Тауарлық-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі туралы қазақша реферат

       Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы өндіріс процесіне қатысады және олардығ құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып  өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Колледжде тауарлық-материалдық қорлар келесідегідей активтер түрінде болады: материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс материалдары қосалқы бөлшектер, басқада материалдар, дайын өнім, тауарлар, аяқталмаған өндіріс

Бухгалтерлік есеп шоттың бірінші бөлімінде, яғни  қысқа марзімді активтер бөлімінде көрсетілген.

1300 Тауарлық-материалдық қорлар

1310 Шикізат пен материалдар

1320 Дайын өнім

1330 Тауарлар

1340 Аяқталмаған өндіріс

1350 Өзге қорлар

Тауарды қабылдаушы ұйым, ҚР Кабинет министірлігінің 9.11.1994ж №1240 ж, қаулысымен бекітілген, қнімдер мен тауарларды көлемі мен сапасына сай қабылдап алу тәртібі жайлы Нұсқауын  басшылыққа алуға болады.  Шоттардың үлгілік жоспарында, қолдану мерзіміне байланысты, есеп жүргізу шін төмендегі счеттарды қолданады: 1610 « Берілген қысқа мерзімді аванстар», 2910«Берілген ұзақ мерзімді аванстар »; 3310 «Қоюшылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитролық қарыздары», 4110 «Қоюшылар мен мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары».  Жеткізушілерден келіп түскен құндылықтар үшін , счет-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер және тағы басқа құжаттар толтыру талап етіледі, Құндылықтармен қоса келген құжаттарға сәйкес, қоймадағы материалдар есебін жүргізетін каточкалар толтырылады, сол арқылы материалдардың қозғалысы бақылауға алынады. Қоймадан жіберілетін материалдар үшін лимиттік-алым карточкасы толтырылады.

Егер колледжде тауар, сатып алушының қоймасынан немесе тасымалдайтын көлік мекемесінен алынатын болса, құндылықтарды алатын адамға  құжаттарымен қоса,  арнаулы  сенімхат беріледі. ҚР АК 167 бабына сәйкес , сенімхат дегеніміз мекеменің сенімді өкіліне берілген, жазбаша түрде өкілеттігң танылған, арнаулы құжат. Сенімхатқа мекеме басшысы мен бас бухгалтер қол қойып, қолдарын мөрмен расталады.  Сенімді өкіл, тауарды алған күннен ертеңіне, толық алған алмағанына қарамастан, бухгалтерияға алып келген заттары бойынша құжаттарын, оларды материалды жауапкершілігі бар  тұлғаларға тапсырғандығы жөніндегі құжаттарын тапсырып , есеп береді.

ТМҚ-ның бухгалтериядағы есебі.  Колледжде материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Бухгалтерияда материалдың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдарың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда, қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

         ТМҚ-ның есептен шығарылуы. ТМҚ-лардың есептен шығарылуы типтік формаларының (талап,акт т.б.) негізініде, бас директордың қолдауымен жүргізіледі және сәйкес кіріс түскен кезде шығысқа жатқызылады. Егер ескірудің, бұзылудың салдарынан ТМҚ-лар өзіндік құнын өтей алмаса, онда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі қорларды сатылу мерзіміне қарай өткізілу мүмкіндігін таза құнымен бағалайды.

           ТМҚ-ны түгендеу.  Колледжде  коймадағы ТМҚ-рға жоспарлы түгендеу жылына бір рет 1 қаңтарда жүргізіледі. Түгендеуді жүргізу үшін басшының бұйрығымен комиссия тағайындалады. Сонымен қатар әрбір бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

Колледжде түгендеу комиссиясы материалдың қалдығын өлшеу арқылы олардың сақталып тұрған жерлері бойынша түгендеу тізімін жазып кәсіпорын бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне комиссияның барлық мүшелері қол қоюға тиіс.

Колледжде түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Колледжде түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алады. Ол жазбаша түсінік кезінде түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдың қандай себептен болғанын анықтайды және келешекте осындай жағдай қайталанбас үшін тиісті шара қолданады. Ал артық шыққан материалдар кәсіпорынның кірісіне алынады.

             Шаруашылық операция мазмұны Дебет Кредит
Жеткізушілер мен мердігерлерден шикізаттар келіп түсті 1310 3310
Келіп түскен шикізаттар негізгі өндіріске босатылды 8110 1310
Негізгі өндірістен шыққан өнім кірістелді 1320 8110
Сатып алушыларға дайын өнім жөнелтілді.

Оның ішінде 13% ҚҚС

1210 1320

 

3130

Сатып алушылардан банктегі есеп шотқа ақша қаражаты келіп түсті 1030 1210
Жеткізушілермен есеп айырысты 3310 1030
Бюджетке түскен ҚҚС аударылды 3130 1030

( № 38-63қосымшалар)

Жеткізушілермен есеп айырысу есебі.

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартка отырады.

Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып кояды. Журналдың деректерін 3310 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады.

.

Тағы рефераттар