Салық туралы түсінік туралы қазақша реферат

Салық дегеніміз – бұл мемлекет бір асақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына  қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің  экономикалық мазмұны  нақты түрде көрінеді, ал салықтардың  әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін  бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты
  2. қайыр көрсету(төлем қабілеттілігі) қағидаты

Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан  салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді

Салық төлеуші  салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей жәнеміндеттіболып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты  бірыңғай болып табылады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның  оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына  тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.

Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен  кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.

К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:

Д-т: «Әлеуметтік салық деп аталатын шоты;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлемшелер кіреді.

Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.

Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберилген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.

Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ  салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.

Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс.

Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша  табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты;

К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» — шоты.

Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:

Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі

Бухгалтерлік есепте  табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан  бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен  салық салынатын  табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.

Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:

  • Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
  • Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)
  • Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:

  • Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);
  • Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық  ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
  • Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.

Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Қосылған құнға салынатын салық

Қосылған құнға салынатын салық тауарларыөндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ  осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан  кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.

Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы

Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.

Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға  байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және  басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық  салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететінқайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:

Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;

К-т: «бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

«Акциздік салықтар»

Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:

Д-т: «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;

К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне  заңда бекітілген мөошерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:

Д-т: «Жалпы эәне әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;

К-т: «Жер салығы»;

«Көлік құралына салық»;

«Мүлікке салық» деп аталатын оттар түрінде екі жақты жазуы жазылады.

Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

  • Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.

Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

Операциялар мазмұны

Д-т

К-т

Тип

1

2

3

4

5

1

Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс салығы сомасына

7710

3110

ІІІ

2

Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының

— Ұлғаюына

— Азаюына

5430

3110

3110

5430

ІІІ

ІІ

3

Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар (зияндар) салығының сомасы

6410

3110

ІІ

4

Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты, өзгерген салық сомасына

3110

6410

ІІ

5

Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс салығы сомасы

3110

1030

IV

6

Ағымдағы кезеңде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (бухгалтерлік есеп пен салық есебінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық

7710

4310

III

7

632 – «Кейінге қалдырылған табыс салығы»деп аталатын шотқа түзетілер енгізуге байланысты:
-салық мөлшерін ұлғайтуға;

-салық мөлшерін азайтуға.

7710

4310

4310

7710

III

8

Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:

-бюджетке төлеуге;

-зиянды жабу нәтижесінде есептелген

4310

4310

3110

7710

II

III

9

Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме  өсімінен  жоғары болған кезде

5320

4310

II

10

Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде

4310

5320

II

11

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс қызмет) үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына

1210

3130

III

12

Орын толтырылатын қосылған құн салығы сомасы мен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына

3130

1420

IV

13

Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына

3130

1030

III

14

Жеке тұлғарарға есептелген табыс салық сомасына

3430

3120

II

15

Серіктестіктерге қатысушылардың девиденттері мен табыстарынан, олардың үлестеріне қарай, төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына

3031,3032,4170

3120

II

16

Жеке тұлғалардың еңбекақысынан ұсталған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны

3120

1030

IV

17

Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы

1030

3110-3120

III

18

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

7210

3150

III

19

Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3150

1030

IV

20

Есептелген акциз салық сомасы

2110

3140

III

21

Есептелген акциз салығының салығының сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3140

1030

III

22

Есептелген жер салығы сомасы

7210

3160

IV

23

Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3160

1030

IV

24

Есептелген мүлік салығы сомасы

7210

3180

III

25

Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3180

1030

IV

26

Есептелген көлік құралдарына салық сомасы

7210

3170

III

27

Есептелген көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3170

1030

IV
.

Тағы рефераттар