Тауарды топтастыру туралы қазақша реферат

Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады.

Дәстүрлі тауарларға тоқталайық:

1. Тұтыну тауарлары түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған тауарлар. Тұтыну уақытына сәйкес олар мынадай топтарға бөлінеді:

а) Ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар (мысалы, киім, автокөлік, телевизор, т.б.);

б) Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар бір мәрте немесе бірнеше рет тұтынатын тауарлар (салфетка, нан, тіс шаю пастасы, т.б.)

Ал тұтыну әдістеріне қарай олар мына топтарға бөлінеді:

а) Күнделікті сұраныстағы тауарлар. Оларды сатып алғанда тұтынушылар көп ойланбайды, салыстырып жатпайды, өйткені күнде алады. Соғән сәйкес ол тауарлар өзара былай бөлінеді;

* үздіксіз сұраныстағы тауарлар тұтынушылар үнемі сатып алатын тауарлар (тіс шаятын паста, сабын порошогы, шырпы т.б. с.с.);

*   импульстық (ойда жоқта сатып алынатын) тауарлар алдын ала сатып алуын жобаламаған және арнайы іздемейтін тауарлары (шоколад, сағыз, газет, сусындар, т.б.);

* төтенше сұраныс тауарлар кенеттен қажет қалыптасып сатып алынатын тауарлар, бұлар аяқ астында қатты мұқтаждық туған кезде сатып алынатын заттар (қолшатыры, дәрі, такси, т.б.).

б) Алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлары. Тұтынушы ол тауарларды көптен таңдайды, сатып алғанда оның жарамдылығын, сапасын, бағасын, сыртқы әдемілігін т.б. қасиеттерін салыстырып барып, сатып алады. Мысалы, жиһаздар, тұрмыстық электрозаттары, сыртқы киімдер солай сатып алынады. Олар өзара былайша бөлінеді:

* бір-біріне ұқсас тауарлар  түрі, сапасы бірдей, бірақ бағасы әртүрлі болады;

* ұқсас емес тауарлар бағасын елемей, тұтынушы оның фасонына, түсіне, түріне және т.б. көрсеткіштеріне көңіл аударады.

в) Ерекше сұраныстағы тауарлар бірегей сипаттамалары мен және жеке таңбалы тауарлары. Оларды сатып алу үшін кейде тұтынушылар бірқатар қосымша күш салады. Мысалы, автокөліктерді, фотожүйесін, мода тауарларын т.б. сатып алғанда.

г) Енжар (пассивті) сұраныстағы тауарлар. Оларды тұтынушылар білуі, немесе білмеуі мүмкін. Бірақ сатып алу жағын ойластырмайтын тауарлар (өмір қаупін сақтау, бейіттік учаскелер, энциклопедия және т.б. тауарлар).

2. Өнеркәсіп тауарлары. Олар өндіру үдерісіне қатысуына байланысты мынадай топтарға жіктеледі:

а) материалдар және бөлшектер өндірушінің тауарында толық қолданылатын заттар:

* шикізат,

* жартылай фабрикаттар, бөлшектер;

б) күрделі мүлік өндіру үдерісінде қолданылады және дайын заттың құнында жарым-жартылай орын алады. Олар тұрақты өндіріс құралы (мысалы, зауыт, станок және т.б.) және қосалқы жабдықтар;

в) қосалқы материалдар өндірілген заттың құрамына енбейтін тауарлар және объектілер, алайда жұмысқа керекті материалдар. Мысалы: станокты майлайтын материалдар, тас көмір, электроқуаты, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған материалдар, т.б.

3. Биржа тауарлары  дүниежүзілік экономикада маңызды роль атқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Мұндай тауарларға жататындар:

а) энергия көзі болатын тауарлар, мысалы, мұнай, газ, тас көмір;

б) азық-түлік тауарлар, мысалы, бидай, қант, жүгері, күріш, кофе;

в) стратегиялық тауарлар, мысалы, алтын, уран, платина;

г) металдар, мысалы, мыс, болат, күміс, т.б.
Тағы рефераттар