Сүзбе өніміндегі ақаулар туралы қазақша реферат

Майлы ,жартылай майлы жәнемайсыз сұзбе жоғары және 1-ші сортқа бөлінеді.Қалған сүзбе түрлері сортқа бөлінбейді.Сүзбе жұмсақ болу керек ,біртексіз консистенция,ал майсыз сүзбе үшін сәл сарысуы бөлінген шашыраңқы консистенциялы болу рұқсат етіледі.Емдәмдік сүзбе нәзік,сәл жағылғыш консистенциялы,бөтен дәм мен иіссіз,ал 1-ші сортты сүзбе үшін сәл жем татымы,ыдыс татымы және әлсіз ашқылтым болуы рұқсат етіледі.Сүзбе түсі ақ крем реңді немесе сәл сарғыш реңді болу керек.Физико-химиялық көрсеткіштерден стандартпен майлылығы,ылғал мөлшері,қышқылдылығы нормаланады.

Сүзбені буып-түю және сақтау.Саудаға сүзбе өлщенетін және өлшеніп оралған түрде түседі.Майлы,жартылай майлы және майсыз сүзбе 250 г-нан пергаментке,қағазға оралады,емдәмдік сүзбе-100,200,250 г-нан полимерлі стакандарға,пакеттерге салынады.

Өлшеп сатылатын сүзбені  50 кг дейін ағаш бөшкелерге,35 кг дейін металл флягтарға,10 кг-нан алюминий бидондарға салынады.Дүкендерде сүзбені 8°С дейін температурада 36 сағатқа дейін сақталады.

Ұзағырақ сақтау үшін сүзбені-25°С-та қатырады да,-18°С-та оралған сүзбені 4 айға дейін,өлшемді сүзбені 6 айға дейін сақтайды.
Тағы рефераттар