сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсеткіштің 33,35 % аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.

Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді. Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті) бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы Израильдегі бір палаталы  парламент сайлауы кезінде (кнессетті) қолданылады.

Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне  бөлінеді. Бұл сайлау бөлімшелерінің негізгі қызметі : сайлаушылар тізімін жасау, сайлаушыларды тіркеу, сайлау күні дауыс беруді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі бір мемлекттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ? Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдалануы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та сайлаушы бір тіркелгеннен соң, қайта тіркеуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің мұндай түрін тұрақты тіркелу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде, Түркіменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптеген басқа елдерде, әдетте, кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын тіркеу деп атайды.

Дауыс беру мәселесін сөз ететін болсақ, әдетте оны әркім жеке өзі жүзеге асырады. Сол секілді, көптеген елдердің заңдары (мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, ФРГ) кейбір жағдайларда дауыс беру почта, сенімхат арқылы ұйымдастыру, сондай-ақ өкілінің дауыс беруін (сауатсыздар, аурулар үшін) қамтамасыз етеді. Ал, көптеген елдерде міндетті дауыс беру ержесі қарастырылған. Осыған орай Италия Конституциясында дауыс беруге әркімнің жеке қатысуы азаматтық борыш саналса, Люксембургте дауыс беруден бас тартушыларға қаржылық айып жазасы (штраф) кесілетінін айта кеткеніміз жөн. Дәл осындай жағдайда Австрия конституциясы төрт апталық түрмеге отырғызу не 1000 шиллинге дейін айып салуды көрсеткен.

Сайлаудың нәтижесі сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың дауысын есептеп шығарғаннан кейін анықталады[5, 110-113 бб].

.

Тағы рефераттар