Спорт туралы қазақша реферат

Облыста 2411 спорт ғимараты жұмыс істейді, онда 400 мыңнан артық адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, 42 спорт түрі бойынша 33 федерация, дарынды балаларға арналған 1 мектеп – интернат, 45 балалар мен жеткіншектердің спорт мектебі, 37 спорт клубтары қызмет етеді. Барлық қалалар мен аудандарда спорттық және дене шынықтыру – жаппай сауықтыру жұмыстарын одан әрі жақсарту үшін  дене шынықтыру және спорт жөніндегі бөлімдер құрылды.

2005-2007 жылдары  6 жаңа  спорт объектілері: Шет, Нұра аудандарында, Теміртау және Қарағанды қалаларында спорттық кешендер, Балқаш қаласында боулинг-орталық ашылды. 15 спорт объектісі күрделі жөндеуден өткізілді, Шет ауданының  Ақсу-Аюлы кентінде балалар мен жасөспірімдердің жаңа спорт ғимараты және Олимпиадалық дайындық орталығында жаттықтыру  ғимараты пайдалануға берілді, жеті футбол алаңына жасанды материалдартөселді. 2007 жылы 9 спорт объектілерін, Олимпиада резервтерін даярлау орталығының жүзу бассейнін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу, облыстық спорттық жүзу мектебінің жүзу бассейнін, Шахтинск қаласының стадионын қайта жөндеуден өткізу, шаңғы базасының салу көзделіп отыр.

Материалдық — техникалық базыны нығайту мақсатында спорттық заттар мен арнайы жабдықтар сатып алынды.

Облыс спортсмендері Әлем (6 медаль, оның ішінде 1 алтын) және Азия Чемпионаттарына  (64 медаль, оның ішінде 34 алтын), Орта Азия және Қазақстан Чемпионаттарына (15 медаль, оның ішінде 8 алтын), ҚР Чемпионаттарына және Біріншіліктеріне (952 медаль, оның ішінде 395 алтын) қатысты.
Тағы рефераттар