Бейнежазу  криминалистикада   қылмысты   ашу  мен  тергеу   мақсатында  қолданылады.

Бейнетаспаға  жазу-киноға  түсіру   мен  суретке  түсірудің  алдында  беделі  басым. Ол  ыңғайлы,   технологиялы  және  ұтымды. Алынатын  материалдар  лабораториялық  жөндеуді  талап  етпейді,  ал  олардың  сапасы  бейнежазудың  орындалу   шарасы  бойынша  қадағаланады.  Бейнежазу   бейне   мен  дыбысты  теңдей  тіркеп  түсіруге  мүмкіндік  туғызады.

Бейнежазу  тергелуші  әрекеттің  процесі  мен  қорытындысын  тіркеуші  қосымша  құрал  ретінде  қолданылады. Ол  динамикадағы,  оны  жүргізудегі  қатысушылардың ерекшеліктерін,  не  ауыр  және  құрастырылған  жағдайдың  көлемін  көрнекі  құрал  ретінде  ұсынуға  қажетті  әрекеттерді  тіркеуді  талап  етеді.

Тергеу  әрекеттерінің  тактикалық   ерекшеліктері   және  жағдайдағы   мәселелерді  шешуде  суреттегі  қалатын  негіз  бейнежазу  түрлері  мен  әдістерін  анықтайды.

Бейнежазудың  басында  тергеуші  өзін  таныстырып  (атағын, қызметін, фамилиясын  атайды)  өтеді,  содан  кейін  бейнежазуды  пайдаланып  қылмыстық  іс  бойынша  тергеу  әрекетінің    жүруін   түсіндіреді. Соңынан  ол  тергеу  әректіне  қатысушыларды   жеке  атап  өтеді (ірі  жобамен  түсіріледі), түсірілген  күнді,  мерзімді,  орынды  және  түсіруші   тұлғаны  атайды.

Мына  істерді   жүргізгенде   бейнежазуды  қолданудың  қажеті  өте  көп:

а)  өрт,  көліктік  апаттар  болған  жайында   оқиға  туралы   барынша  ақпаратты  жедел   бекітуге  қажетті   жерлерді  қарауда;

ә) бағалы  заттар  мен  құрылыс  құралдарын  алу,  оларды  тыққан  жерлерін  тінту  әдістерін  бекіткенде;

б) тергеуші   тәжірибе-сапалы  әрекеттер  мен  олардың  салдарын  бекіткенде;

в) сұрақ-жауап  алу,  аудармашылардың  қатысуымен   жүргізілетін   беттестіруде.

Фото-кино-бейне  құжаттарды  криминалистік  зерттеу

       Фото-кино-бейнетехника,  дыбысжазу  аппаратураларының   кең  таралуына  байланысты  оларды  пайдалану   нәтижелері (аппаратураның  өзі  де)  қылмысты  тергеу  барысында  жиі  заттай  дәлелдеме  ретінде  қарастырылады.

Фотосуреттер,  бейнеленталар  және   бейнепленкалар: әр  түрлі   объектілердің  материалдық   бекітілген   бейнелері   болып   табылады. Сезіктілерден   алынған   тергеу  кезінде  жасалған   бұл  құжаттар  қылмыс  оқиғасына   байланысты  немесе  тергеу  процесіне  қатысты (тергеу  әрекетінің  барысы  мен   нәтижелерін жазу) мәліметтерді  қамтиды. Аталған  құжаттарды  көп  жағдайда  оқиғаға  қатысушыларды  анықтау  үшін  оның  сипаты  мен  даму  сатыларын (қоғамдық   тәртіпсіздік,  өрт  кезінде  құжаттық  немесе  жедел  түсіру)   анықтау  үшін  зерттейді. Кейде  құжат,  кино-пленка,  бейнепленка  мазмұнының  өзгеріске  түскенін,  мәселен,  фотосуретті  қайта  түсіріп   монтаждағанын  анықтау  қажеттілігі  туындайды.

Фотомонтаж  белгілеріне  бейненің  жеке  бөліктерінің-бас  дене,  киім  шеттерінің  аса  боялуы  жатады.

Жалған   бейнепленкалар  мен  киноленталарды  жасау  кезінде  олардың  бөліктерін  қиып  алып  тастайды  немесе  қосымша  желімдейді. Мұндай  әрекеттердің  белгілері   бейнелердің,  жапсырылған  орындардың  кенет  өзгеруінен  көрінеді. Жасалған   қылмыстың  мән-жайын  анықтауға  фонограмма  қамтитын  ақпараттың   маңызы  зор. Фонограммалар  қылмыс  жасау  құралы (мәселен,  қорқыту  және  шошыту  үшін,  қорқытып  алу  мақсатында  пайдаланылған),  оларды  жалған  жасау  кезіндегі   қылмыстық  қолсұғушылық  заттары  және  тергеу  әрекетінің  барысын  немесе  қылмысты  ашу  процесінде  жүзеге  асырылатын  жедел-іздестіру  шараларын   бекіту  нәтижелері  болуы  мүмкін.

Аталған  жағдайларда  зерттеу  объектілері  ретінде   магнитті  ленталар,  сымдар,  дискілер  және  басқа  ақпарат  тасушылар  болады. Олар  іздердің  екі  тобын,  механикалық   және  электроакустикалық  әсер  ету  іздерін  қамтиды. Механикалық  іздер  лента-созу   тетігі  мен  дыбысжазу  құралынан  пайда  болады. Ол  іздер  лентаның  дыбыс  жазылатын  жағында  шағын    және  ірі  жолдар  түрінде   қалады. Оларды  сәйкестендіру  мақсатында   пайдалануға  болады.

Лентаның   магниттік  қабаты  мен  жазатын  басының  өзара  әрекеттестігі  нәтижесінде  электроакустикалық  іздер  пайда   болады. Олар  ғана  емес,  сонымен  бірге  магнитофонның  да  белгілерін:  дыбыс  жолдары  саны  мен  олардың  көлемін,  лентаның  жылжу  жылдамдығын,  лентасозу  тетігінің  шуын,  жазуды  қосумен,  тоқтауын, т.б. сипаттайды. Аталған  объектілер   мен іздер  тобын  зерттеу  арқылы  магниттік  лентаны  монтаждау   белгілерін,  яғни  жазудың   сүйемелдеуге  сәйкессіздігін,  электрлік  соғу  сипатының  әр   түрлілігін,  магниттік  лента  бөлшектері  сапасының  әр  түрлілігін,  желімдеген  жерлерінің  болуын және т.б.  анықтауға  болады.

Фото-кино-бейнеқұжаттарды   криминалистік  зерттеу   барысында  түсіретін  және  зертханалық  аппаратура,  позитивтер   бойынша  негативтер,  фотосуреттерде  бейнеленген  заттар,  құрылыстар,  жергілікті  учаскелер,  сәулесезгіш  материалдар  мен  химиялық  реактивтер,  бейне  және  аудиожазба,  құралдары, фонограммада  жазылған  адам  дауыстары  және  басқа  объектілер  сәйкестендірілуі  мүмкін.

Ішкі  істер  органдарында  қылмысты  тергеу  және  ашу  міндеттерін  орындау  үшін  құрамына  бір  қатар  құжаттар  енетін  белгілі  объектілердің  криминалистік  есебі  ұйымдастырылған. Құжаттарды  криминалистік  есепке  алудың  негізгі  міндеті  жалған  құжаттарды табу  және оларды   пайдаланушы  тұлғалардың  қылмыстық  әрекетін  тоқтатудан,  кейбір  жалған  құжаттарды  жасаумен  айналасушы  тұлғаларды  анықтаудан  және қылмысты  тергеумен  байланысты  басқа да  міндеттерді  орындаудан  тұрады.

                                               Әдебиеттер 

1 Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу   кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.

2 Қазақстан  Республикасының Қылмыстық  кодексіне түсінік. − Алматы, 2001. − 693 б.

3 Белкин Р.С. Криминалистическая  энциклопедия. − М. : Издательство БЕК, 1997. − 250 с.

4 Жәкішев Е. Криминалистік   тактика. − Алматы: Жеті  жарғы, 1997. − 250 б.

5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық  техника. − Алматы, 1959. − 100 б.

6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың   пәндік  сипаттамасы  және     методологиялық  негізі. Алматы, Қазақ  университеті, 1991. −   120 б.

7 Порубов.Н.И. Курс  криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000. − 130 с.

8 Энциклопедия судебной  экспертизы / под. ред. Аверьяновой. Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.

9 Крылов  И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.

10 Исаев А.А. Теоретические  и  правовые  проблемы применения  специальных  познаний  для   квалификации преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.

11 Криминалистика / под  ред. д-ра  юрид. наук, проф. Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.

12 Возгрин И.А. О  структуре   методик  расследования отдельных  видов  преступлений (Вопросы  теории  и практики  борьбы  с  преступностью. − Л., 1974. − 120 с.

13 Колесниченко А.Н. Общие  положения  методики расследования  отдельных  видов  преступлений. − Харьков,               1976. − 220 с.

14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер», 2002. − 146 б.

15  Абуов А.Ғ. Криминалистика  негіздері. – Алматы: «Жеті           Жарғы», 2004. − 256 б.

16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. :  «Лекс         Эст»,  2003. − 376 с.

17 Васильев А.Н. Следственная  тактика. − М., 1976. −160 с.

18 Белкин Р.С. Курс  криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.

19 Саханова Т.В. Судебная  экспертиза. − М. : Городец, 2000. − 230 с.

20 Образцов В.А. Криминалистика: курс  лекций. − М., 1996. − 208 с.

21 Буринский.Е.Ф. Құжаттардың  сот  сараптамасы,  онқолдану  мен  жүзеге  асыру. − СПб., 1903. − 2005 б.

22 Трегубов С.Н. Қылмыстық  техниканың  негізі. − СПб.,  1915. − 260 б.

23 Бразоль Б.Л. Тергеу  бөлімі  бойынша  очерктер. Тарих.            Тәжірибе. − СПб., 1916. − 354 б.

24 Потапов С. М. Сот  фотографиясы: оқу құралы. − Ресей, 1926. − 200 б.

25 Якимов. И.Н. Қылмыстық  құралдармен  тәсілдерді  қолдану:    Оқулық. − Ресей, 1925. − 300 б.

26  Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика: оқу- әдістемелік  құрал. − Қарағанды, 2003. − 228 б.

27 Гинзбург А.Я., Белкин   Р.С. Криминалистическая  тактика.   − Алматы, 1998. − 170 с.

28 Дулова А.В. Судебная  фотография.  − Минск, 1978. − 108 с.

.

Тағы рефераттар