Жоспар

Кіріспе……4

І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік………….6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері….9

ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері…….12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары……14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын………21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау….24

ІІІ. Қорытынды………….30

VI. Пайдаланған әдебиеттер….32

Кіріспе

      Қаржылық есеп беру бұл  кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық  қызметіне  сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан  Республикасы Ұлттық  Комиссияның  1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына  сәйкес барлық кәсіпорындар  меншік нысаны мен қызмет түріне  қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық  стандартына көшті. Шаруашылық  ету жағдайларының  өзгеруіне  байланысты, кәсіпорынның  есеп беру  нысандары  жетілу жағына  өзгереді. Атап айтқандае,  есеп беру Халқаралық бухгалтерлік  стандарттардың  талбына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің   қаржылық  есеп беруі  есеп процесінің соңғы  сатысы болып табылады. Кәсіпорынның  қаржылық  есеп беруінде  кәсіпорынның  мүлік және  қаржы жағдайына сипаттама  беретін  жиынтық  деректер  кәсіпорынның шаруашылық  қызметінің нәтижелері  көрсетіледі.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң қаржылық және салықтық мiндеттемелерi бойынша тапқан табыстарымен және ерекшеленгeн мүлiктерiмен жауап бередi. Салық салу жүйесiнiң тиicтi бөлiмiмен қамтылатын бүгiнгi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 2001 жылғы маусымның 12-сiнде қабылданғaн ҚР Салық кодексiне дейiнгi, жалпыға бiрдей салық есебiне тұру және салық есебiн беру, салық төлеу жүйесiн пайдаланып келген бо­латын.

Бүгiнде Дүниежүзінде  осы шағын кәсiпкер­лiктiң микро және макроэкономикалық мен-жайларын тереңдeтiп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсеке­лестiктi жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсiпкер­лiктi мемлекеттiк қолдау және ынталандыру саясатына байла­нысты олар үшiн салықтық мiндеттемелерiн орындаудың айрық­ша режимi белгіленген.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдердің бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндіріс мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп ебру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.

Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректердің сәйкестігі, есепті көрсеткіштердің  өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалығы.

Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттанадырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.

Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.

Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жалдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар жеткізушілер инвесторлар, биржалар банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады.

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрде акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Респуликасының заңдарына көзделген жағдайларда, сондай-ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

 Курстық жұмыс / 35 бет
Тағы рефераттар