Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.

     Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ – ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.

2000 жылдың 1 желтоқсанына еліміздің халық саны (есепті деректер бойынша) 14843,7 мың адам болды, саның ішінде 8284,1 мыңы (55,8)- қала және 6559,6 мыңы (44,2) село тұрғындары.

2000 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың табиғи өсімі – 64,3 мың адам болды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңдегісінен 6,6 көп (1) Табиғи өсім шамасының артуы еліміздің 10 аймағында (Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан  облыстарынан басқаларында) байқалды.

Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда.

2000 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық (Қарағанды, Қостанай, Қызылордадан басқа) облыстарында өсті.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бала туу деңгейі республикалық орташа деңгейден жоғары (1000 адамға – 17,3 22,8 нәресте).

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Сотүстік Қазақстан облыстарында халықтың өлу деңгейі жоғары (1000 адамға –11,8-12,6 өлім) Төрт облыста (Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан)  өлгендер саны туылғандардан басым, яғни табиғи кему процесі жүріп жатыр.

Республикадағы барлық тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларының еншісінде, мұның өзінде Батыс Қазақстан. Өңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында осы себептерден өнім үлесі осы аймақтарда өлгендердің жалпы санынан 50 жоғары.

2000 жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 жасқа дейінгі 3,9 мың нәрістенің шетінегені тіркелді немесе бұл 1000 нәрестеге 19,5 жағдай (1999 жылғы қаңтар – қарашада – 4 мын немесе 1000 нәрестеге 20,2 шетінеу).

2000 жылдың есепті кезеңінде сәбилер өнімінің деңгейі өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда Алматы (1000 туылғанның 16-дан 13,9 на дейін), Ақмола (23,8 ден 16,8 ге дейін), Атырау (21,1 ден – 18,2 ге дейін), Батыс Қазақстан (20,7-ден-18,7 ге дейін), Қарағанды (20,5 тен 19-ға дейін), Маңғыстау (30,5 тен 25,8-ге дейін). Солтүстік Қазақстан (18,7 ден 16,4-ке дейін) облыстарында және Алматы (16,2-ден 15-ке дейін) Астана қалаларында (18,1 – ден 16,3 – ке дейін) кеміді.

Алайда сәбилердің шетінеуі Павлодар (1999 жылдың қаңтар – қарашасындағы 25-тен 2000 жылғы қаңтар – қарашада 25,8 – ге дейін), Жамбыл (21,4 тен 23,9 ға дейін), Қызылорда (22,5 тен 23,3 – ке дейін), Қостанай (20,8 – ден 22,1 – ге дейін) және Ақтөбе (18,5-тен 22-ге дейін) көбейгені атап айту керек. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу себептерінің құрылымында аса жоғары (60-дан астам) бағалы салмақ тыныс алу органдары мен шарана кезінде пайда болатын патологиялық ауруларға түсіп түр. Ал 1-5жасар сәбилер көбінесі қабынудан шетінейді (осы жастағылардың жалпы санының 17,6).

2000 жылдың 11 айында елімізді тұтастай алғанда тіркелген неке – 83,8 мың, ажырусы 25,3 мың (немесе 1000 адамға 6,2 неке қиылып, 1,9 ажырасу), ал 1999 жылғы қаңтар – қарашада тиісінше 78,9 мың неке және 23,6 мың ажырасу немесе 1000 адамға 5,8 неке қиылып, 1,7 ажырасу орын алды.

2000 жылғы қаңтар-қарашада көшіп қонушылар саны – 347, 6 мың адам (1999 жылғы осы кезеңде – 346 мың болған). 1999 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда былтыр еліміздегі халықтың көшіп-қонуынан шеккен шығыны 2,2 қысқарып, 116,7 мың адам болды.

Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды  болды. 2000 жылдың 11 айында жалпы көшіп-кетушілердің 75 процент осы елдерге кетті. Сыртқы көшіп-қону бойынша жаппай кетушілік Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында орын алды. Кетушілердің арасында орыстар (58,5) мен немістердің (18,5) сыбағалы салмағы ересен.

ТМД   елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайыз- немістер.

2000 жылдың қаңтар – қарашасында еліміздің шегінде олай-былай орын ауыстыру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9 мың адамға немесе 6,9 процент – қа көбейген. Мұның өзінде көшіп-қону қарқының көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда былтыр 114 болса, 1999 жылғы қаңтар-қарашада 106 еді. Облыс аралық алмасуда теріс көшіп-қону сальдосы республиканың көптеген облыстарында орын алды, аса көбі Алматы (-2,9 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-2,8 мың), Қостанай (-2,5 мың), Шығыс Қазақстан (2,4 мың) және Жамбыл (-2,2 мың) облыстарында байқалды. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді.

Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда

Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларды, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Турғындардың урбанизациялану деңгейіне қарай Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 82,2 пайыз), Маңғыстау (78,4 пайыз), Павлодар (63,4), Қызылорда (60,5) , Шығыс Қазақстан (58,8), Атырау (58,2), Ақтөбе (56,2) Қостанай (54,2) облыстары ерекшелінеді.

Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны  70 – жылдардың соңынан бері қарай кемуде. Қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп отыр, яғни тұрғындардың 53,4 –ың құрайды. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 40,1 пайыз болатын. Сонымен 1930 жылдардан соң, қазақтар өз Отанында алғаш рет сан жағынан көп ұлтқа айналды. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғиөсімінің нәтижесі және елден қазақ мемес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Монғолия, Иран) және талу (Ресей, Өзбекстан, Түркменистан) шетелдерден елге оралуы да жер етуде. Орыстар 1969 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1582399 адамға кеміді.

Олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайды. Осылайша орыстардың елдегі үлес салмағы 37,4 процентен 30 пайызға түсті. Елдегі кейбір басқа этностардың да саны кемуде. Немістер-593414 адамға, Украиндар – 328637 адамға,татарлар – 71793 адамға, белорустар – 66011 адамға, Әзірбайжандар – 10656 адамға, кәрістер – 1074 адамға азайды. Ал, Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр халқының саны мен үлес салмағы артуда. Өзбектер 39621 адамға, яғни 2,5 пайызға көбейіп, 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға, яғни 1,4 пайызға көбейіп, 210365 адамды құрады.

Республикадағы ұлттарда жаныстық арасалмақ әркелкі. Ерлердің үлесі 1000 әйелге шаққанда қазақтарда 978, ұйғырларда 999, орыстарда 843, татарларда 842, украиндарда 872 адамнан келеді. Әзірбайжандар мен өзбектер арасында ер азаматтардың саны басым 1000 әйелге әзірбайжанның 1014 ер азаматы, өзбектің 1015 ер азаматы келеді. Ауылды жерлердегі қазақтар арасында ерлердің саны басымырақ. Орта есеппен онда 1000 әйелге 1020 ер келеді. Бұл Маңғыстаудан басқа облыстардың бәріне тән. 1000 әйелге Қызылорда облысында 1058, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында – 1040, Шығыс Қазақстан облысында – 1029, Ақмола облысында – 1026, Жамбыл облысында – 1023, Ақтөбе облысында 1021 ер азаматтан келеді (1). Барлық облыстар бойынша қалалардағы әйелдер саны басым болып, жыныстық арасалмақтағы үйлесімсіздік тереңдей түсуде. Мәселен, 1989 жылы қалаларда ер адамдар тұрғындардың 47,5 пайызын құраса, 1999 жылы 46,7 деңгейіне түсті. 1989 жылы 1000 әйелге 907 ер адам келсе, 1999 жылы 879 ер адамнан келді.

Республика тұрғындарының жастық құрылымындатуудың төмендеуіне байланысты ересек адамдардың санының артып, қартаюы белең алуда. 1990 жылы 9 жасқа дейінгі балалар тұрғындардың 22 процентін құраса, 1999 жылы17,8 процент құрады. Жалпы 19 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы 41 проценттан 37,8 пайызға түсіп кетті. Керісінше 60 жастан асқандар 1990 жылы 9 процент болса, 1999 10,8 –пайызға көтеріледі.

Мұндай жағдай көбінесе орыс, украин және белорус халықтарына тән. 60 жастан асқандар орыстар арасында 17 процент, украиндар арасында 24,7 процент, белорустар арасында 23,8 процент. Қазақтар тұрғындар ішіндегі жас халық, орташа жасы – 25 себебі олардың басым көпшілігі – балалар мен жастар.

Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардыңжастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғурлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғурлым өңіп-өсу қарқынды жүреді. Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен – ді. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалаықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес.

1. Национальный состав населения Республики Қазақстан Т.4. часть 1. Население Республики Казахстан по национальности. Полу и возрасту Итоги переписи населения 1999 года в РК А. 2000 49-237 б.

Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып түр.

90 – жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды.

Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған.

1988 жылдан бастап республикада туу азал бастады. Қазақстанда бірінде бір әйелге 2,5 баладан келеді. Ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1,5 баладан) мен Солтүстік, Шығыс өңірлерінің (бір әйелге 1,8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке оңтүстік өңір (бір әйелге 3,4 баладан) тұрғындары ие. Тұрғындарының басым көпшілігін қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылуда. Көпке дейін қазақтар арасында туылудың азаюы ашық байқала қойған жоқ еді, тек 90-жылдардың ортасынан туу көрсеткіші бәсеңдей түсті. Қазақ әйелдерінің туу коэффициенті қазір 3,1 процентке тең. Бала туудың бәсеңдеуі Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне де тән бола бастады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында бір әйелге орта есеппен 3,2 ден 3,6 баладан келеді (1) Бұл қазақтардың да біртіндеп көп балалықтан бас тарта бастағанын оңғартады. Орыс, украин әйелдері, қазақ әйелдеріне қарағанда әлдеқайда аз басанады. Олардың бір әйеліне 1,7 баладан келеді.

Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзірленді және 5 жылға есептелген.

Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негізгі процентерді: өсіп-өнетін денсаулық жағдайын жақсарту және бала туудыынталандыру жөнінде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлімді және көші-қонды реттеуге, халықтың өлімін азайтуға, көші-қонды реттеуге бағытталған.

ТМД елдерінде 1990 жылдары өлім-жетімнің артуы демографиялық ділгірлікке айналды. Белорус, Украина елдерінде өнім-жетім туу коэффициентінен артып түсті. 90- жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда да өлім-жетім коэффициенті артып, 1990 жылы 7,7 промильден 1995 жылы 10,7 промиль көрсеткішіне дейін жетті. Бірақ кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастады. (1996 ж – 10,7; 1997 ж. – 10,4; 1998 ж. – 10,2; 1999 ж. – 9,8 промиль). Дегенмен Қазақстанның кейбір облыстарында өлім – жетім орта көрсеткіштен асып түсуде. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында өлім – жетім жоғары деңгейде (13,0 промиль). Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 12,0 промиль болып тұр. (1)

Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 1999 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. 1999 ж. қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өнім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас (1)

Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңдірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым көбейді.

Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. 100 мың адамға шаққанда 1997 жылы 3015,4 адам, 1999 жылы 2439,2 адам жұқпалы аурумен ауырған.

Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық теріс сальдо. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты.

Көші – қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.

Қазақстаннан көшушілер, негізінен, толу шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. (2). Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды. Ресейге көшушілер легінің азаюы онда еңбек рыногы толғандығын айғақтайды. Ресейден кейін толу шетелдер арасында қоныс аударушыларды қызықтыратын елдер қатарына Белорус, Украина және Өзбекстан жатады.

Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық акуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек.

Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұлмәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда.

Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.
Тағы рефераттар