МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………3

1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ,АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

1.1. Тауарлы-материалдық  қорлардың қоймадағы есебі……4

1.2. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу …..8

1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы…….11

2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

2.1. Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері……15

2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті……16

2.3. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу……20

2.4. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу……..23

Қорытынды…….25

КІРІСПЕ

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.Экономиканың барлық саласындағы, кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жүмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік кұнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға жэне тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген:

—    тауарлы-материалдық қорлардың өзгерісі;

—    тауарлы-материалдық қорлардьщ өзіндік қүны және бағалануы;

—    шығындардың есептелуі;

—    есеп берудегі айқындама.

Тауарлы — материалдық қорлар субъектінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% құрайды, яғни пайда түсірудің негізгі көзі болып табылады. Негізгі мақсат:

—    Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;

—    Тауарлы-материалдық     қорлардың     қозғалысын     есептеу     кезінде жасалатын кұжаттар;

—    Тауарлы-материалдық  қорлардың  қоймадағы   жэне   бухгалтериядағы есебі;

—    Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;

—    Тауарлы-материалдық қорларды талдау;

—    Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.

курстық жұмыс / 26 бет


Тағы рефераттар