Сорапты – компрессорлы құбырлар. (СКҚ) туралы қазақша реферат

Мұнай скважиналарында СКҚ келесі негізгі функцияларды атқарады: а) өндірілетін сұйықты көтеру үшін арна болып табылады; б)тереңдік жабдықты ілу үшін қызмет етеді; в) әр түрлі технологиялық операцияларды орындау үшін арна болып табылады; г) түп пен түтік аймаққа әсер ету үшін аспап болып табылады.

СКҚ-ды қолданудың тағайындалуы мен талаптарына қарай оларды атайды: а)фонтанды скважиналарда сұйықты көтеру үшін қолданған кезде фонтанды (не лифттік) деп; б) сорапты скважиналарда пайдаланған кезде сорапты деп; в) компрессорлы скважиналарда қолданғанда компрессорлық деп;

СКҚ конструкциясы бойынша: а)тегіс; б)сыртқа шығарылған саңыларымен болып бөлінеді.

Тегіс СКҚ-дың бүкіл ұзындығы бойымен ішкі диаметрлері бірдей. Олар тең берікті емес: олардың оймалық бөлігінде беріктігі құбыр денесі беріктігінің 80-85%-ін құрайды. Соңылары сыртқа шығарылған СКҚ-лар тең берікті: олардың оймалық бөлігіндегі беріктігі құбыр кез-келген тілуіндегі беріктікке тең.

ГОСТ 633-80 тігіссіз (түгел созылған) СКҚ-дың шығарылуын келесі диаметрлер бойынша ережелейді: тегіс – 48,60,73,83,102,114мм және соңы сыртқа отырғызылған – 33,42,48,60,73,89,102,114мм. Қабырғалар қалыңдығы 4-7мм, құбыр ұзындығы 5.5-10м(орташа 8м). СКҚ-лар D,К,Е,Л,М, беріктікті болаттан жасалады. Оймалық қосылыстың конструкциясы арнайы. СКҚ-дағы ойма конусты. Осындай оймалардың артықшылықтары: а)бекіткіш құралдарсыз герметикалықты қамтамасыз ету мүмкіндігі; б) оймада саңылауларды жою мүмкіндігі; в) күштің анағұрлым тең орналасуы; г)жинап – шашуға уақыттың қысқаруы.
Тағы рефераттар