Телефонограмма – телефон байланыс арнасы арқылы ауызша берілетін және алушы жазып алатын құжат.
Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы немесе жауапты орындаушы қол қояды. Егер телефонограмма бірнеше адресатқа жіберілетін болса, онда оған жіберілетін жерлердің телефон нөмірлері көрсетіле отырып, тізімі қоса тіркеледі.
Телефонограмма үлгісі
ТЕЛЕФОНОГРАММА
20.05.2007 ж. № 17
сағ.:15:25
Бұқаралық ақпарат құралдарына
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 2007 жылдың 29 мамырында сағат 15.00-де «Достық» үйінің мәжіліс залында «Жаһандану дәуіріндегі мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел өтеді.
Президент Жеке қолы ______________
Хабарлаған хатшы
Ш. Шәкенова Тел.: 271-66-49 |
Қабылдаған үйлестіруші
Н. Айдынова Тел. 255-45-52 сағат 15.40 |
Телефонограмма мәтіні 59 сөзден аспауы керек. Айтылуы қиын сөздер мен күрделі сөз тіркестерін қолданбаған жөн. Хабарлағаннан кейін оның дұрыстығын қайтадан оқып, пысықтау қажет.
Қабылданған телефонограммалар журналға тіркеледі.
Тағы рефераттар
- Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
- Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне шолу
- Гидроқұмтамшылы перфорация
- Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
- Экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері