1 Заңнама «шарт түрі», «шарт нысаны» деген ұғымдарға нақты анықтама бермейді, алайда оларды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің құрылымын анықтауға қолданылады.

Төменде көрсетілген үш шарт сипаттамасын салыстырып, қайсысын және неліктен азаматтық-құқықтық шарттың анықтамасы болып табылатынын айтыңыз:

–  шарт бұл – белгілі бір нәрсе туралы келісім;

– шарт бұл – міндеттемелік құқықтық қатынастарды анықтайтын айғақтарды бекітетін құжат;

– шарт бұл – екі немесе оданда көп адамның азаматтық құқықтары менміндеттерін белгілеуі, өзгертуі, тоқтатуы туралы келісім.

2 Азаматтық кодекстің жадпы бөліміндегі және ерекше бөліміндегі шарт түрлері туралы баптардың аталуын салыстырыңыз?

Азаматтық-құқықтық шарттың мәні әдебиетте әртүрлі анықталады:

–  шарт бұл – заңды факт;

–  шарт бұл – мәміле;

–  шарт бұл – міндеттеме;

– шарт бұл – азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болуы, тоқтатылуы, және өзгеруінің негізі;

–  шарт бұл – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі тәсілі;

–  шарт бұл – азаматтық – құқықтық айналымның қозғалыс күші;

3 Сіздің ойыңызша жоғарыда көрсетілген шарттың мәнінің қайсысы дәлірек келеді.

4 Азаматтық құқықтың қандай элементтері азаматтық құқық теориясында көрсетіледі?

5 Азаматтық құқық теориясында шарттуралы ережелерді қолданыстағы, қарапайым және әдеттегі деп бөледі. Аталған шарт ережелерінің әрқайсысына жеке – жеке сипаттама бюеріп, оларға мысалдар келтіріңіз?
Тағы рефераттар