Қоналға – қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік.

Хараж – алым-салық жүйесіне қатысты термин, өнім түріндегі рента негізінен «хараж» деген атпен мәлім; бұл терминнің синонимі – мал (Абдураимов М. А. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве в XVI – первой половине XIX века. Ташкент, 1970. Т. 2. С. 148)

Даруға – моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471).

Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі.

Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген (МИКХ. С. 500).

Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет)

Ауыл —  қазақ  халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас

жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.

Ата – аймақ — жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады.

Айттыру құдалығы — қыз бой жеткенде айттырылады.

Айыр қалпақ — аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың  мата  салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі.

Арқан — мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп.

Бесік құда — бала бесікте жатқанда уәделеседі.

Балбал — бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.

Бәдізші — тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.

Бұйда — түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.

Дәстүр — ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени                мұралардың  элементтері.

Ерулік — жаңадан көшіп келген үйді дәмге шақыру.

Ертұрман — салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық атауы

Жарапазан — тұрмыс-салт жырларының діни ұғымға байланысты түрі.

Желі — құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.

Жүз — бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.

Жайлау —  селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды

кеңістік ,  таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа.

Зеңгі баба — сиыр малының  пірі.

Киіз үй — жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл

құрама үй.

Кереге — киіз үйдің қабырғасы.

Кимешек — жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.

Көкірекше — жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім

Кебеже — азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.

Келі — тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан

жасалған құрал.

Кесене — діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Көген — қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған

қысқа жіптер.

Қамбар ата — жылқы малының пірі.

Құйысқан— ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Құрық — жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.

Қарын құда — бала анасының құрсағында жатқанда атастырылады.

Қозы күзем — қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл.

Мес — қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

Мәсі — ешкі терісінен  тігілетін жұмсақ аяқ киім

Мәдениет— материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетінадамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен

адамның тарихи даму деңгейі

Материалдық мәдениет— адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген

жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. игеруін, әлеуметтік —   психологиялық біліктілігін білдіреді.

Сыралғы — аңшылар ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы    адамдарға     достарына    байлап кететін дәстүр.

Сүйек жаңғырту құдалығы— ескі жекжаттардың қыз алысуы.

Сәукеле — қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі.

Сәулет өнері— адамның өнері мен күнкөріс тіршілігі үшін қажетті,материалды тұрғыда   ұйымдасқан  құрылым.

Саба — қымыз ашытуға арнап, жылқының терісінен жасалатын сыйымдылығы   мол ыдыс.

Тасаттық — құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.

Торсық — қымыз т.б.сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған   ыдыс.

Тоғыту — маусым айында тоқтыларды суға түсіріп жуындырады.

Туырлық —  керегені жабатын киіз.

Түндік — шаңырақты жабатын киіз.

Үзік —  уықты жабатын киіз.

Шекпен — түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.

Шаңырақ — киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі

Шекшек ата — ешкі түлігінің пірі.

Шопан ата — қой түлігінің пірі.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице – президент — президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.

Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.

Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция — әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа  бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.

Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице – президент — президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция — әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа  бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.

Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.


Тағы рефераттар