Төлем көзінен ұсталатын салықтар туралы қазақша реферат. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан үсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:

—      дивиденттер;

—   депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);

—   ұтыс;

— занды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);

—   бағалы кағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.

Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса жөне оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығынын зачетына жатқызылады.

Резидент емес занды түлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің катарына мыналар жатады:

—     өнімді, жұмысты, кызметті сатқаннан алынған табыстары;

—  басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;

—    мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;

— талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;

—  айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бүл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;

—  дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;

—     роялти нысанында алынған табыстары;

—     жалға беруден алған табыстары;

—  халықаралык   тасымалдау процесінде транспорттық  қызмет көрсетуден алған табысы;

—     резиденттердің төлеген ұтыстары;

—     тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;

—     баска да қызметтерден түсетін табыстары.

Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындагы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі 3140 пассивтік шотында жүреді.

Жеке табыс салықты төлеуші Салық салынатын объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
Салық салынатын объектісі бар Төлем көзінен алатын табысына салатын салық

 

 

Төлем көзінен алатын табысына салмайтын салықтар

  1. ұтыс, марапаттау, дивиденд түріндегі табысы (сақтандыру қоры бойынша марапаттауды қоспағанда) – 15%
  2. адвокаттар және жеке нотариустар — 10%
  3. басқа да табыстар: — 15 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейіні – салық салынатын табыстың сомасынан 5%; 15 еседен 40 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін – 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +10% одан артық сомадан; 40 еседен 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін – 40 еселнген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +20% одан артық сомадан; 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан әрі қарай – 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық салу сомасы +30% одан артық сомадан

Күнтізбелік жылы

Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан Республикасының резиденттік емес жеке тұлғасы Төлем көзінен алатын табысына салынатын және салынбайтын салықтар Резиденттік емес жеке тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері төменде текс бойынша келтірілген  

 

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салык салынбайтын табысқа салық төлеушнің келесі табыс түрлсрі жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.

Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жекс шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып болінеді.

Салық салу мақсатыңда жеке тұлға, егер де олар келесі тұжырымдамалардың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан Рсспубликасының резиденті болып саналады:

—    Қазакстан Республикасына занды жолымен келген (тұрғылыісгы болу үшін);

—      Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген;

—   Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген. Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні

ағымдағы жылы 31 калеңдарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салық кезеңімен аякталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем болмаса, онда ол «біршама уақытқа келген» деген тұжырымдамаға сәйкес келеді.

.

Тағы рефераттар