Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын  өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

—         өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;

—         алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс

іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды           әлеуметтік дамытуға жұмсалады.

Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне — әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан –жақты дамыту болып табылады.Олардағы кәсіпорындардын жалпы  соның ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 –нен 90 % дейіңгі мөлшерде қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімің 50% -не жуығын елдердің қамтамасыз етіп отыр.

Шағын кәсіпорындар шаруашылықта жүргізудегі икемділігі ғылыми – техникалық прогретін негізгі бір қозғаушы күшінің айналуы.

Мысалы: Жапондық мамандардын есептеуінше екінші дүние жүзілік  соғыстан кейіңгі кезенде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден -бір себепші болған нәрсе шағын кәсіпкерлікті дамыту.

Тұрақты экономикалық жүйеде шағыын кәсіпкерлік динамикалық түрде дамуы мүмкін:

  • тұтынушылардың сұранысының өзгерісіне тез бейімделе алады
  • бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді
  • жаңа жұмыс орындарын ашады
  • жаңа кәсіпкерлік тап пне меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды
  • елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен қаржы салаларын береді

Дамыған  елдерде шағын кәсіпорындар мынадай басым рөл атқарады;

  • Сауда
  • Автосервис
  • Құрылыс
  • Қызмет көрсету салалары

Қазір шағын кәсіпорындар жоғары техналогиялық, химялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет ,инфарматика, телекомуникация салаларына әр тараптандырылып жатыр.

Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық  кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық

саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

Жапония, үлкен тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқасы жапония соғыстан қираған елден жоғары техналогиялық дамыған елге айналады.

Жапонияның халық шаруашылығындағы шағын және орта бизнес субьектілерің саны, тауар айналымы басқа секторлар мен салыстырғанда саны алдынғы қатарда тұр.

Дәсүр бойынша әрбір ірі корпарация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бос кәсіпорындарға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымың жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: Өндірістің өнімің 50% -зы, көтерме сауда 60% -зы.

Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік орган шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңартуға техналогияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуы көмек береді. Жапонияның шағынбизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды, әрбір министірлерін, әр ведомство өз шығындар бюжетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.

Жапония шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ  73% -ына ие болып отыр. Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерацяынан экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалып , жүзеге асырылды .

1995 жылы Ресей Федерацясында «Шағын бизнесті  мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден басталады .

Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады.Бұл қорға федералдың меншіліктегі кәсіпорындарды жекелендіруден түсетін қаржының 5 % келіп түседі . Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі  екі қағидаға негізделген:

—         Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге  аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек .

—         Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады .

1994-1995 жылдары «Шағын Кәсіпкерлікті мемілекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама іске асырылғаннан кейін, Ресей Федерасиясында  шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады . Бұл жүиеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтын қорлар мен орталықтар кіреді.

Шағын бизнесті қолдаудың аймақтың қорлары мен орталықтары барлық аймақтарға құрылған. Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюжеттерден қаржылық көмек алады, жергіліті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. 1999 жылдың басына есептелгенде Ресей Федерациясында 900 000 – нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды.Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны – 7 адамнан тұрады.

Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 милион фунт стерлинг аспайтың , активтер сомасы 1 милион фунт стерлинг және жыл бойы 50 адамды жұмыспне қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызмет бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселеледі  қалай шешу керек екенің, бухгалтерлік есепті қалай жүргізуді керектігі туралы, нарықта қалй зерттеу екендігі туралы кеңестер.

Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш – жігерді шет елде шағын кәсіп орын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар  үшін жасап жатқан шараларының атап өткен жөн. Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл Кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық елі. Францияда шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындар -16500000 адам  жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Әдетте әкімшілік процедуралар шағыын кәсіпорындар құруға кедергі келтіретін мәлім,  Сондықтан Франция үкіметі формальді мәселелерді қысқаруға көшті. Францяда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайдасыздық өсімді мемлекет бонофикацилайды. Бонификция- Бұл жеңілдету. 

Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда  да қаржыландырады. Яғни еңбек әлеуметтік шығындар  бойынша жеңілдіктер беріледі.Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көегімен сүйене алады. Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Үкіметтің шағын және орта кәсіпрындардың қолдауға бағытталған саясатты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындрдың ары қарай дамуын қалайды.

Германяда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы–ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.

Екінші сипаттама–кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп,өңдірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтында бірдей мүдделігін, ынталығын тудырады.

Үшіншіден кәсіпорын өмірінде басқкрушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртіншісі–істі жанұялық негізде жүргізу,яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде машықтану. Бесіншіден –шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен, бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.

Германияда 80 –жылдың аяғына қарай жоғарыда көрсетілген стратегиялық есептеу тәжірибесіне байланысты 1,9 милион шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізге бөлінеді: қолөнерінде -537, сауда-225, өнеркәсіпте -108, қызмет көрсету саласында -665, еркін мамандық секторы 360.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенде ішкі және  сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты–шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабылетілігін артыруы. Салық салуға жеңілдіктер,концультатциялық қызмет саласында артыру.     Мемлекеттік органдар,

  • бір жағынан, кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы көмек көрсетеді;
  • екінші жағынан, жеке концультатцияға жүргізген жағдайда фиирмалардың ол үшін жұмсайтын  шығындардың айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойынына алады.

Шетелдік тәжірибеге қарап Республикамызда атқаратын іс-шаралар әлі көп екенің байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы » заң атқаратын іс –шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторы көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке көмек керек.
Тағы рефераттар