Стандарттарды жасау және енгізу туралы қазақша реферат

Стандарттау – бұл тұтынушылардың орынды бағаға алынған затының сапа құқығын міндетті түрде қамтамасыз ететін, не ұсынылған норма, ереже, мінездеменің орындалуы үшін, сонымен қатар еңбектің жағдай жасалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды талдауға бағыттаған қызмет.

Стандарттау мақсаты — дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді. Стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес жалпы және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады.

Стандарттаудың нақты мақсаты белгілі бір қызмет аумағы, зат өндірісі, қызмет саласы және басқа да өнім түрлері, өндіріс және тағы басқаға қатысты.

Стандарттаудағы негізгі міндеттері:

  • Техникалық деңгей және өнім сапасына, материалдарға, жартылай

фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын орнатады, сонымен қатар жоғары сапалы өнім өндірісі әдісін жүйелі өндіру және көптүрлі марка, өлшемдерді жоюға жағдай жасайтын өнім өндірісі және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарды орнатады.

  • өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін

агрегаттау және унификациялау; өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір-бірімен байланыс деңгейі, бұйымды жөндеуі және  таралымын дамыту.

  • Мемлекеттік өлшем бірлігі және толықтығын, мемлекеттік

эталонның физикалық бірлік көлемін жасау және жетілдіру, сонымен   қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісін және құралын қамтамасыз ету.

  • Құжат жүйесін жетілдіру, техника-экономикалық ақпаратты кодтау және

біліктеу жүйесін талдау.

  • Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы

терминдермен белгілерді қабылдау.

  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттау жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи

ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру.

  • Ішкі сауда, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс үшін жақсы

жағдай жасау.

Стандарттарды жасау процессі төмендегі сатылардан тұрады:

1. стандарт жасауды ұйымдастыру,стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2. стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;

3. әртүрлі пікірлерді талқылау,  стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;

4. Стандарттың жобасын талқылау,бекіту және тіркеу;

Ең жауапты саты –техникалық тапсырмаларды  жасап анықтау;

Техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі.Стандартты жасау жұмысының көлемі анықталады, қажет болған жағдайда жобадағы көрсеткіштерді техникалық – экономикалық негіздеу үшін ғылыми – зерттеу, конструкторлық немесе эксперименталдық жұмыстар жүргізіледі.

Стандарттау тәсілі – стандарттау мақсатына жететін әдіс немесе әдістер жиынтығы.

Стандарттау жалпы ғылымдық және өзіндік тәсілдерде негізделеді:

1) стандарттау объектілерін реттеу;

2) параметрлік стандарттау;

3) өнімді бір ізге салу;

4) агрегаттау;

5) комплекстік стандарттау;

6) озық стандарттау.

Стандарттау объектілерін реттеуқызмет, үрдістер және өнімдерді стандарттау облысындағы әмбебап тәсілі. Реттеу жұмысының қорытындысы ретінде, мысалы, қосалқы бөлшектерге қойылатын шектеулер. Реттеуді әмбебап тәсілі деп айтсақ, ол бөлек тәсілдерден тұрады: жүйелеу, селекциялау, симплификациялау, типтеу және оптимизациялау.

Стандарттау объектілерін жүйелеу стандарттаудың обектілер  жиынтығын ранжирлеу және ғылыми дәйекті тізбектелген классификациялаудың тұжырымдауы.

Стандарттау объектісін селекциялау қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті деп мойындалған нақты объектілерді  реттеу.

Симплификаттауқоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті емес деп мойындатылған объектілерді реттеу. Селекциялау және симплификациялау үрдісі қатарлас жүргізіледі.

Стандарттау объектілерін типтеу –типтік (нұсқа) объектілерді жасау қызметі.

Стандарттау объектілерін тиімділеу –тиімді бастапқы параметрлерді табу сонымен қатар сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мағынасын табу.

Өнімді бір ізге салу.

Бөлшек түрлері санын орынды қысқарту қызметін, бір қызметтік агрегаттар атауын өнім унификациясы деп атайды. Ол дайын өнімнді жіктеу, ражирлеу, типтендіру, оптимизациялау элементтеріне негізделген.

Бір ізге салудың негізгі бағыттары:

— Бұйым, машина, жабдық құрал және бөлшектердің параметрлік  және өлшемдік қатарын жасау;

— Бір ізге салынған  бірыңғай өнім тобын  жасау мақсатында типтік өнім жасау;

— Бір ізге салу технологиялық процесстерді сала аралық қолданыстағы арнайы өнім өндірісі үшін технологиялық үрдістерді жасау;

— Бұйымдар мен материалдарға қолдануға рұқсат етілген орынды номенклатураға минимум шектеу.

Кешенді стандарттау.

Өнімге қарасты — дайын бұйым сапасына, сонымен  қатар оларды шығару кезінде керекті комплектілер, бөлшектер, материалдар және шикізатқа қойылатын өз ара байланысты талаптар.

Озықты стандарттау.

Практикада жетілген деңгейге қойылатын болашақ талаптарды озықты стандарттау деп атаймыз.

Стандарттарды мемлекеттік қадағалау өнеркәсіпте, өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық мекемелерде, транспорт және сауда мекемелерінде, білім беру және медицина салаларында, тағы да басқа қоғамдық ұйымдарда жүргізіледі.

Стандарттау бюросында кәсіпорынның  қызметіне сай мемлекеттік стандарттардың болуы, оларға өзгертулердің уақтылы енгізілуі, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиісті стандарттармен, нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
Тағы рефераттар