Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым — қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протекционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатың ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» — деп жазған.

ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

1 халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;

2 экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми – техникалық революция;

3 дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4 тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5 көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6 сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;

7 сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда – экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады. Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда – саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» — Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал – жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардын болжауы бойынша ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатына АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға/ ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:
ХХ ғ. соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
Тағы рефераттар