Шарт мазмұнының ерекшеліктері туралы қазақша реферат. Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнына ол кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз сандар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез-қылығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшінмердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.

Мердігер жұмысты өз материалдармен, күштермен және құралдармен орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың алдында сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапалы үшін жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындаладыжәне оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындау керек. Мердігерлік шарт бойыншаорындалатын жұмыс заттарды сериалық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және нормативтік — техникалық құжаттарда көрсетілген талаптарда сақтауға міндетті. Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын мердігерлерге қолданылады (ҚРАК 632-бабы 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса, оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.

Егер жұмыстың сапысына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негізде негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.

Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды берууге міндетті.

Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың құқықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.

Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдардасапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өндеуге берілген заттың өзінде қабылдап алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжірибесіне байланысты болмайды.

Мердігер:

1. тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтарлың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

2.оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдары;

3. орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкін бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.

Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақтылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде алған мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚРАК 628-бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисыңды мерзімнің ішінде беруі тиіс.

Егер мердігер белгілеген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардың кемшіліктерді тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.

Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардыың сақталмағандығы үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке де қатысты болады.  Мысал қылып мердігерге тынығу үшін бөлініп берген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және тағы да басқа осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.

Мердігердің үндемеуге құқығы бар (ҚРАК622-бабы). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-нда ол болмған еді. Оны кірістіру мердігердің тиімды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсауына азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің қнын азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлылығының салдарынан болады. Мердігердің нақты жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасында теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта көзделген баға бойынша жұмысқа алу құқығын сақтайды.

Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында болу көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-бабы 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетін баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса, бұл норманы қолдану ақыл-ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметі пайдалану үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру мүмкін.

ҚР АК 638-бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен2  сияқты иеленуіне байланысты мүдделерді қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техикалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге тараптың келісімінсіз бере алмайды. Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртідіне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және тараптардың біреуінің коммециялық құпиясы болып келетін ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты жарияламалау міндеті тараптар оны шартта бекіткеніне, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың келісімімен анықталады (ҚР АК 638-бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен белгіленеді

Мердігер жұмысты атқарған соң,оған тапсырысшы шартты орындау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулі және жйылуы мүмкін емес кемшіліктері болғаны себебіен шартты бұзса, онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайттарылуы мүмкін. Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса, мердігер материалдардың құрал – жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті. Тапсырысшы мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру міндеті болмайды.
Тағы рефераттар