СТУДЕНТТЕРДІҢ  БІЛІМІН АРТТЫРУДАҒЫ БАҒЫТТЫЛЫҚ туралы қазақша реферат

Студенттердің  білім  сапасының  өзгеру  процесі    барысында  оның  өткен  білім  процесінің қатыспау көмегінен байқауға  болады. Мұғалім  сабақ жүргізу барысында студенттерден оның қаншалықты өз  бойындағы өзгерістерін  анықтағандығын байқауы  шарт. Ол  студент  жетекші – мұғалімнің  қаншалықты  күту жағдайын  анықтау  керек.  Бұл  әдісті қолдану барысында студенттер мен мұғалім ашық  түрде  сөйлесіп, олар көбіне рөлдік ойындарға ие болады. Студенттерге мұғалім егер ол студент сол күткен  білімді  қамтымаса, ол  студент  аудиториядан  бір  сабаққа  тыс  шығатындығы  ескерілуі  керек. 

Студенттер бойында  осы  білімге  деген  бағыттылық  барысындағы    ұсыныстар мен бетбұрыстар болуы мүмкін. Ол студенттердің өз  әрекетінде  өзіне ұнамсыз  әрекеттер  болуы  мүмкін.  Студенттерде  осы  бағыттылық барысында  пайда  болған  ұсыныстар  қайдан  және  қашан  пайда  болғанын  анықтау  керек. Оны  келесі  сурет  арқылы  көрсетуге  болады.  (6  Сурет)

Студенттердің  білім  сапасын  арттыру  барысында  олардың   өздеріне  деген  мен  тұжырымдамасы  жетік  болуы керек. Осы  тұжырымдамалар барысында студенттердің болжамдары  мен  бағыттылықтарын  анықтап  алу  керек.

Бұл  сәтте  студенттер  мен  ұстаздардың  арасында  конфликттер    студенттердің   күткен  жағдайлары   сәйкес  болмаған  жағдайда   пайда  болады. Себебі  студент өзінің  ойындағыдай  нәтиже  шықпағандықтан,  ол  есесіне  өзінің  басқа  да  ұсыныстарын  ескеруі  мүмкін  болады.

Студенттердің  бойында  көптеген  процесстер  болады:  мысалы  студенттердің білім алу барысындағы мақсаттары, мақсат  нәтижесіндегі күтулері, білім нәтижелері. Студенттер өздерінің нәтижелері мен  күтулерін бір – бірімен тығыз байланыстырады. Студент өзінің ойында  көптеген  жаңа  ақпараттарды ескереді, бірақ сол  ескерген  жағдайларды есіне қолданысқа келтіруде қиналады. Студенттердің бойында жетекші ұстазының үйреткен білімдерінің нәтижесіндегі ұсыныстары мен  бағыттылықтары  кеңейеді, бағытталады  да  өзінше  өзіндік  рөлдерін  анықтап  көрсетеді.

Студенттердің  білім  алу  сапасы  барысында  мұғаліммен   қарым  — қатынасының  жан — жақтығы  көрінбесе, ол студенттің білім алу   сапасы көрінбейді. Осы сәтте  тағы  да  бір  мысал  келтіріп  кетуге  болады, мысалы сатушы саудагер мен сатып алушы клиенттің  арасындағы  қарым  –  қатынас күліп, мейірімді өтсе, сатушының  тауары  да  тиімді  өтетініне  кепіл  болады.  Ал, егер  керісінше  болса,  онда   ол  процессте  керісінше  болады.

Студенттер  мен  жетекші  мұғалімдердің   арасындағы  конфликт,  егер  студенттердің   сабақтан  күткен  мәселелері   ойдағыдай   өтпесе,  осы  жағдайда пайда  болады.

—   Психолог мамандарды даярлау барысында оқытудың  интегративтік   әдістерін, соның ішінде коучинг әдісін практикалық кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған дәрістерде қолдану тиімді.

—   Психолог мамандарды  даярлауда   коучинг   әдісінің   элементтерін оқытудың кез келген дәрістерінде белсенді оқыту әдісі ретінде қолдануға болады.

Коучинг  барысында  студенттер  мен  мұғалімдердің  арасында  қарым — қатынас еркін  түрде   орналасады. Студенттер  сабаққа  деген  ынталарын  одан әрмен  арттырып,  қызығушылықтары  кеңейе  түседі.  Бұл  қарым – қатынастың  негізгі мақсаты болып, студенттердің  танымдылығын, оқу барысындағы мақсаттарын, компетенттілігін  студенттердің коучинг барысында  көптеген  жетістіктерге жетуін  қарастырады. Соның ішінде студент өзіндік артуын, коучинг барысында  студенттердің жетекшілік мақсаттарын көрсетпейді. Біздің әрқайсысымыз  өз тәжрибемізді жинаймыз. Студенттің білім алуда  өзгелерге деген қатынасы, көзқарасы, қылған әрекеті өмірлік   тәжірибиесіне байланысты болады. Тәжірибеге байланысты психологиялық коучингтерді қолдану барысы психолог маманын даярлауда өз көмегін тигізеді.

Коучинг білім беруде дәстүрлі әрекеттен гөрі тәжірибе жүзінде болып  нәтижелі болуы мүмкін. Коучинг білім барысында топтағы  өзінше шеттетіліп қалған студенттердің ашылуына көмектеседі, әр студентке өзіндік «Мен» туғызады. Коучингтік топ ол проблемаларымен    өзара  алмасу ғана емес, сонымен бірге өзін түсініп, өзін жақсы қабылдай алу жолы болып есептелінеді. Отандық психологияда тренингтердің сапалы білім алу нәтижесі енгізілді. Оны ең бірінші ұсынған М. Форверг болған.

Студенттердің  негізгі  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  оларды  бірнеше  жүйелер  арқылы қарастыруға  болады.  Мысалға:

1.                 Бірінші жүйе жеті өмірлік категорияға негізделеді: мәселені шешу, қарым — қатынас, тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, ойлаудағы талқылаушылық, Мен – тұжырымдамасындағы өзін-өзі басқару  қабілеттілігі;

2.                 Екінші жүйе өмірлік біліктілікке  байланысты коучингтің негізгі мақсаты болатындай етіп негізделеді: тұлға аралық қарым — қатынас, денсаулықты  ұстану, жеке пікірдің дамуы, мәселені шешу және шешім қабылдау;

3.                 Үшінші  жүйе де тұлға аралық  бақылау болып саналады да ол  өзіндік түсініктерге, қаржылық қорғанышқа алып келеді.

Оқу процесі кезінде студенттердің құлықтары импульсивтіден объективтіге ауысады, осының нәтижесінде тренинг мазмұнды болады.  Объективизациялау құлығының негізгі тәсілі болып кері байланыс болып саналады. Кері байланыстың түзілуі үшін тренинг тапсырмасы эффективті болуы шарт.

Коучинг әдісі бойынша студенттер ең алдымен өз алдына  бірнеше  сұрақтар  қоя  отырып, мақсатты  түрде  орындауы  қажет. Олар  мысалы  төмендегі шарттар  арқылы  орындалуы  мүмкін:

  • Коучинг әдісі  барысында  білім  саласында  қандай  жетістіктерге   қол  жеткізуге болатындығын  анықтау;
  • Мен  тұжырымдамасын  бағытты түрде орынды, әрі нақты  түрде  қолдану;
  • Мен   қандай  мақсатқа  қол  жеткіземін?
  • Білім  сапасын  арттыру барысында  мен  қандай  мақсат  түрлерін  қолданамын;
  • Осы  мақсатқа  жетуге  қандай  тәсілдер  қолдануға  болады?
  • Білім  сапасын қандай  мақсаттар  қатарымен  арттыруға  болады?
  • Студент пен жетекші  ұстаздың  қарым — қатынасы қаншалықты   жағымды  болмақ;
  • Білім  сапасын  арттыру  барысында  коучингті  қолданудағы   сабақ  үстінде  болған  тәртіп  бұзушы  студенттерге   нормаға  сәйкес  жаза   түрлерін қолдану;
  • Кочинг  барысында  студенттерге  қазіргі  таңғы   білім  сапасын  арттырушы  мақалаларды  оқып,   негізгі   түйінін    оқыту;
  • Білім  сапасын  арттырудағы  білім  туралы Елбасымыздың  тұжырымдамаларын   еске  алу;

Бұл  алдыға  қойылған мақсаттарына жоспарлы  түрде  арттыруға  болады.

—  Жұмыстың мазмұнды жоспары;

— Топтың даму деңгейі және шабуылы, қатысушыларда құрылатын қарым – қатынас;

Дәріс барысындағы эффективтілігі оның тек қолдануына байланысты емес, сонымен бірге ол мазмұнды, әрі сабақ мақсатына сәйкес қолданылуы болып саналады. Шешім қабылдауда тренингтік әдісті таңдау. Қазіргі таңда жиі қолданатын тренингтік жаттығуларға: топтық дискуссиялар, психо драмма, психогимнастика жатады. Осы немесе өзге жаттығуларды таңдау келесі факторлар негізімен анықталады.

1) Студенттерді коучингтің  мазмұнымен  таныстыру;

2) Студенттерді негізгі топ ерекшеліктерімен;

3) Сабақ  барысында  жүргізілетін  ситуация ерекшеліктерімен;

4) Дәріс  берудегі   тренер мүмкіншіліктерімен;

Психологиялық пәндерде дәріс барысында сабақ мазмұны бойынша топтың қандай да болмасын қатысушы студенті өзінің психологиялық мәселесін айтып, оның шешімі практикалық тұрғыдан жүргізілуі қажет.

Сонымен бірге оқытылып жүрген әлеуметтік — психологиялық феномомендердің акценттерін орнықтыру қажет. Оның негізгі шешімдеріне байланысты адам психикасы тек теориялық тұрғыдан емес сонымен бірге топ алдындағы теориялық түсініктер практикалық тұрғыда өз  шешімін табады. Ең басты мәселе болып топты ұйымдастыру болып саналады.


Тағы рефераттар