Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар. (1сағат) Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Топырақтың түзілуіндегі гипергенез үрдісіне,  үгілудің физикалық, химиялық, биологиялық түрлеріне және топырақ түзуші факторларға талдау жасау.

Семинар сұрақтары:

1. Тау жыныстарының үгілуі туралы түсінік.

2. Топырақ түзуші факторлар

3. Топырақ жамылғысына антропогендік ықпал.

  1. Гипергенді минералдар.

Әдістемелік нұсқаулар:

Алғашқы сұраққа әзірлік барысында студенттер топырақтың түзілуіндегі гипергенез үрдісімен және оның физикалық, химиялық, биологиялық түрлерімен танысулары керек. Табиғат күштерінің әсіресе, температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топырақка әсері ерекше. Бірақ физикалық  және химиялық  үгілу өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы — физикалық та  емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс. Ол өсімдіктердің үгітілген тау жыныстарында өсе бастауынан басталады. Сол үшін тау жыныстарының үгілу үрдісіндегі биологиялық құбылыстардың  атқаратын қызметіне  тоқталып өткен жөн.

Екінші сұрақта  қарастырылатын мәселе — топырақ түзуші негізгі алты фактор: ауа райы, тау жыныстары, жоғарғы және төменгі өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші.

Топырақ жамылғысының антропогендік ластануы мен одан  топырақты қорғау бүгінгі күннің өзекті проблемасы. Адам қоғамының топырақ түзу үрдісіне тигізетін әсері өзгеше. Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көптеген өзгерістер енгізді. Топырақты көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар қолдану топырақтың бұрынғы табиғи қасиеттерін өзгертті. Көптеген аймақтарда топырақ құнарлылығының жойылуы антропогендік әрекеттерден болып отырғаны белгілі. Сондықтан да топырақтың антропогендік ластану себептерін және топырақ құнарлылығын арттыру мен оны антропогендік ластанудан қорғаудың жолдарын айқындайтын материалдарды мән беріп оқу қажет.

Келесі сұрақта студенттер  жер қыртысының үстінде және оның жоғарғы бөліктерінде атмосфераның, гидросфераның және биосфераның қатысуымен өтетін гипергендік үрдістермен (химиялық ажырау, тотығу, еру, гидраттану, корбонаттану т.б)  танысып, топырақта жүретін осы үрдістердің жүру ерекшелі- гін, минералды заттардың химиялық және физикалық өзгеріске түсу жолдарын ажырата білулері қажет.

Әдебиеттер:

1. ГлазовскаяМ.А., Геннадиев А.Н. География почв с основами почвоведения   Учебник  — М.: МГУ, 1995, -400с.            

2. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

3. Роде А. А. Генезис почв и современные процессы почвообразования. -М.: Наука, 1989. -720 с.

4.Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993.

Рефераттар тақырыптары:

1. Топырақ түзілу үрдісі және топырақ түзуші факторлар.

2. Топырақтың түзілуіндегі микроағзалардың  ролі.

3. Топырақтың түзілуіндегі жануарлардың ролі.
Тағы рефераттар