Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге үйрету, табиғатты байқау арқылы  бала ойында көркем образдар қалыптастыру, қалам , бояуменен жұмыс істеу дағдыларын беру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері бейнеленген шығармалар: Ш.Уәлихfнов «Терістік Алатауы», А.Қастеев «Жайлауда», М.Кенбаев «Асауды үйрету», Ж.Шарденов «Алатау эскиздері», А.Черкасский «Қара ағаштар», С.Мамбеев «Жайлауда» тағы басқашығармалардың репродукциялары, әсем табиғат көріністері бейнеленген дипозитивтер, диафильмдер, слайда мен фотолар.

Сабақтың барысы: Бірінші бөлім табиғат көріністерінің ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру бағыты қамтылса, екінші бөлімі–табиғат көріністерін бейнелеуге арналады. Бірінші бөлімнің сабағы өткізудің екі варианты бар.

Біріншісі табиғат ортасында экскурсия жасау, екіншісі сыныпта әсем табиғат көріністері бейнеленген диапозитивтер, слайда, диафильмдер, кинофильм, фотолар көрсету.

Екінші вариант мектеп жанында экскурсия жасайтын ыңғайлы жер болмаған жағдайда қарастырылады.

Табиғат ортасында ұйымдастырылатын экскурсияға 45 минут уақыт жетіспеу есепті, оның сол күнгі сабақтардың соңғы сабақтарында өткізген жөн. Экскурсия мазмұнды болуы үшін, алдын ала жоспар жасалады. Жоспарда балаларға қандай объект көрсетіледі, ол қандай бірізділікпен талданады, балалар мен оқытушы қандай нәрселерді бірігіп талдайды? Экскурсия кезінде мұғалім пікір алысу, диалог ойын  әдістері қолданылады. Экскурсия жоспарында мұғалім мен оқушылар арасындағы сұрақ-жауаптар көрестілуі тиіс. Мысалы, табиғат ортасында өтілетін экскурсияда: жақындағы ағаштар бізге үлкен болып  көріне ме, алыстағы ағаштар үлкен болып көріне ме? Жақындағы ағаштардың түстері мен алыстағы ағаштардың түстерінда қандай өзгерістер бар? Алыстағы заттардың ұсақ бөлшектері мен жақындағы заттардың ұсақ бөлшектерінің қайсысы айқын көрінеді? деген сияқты  оқушыға табиғатты тануға бағыт беру үшін сұрақтар қойылады.

Мұғалім экскурсия кезінде оқушыларға табиғаттағы өсімдіктер мен заттардың көрініс ерекшеліктеріне талдау жасап көрсетеді. Мысалы, жақында  тұрған ағаштар алыстағы сондай өлшемдегі ағашқа қарағанда үлкен болып көрінетіндігі заттардың өлшемдерінің (үйдің) бізден алыстаған сайын кішірейіп көрінетін құбылысына баса назар аударылады. Сонымен қатар жақындағы заттардың түсі айқын болып, ал алыстағы заттардың түсі бұлыңғыр болып өзгереді. Қандай зат болмасын ұсақ және үлкен бөлшектерден құралады. Жақындағы заттардың ұсақ бөлшектері айқын болып көрінсе алыстағылары анық көріне бермейді.

Кейінгі сабақ экскурсия кезінде балалардың танысқан табиғат құбылыстарын еске түсіруден басталады. Табиғат көріністері бейнеленген бірнеше бейнелеу өнері шығармалары балаларға көрсетіледі. Олардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Картиналардағы түстердің байланысына, композициясына, заттардың ерекшеліктеріне, перспективасына және оны бейнелеу жолына көңіл аударылады.

Мұнан соң мұғалім өзі жасаған табиғат көріністерін балалар назарына ұсынады. Осыдан кейін оқушылар өздеріне ұнаған табиғат көріністерінің бірін бейнелеуге кіріседі. Бұл көрініс баланың жазғы каникул кезінде телевизордан, кинодан көрген көріністері болуы да мүмкін.

Табиғат көріністерін балалар ең бірінші қаламмен салып алады да, соңынан түрлі-түсті бояумен боялады. Оқушылар бейнелеу жұмыстарына кірісер алдында мұғалім табиғат көріністерін бейнелеу әдістерін көрсетіп береді. Табиғат  көріністерін бейнелеу кезеңінде мыналарды ескерген жөн: а) жақындағы заттардың көлемі үлкен, алыстағы заттардың көлемі кіші етіп бейнеленеді; б) жақындағы заттардың көлемі айқын, ал алыстағы заттардың түсін бұлыңғыр етіп бейнелеу қажет

Оқушылар бұл сабақта жақындағы және алыстағы ағаштарды, сол сияқты алыстағы және жақындағы үйлерді, жолдарды, өзенді және тауларды бейнеленуіне болады. Бірақ оқушылардың бейнелеу көріністерін өте көбейтіп, күрделендіруге болмайды.

Сабақтың соңында оқушылардың бейнелеу жұмыстарының қате дайындалғандары мен жақсы жұмыстарға талдау жасалып көрсетіледі.
Тағы рефераттар