Технологиялардың жоғарғы қарқынмен дамуы туралы қазақша реферат

Технологиялардың жоғарғы қарқынмен дамуымен қатар тұтынушылардың талғамы да артуда. Бұл құбылыс арқылы сапа көрсеткіштерінің маңыздылығы өсіп келеді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдерінде халықаралық стандарттарды енгізу талабы қойылды.

Халықаралық деңгейдегі сапаға қойылатын талаптар ИСО 9000 сериясымен анықталады. 1987 жылы Стандарттау жөніндегі ХҰ  және АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен ИСО 9000 сериялы 5 Халықаралық стандарт бекітілді. Бұл стандарттарда өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі талаптар, өнімді дайындау, ұйымдық бақылау және өнімді сынақтан өткізу, өнімді қолдану, сақтау және тасымалдауда қолданылатын талаптар жасалып бекітілді.

Американдық маман А. Фейгенбаумның пікірінше: «сапа бұл эвангелизм емес, рационалды ұсыныс емес, бұл өмір сүру образы».

Американдық фирмалар барлық назарды өнімнің сапасын бақылауға аударады. Өнімнің сапасын басқаруда арнайы бөлімшелер өндірісті сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін өндіріске кететін шығындарды зерттеп, талдап отырады. Өнімнің сапасын жетілдіруде американдық фирмалар орташа шамамен өнімді өткізілген соманың 3-5%-ын жұмсайды. Ал, фирма басшылары өзінің жұмыс уақытының 50%-ын сапа төңірегіндегі сұрақтарға бөледі.

Батыс Еуропалық елдерде өнімнің сапасын қамтамасыз етуде ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің ұлттық стандарттары  және 29 000 сериялы EN Еуропалық стандарттары қолданылады. Белгіленген стандарттар жоғары сапаның кепілі болып табылады.

Еуропалық нарықта кәсіпорындар бірқалыпты қызмет жасауы үшін, өндірілетін өнімдер тәуелсіз ұйыммен сертификатталады. Сонымен қатар өнімнің сапасын бақылауды және бағалауды жүзеге асыруда сынақ зертханалары және қызметкерлер аккредитациядан  өткізіледі.

Отандық кәсіпкерлердің өнім сапасын жетілдіру Қазақстан экономикасы үшін өзекті мәселе болып табылады. Әлемдік нарықта бәсекелесу үшін отандық таурлар мен қызметтердің сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы қажет. Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттарды енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, 2010 жылға дейін отандық кәсіпорындарындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасы және т.б.     Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы – 2005
  2. Кане М. М., Иванов Б. В., Корешков В. Н., Схиртладзе А. Г.       «Системы, методы и инструменты менеджмента качества» Питер- 2008 ж.
  3. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

Алматы -2001 ж.

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж.
  2. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы — 2003  ж
  3. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
  4. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
  5. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.
  6. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж
  7. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы — 2003  ж
  8. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын  кәсіпкерлікті  басқару», Алматы –

2002 ж

  1. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
  2. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.
    1. «Управление качеством»    С.Н.Нысанбаев, Н.А.Урузбаева,
    2.      Г.А. Садыханова,  Алматы «Қазақ университеті» 2000ж
    3.  «Системы менеджмента качества организаций высшего профессионального образования»  Ж.А.Кулекеев, Г.Г.Пивень, М.Р.Нургужин, Ш.М.Капанова, И.П.Падиарова,  Караганда Издательство КарГТУ –  2004
    4. «Стандартизация, метрология и сертификация»  И.М. Лифиц

3-е издание   Москва.Юрайт.2004

  1.  «Сертификаттау» К. Сағадиев, А. Смағұлов, Б. Барақбаев, А. Қалиев, Алматы 2000
  2.  www.students.ru/referats
  3.  www.klubok.net/index.
  4. www.edu.gov.kz
  5. www.khabar.kz

Тағы рефераттар